10 апта зж тежеу жүйесінің тораптарын реттеу Жұмыстың мақсаты



Дата11.04.2022
өлшемі368,92 Kb.
#138884
Байланысты:
10 апта ЗЖ-5


10 апта ЗЖ-5. Тежеу жүйесінің тораптарын реттеу


Жұмыстың мақсаты: Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ жүйесінің реттеуін меңгеру


Қарастырылатын мәселелер:
1. Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тежеу жүйесінің құрылысы.
2.Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ жүйесін реттеу.


Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тежеу жүйесінің құрылысы

1 — рычаг; 2 — алдыңғы трос; 3 — гайка; 4 — кронштейн; 5 және 8 — артқы тростар; 6 — ажырату буындары; 7 — жетек рычагы; 9 — теңестіргіш


Сурет 1- Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ жүйесі


1 — доңғалағының цилиндірін бекіту болты; 2 — доңғалақ цилиндрі; 3 — сығымдау клапаны; 4 — тежеу қалқаны; 5 — колодка; 6 — қорғаныс қалқаны; 7 — поршень; 8 — тірек сақинасы; 9, 10, 14 и 28 — серіппелер; 11 — ажырату буыны; 12 — тұрақ тежегішінің жетек рычагы; 13 — колодкаларды екіту пластинасы; 15 — шплинт; 16 — гайка; 17 және 18 — шайбалар; 19 — болт; 20 және 22 — тығындар; 21 және 23 — эксцентрик втулкалары; 24 — эксцентрик; 25 —эксцентрик осі; 26 — гайка; 27 — табақшалар; 29 — стержень; 30 — тұрақ тежеу жүйесінің тросы


Сурет 2 - Газель ГАЗ-2705 автомобилінің артқы доңғалақтарының тежеу механизмі

Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ тежегіші реттеуден басқа жөндеуді қажетсінбейді. Трос жетегінің жағдайын тексеру қажет. Следует проверить состояние тросового привода. Қорғаныс қабаты немесе трос зақымданғанда жағдайда трос толық жиынтығымен ауыстырылады. Тұрақ тежеуді тапылжытпайтын іске қосатын бөлшектер қажалған жағдайда оларды ауыстыру қажет.




2.Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ тежегішінің жетегін реттеу

Егер Газель ГАЗ-2705 автомобилі тұрақ тежегіші рычагымен 1 (сурет 1) 600 Н (60 кгк) күшпен одан да үлкен күшпен тежегенде рычаг тісті сектордың шеткі жағдайында фиксирленеді, яғни жетектің реттеуін келесі ретте жүзеге асырылады:


- жетек рычагын шеткі төменгі жағдайға орнатады;
- артқы доңғалақтың тежеу механизмінің тығындарын 20 (сурет 2) алады.
17 мм болатын кілт- жұлдызшаны падаланып тежегіштерінің бірінің реттеу механизімінің эксцентригінің бекіту гайкасын1,0—1,5 айналымға азайтады;
- ажырату буыны 11 мен рычаг арасындағы саңылауды жою, ол үшін арнайы құбырлы өлшемі 9 мм болатын кілтпен эксцентрик болтын 25 стрелкамен көрсетілген бағытта бұрылуға кедергі сезілгенше бұрады, ол колодкалардың ажыратылуына байланысты болады (колодкалардың қозғалысының басталуын қалқандағы көру терезесі анықтауға болады);
- эксцентриктің бекіту гайкасын колодкалардың ажыратылуының басталу жағдайында24—35 Нм (2,4— 3,5 кг см) моментімен тартады. Бұл жағдайда 9 мм кілт көмегімен эксцентрик болтын 25 бұрылуын болдырмайды;
- Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тежеу механизмінің тығынын орнату;
- тростардың 5 және 8(сурет 2) ұштықтарының және теңестіргіштің 9 оймаларының арасындағы саңылауларының бар жоғын тексереді. Кронштейндегі 4 тростарды бекіту гайкаларын тартумен саңылауларды жояды.
Реттеуден кейін теңестіргіш кронштейннің алдыңғы қабырғаснан Б арақашықтығында және автомобильдің бойлық осіне перпендикуляр болатындай реттеулер жүргізілуі тиіс.
Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ тежеу жетегі дұрыс реттелгенде, жетек рычагы 600 Н (60 кгк) күштеуде болғанда, ол бекіту механизмінің 15 тісінен артыққа жылжымауы тиіс.
Бақылауға арналған сұрақтар


1. Газель ГАЗ-2705 автомобилінің тұрақ тежегіші реттеу реті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет