270
қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім
беруді
ақпараттандыру
жағдайында
оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық
мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Оқытушы
сабағында ақпараттық – коммуникациялық техноло-
гияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі
түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық
технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің
бірі. Соның ішінде ең көп тарағаны-компьютермен
жұмыс жасау.
Компьютер
арқылы
оқытудың
мынадай
артықшылықтары бар:
-материалдың қол жетімді болуы мен қызық баянда-
луын (көп жағдайда ойын түрінде) қамтамасыз етеді;
-көркем
шығармаларды
ұжымдық
талдауға
мүмкіндік береді;
-оқулық материалы қайталанбайды;
-диалектикалық сұлба, кесте, зерттеу материалдары
болады;
-анықтама материалының, сөздік мақалаларының,
ғалымдар туралы туралы деректердің тез арада табы-
луы қамтамасыз етіледі;
-өз бетімен орындалатын жұмысқа қажет
материалдың мол болады;
-меңгерілген материалды өздігінен тексерген-
де өзіне баға қоюдың ойын тәсілдерінің болуымен
ерекшеленеді;
-зерделенетін материалдың білім алушылардың
жұмыс карталарында міндетті белгіленуі (шолу
тақырыптары) көрсетіледі;
-материалдың кіріктіріліп баяндалуы. Шектес
ғылымдар (тарих, ӘКӘ (әлемдік көркем әдебиет),
бейнелеу өнері, музыка...) материалын тартуға мол
мүмкіншілік болады[4].
Сондай-ақ АКТ-ны қолдану барысында білім
алушының психалогиялық және жас ерекшелігі
ескеріліп, олардың әрбірінің өзіндік қабылдауының
жетекші арнасына сай (аудиал, киестет, визуал)
тапсырманың қолайлы түрін таңдауға мүмкіндік
беріледі. Бекіту және қайталау кезеңдерінде
бақылау жүргізуге компьютерлік тесттер ыңғайлы.
Өйткені қағазға басылған тестіден гөрі, мониторға
шығатын тестілерді орындау білім алушыға қолайлы
әрі қызығырақ. Компьютер еліміздің тұрмыс-
тіршілігіне енгеннен бастап қазақ тілі мен әдебиет
пәнін нәтижелі оқытуға мүмкіндік беретін жоба-
көрсетілім (проект-презентация) кең қолданысқа ие
болды. Сабақтың бұндай әдіс-тәсілін, яғни жоба-
көрсетілімін оқушылар өздері де орындай алатын
болды. Дегенмен ақпараттық мәдениетті тек компью-
терде жұмыс істей білу деп т.сіну қате пікір, ол- кез
келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді,
энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін,
теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана
білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе
білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде
қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен
өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне
әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.
Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары
бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, де-
бат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты
– оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және
оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың
компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін,
тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп,
оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз
ететін оқытушы. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы
өте көп. Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi
оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap
жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар,
электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық
оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жа-
тыр. :аңа инновациялық педагогикалық технология
қағидалары басшылыққа алынып жасалған электрон-
ды оқулықтардың басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-
әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап ала-
тындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,
дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту[5].
Қорыта келгенде заманауи технологияларға
негізделген білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ
тіл мен әдебиет сабақтарында пайдалану оқушы-
студенттердің әлемдік бәсекеге қабілетті маман,
ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді бойына жинаған
өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптастыруда зор рөл
атқарады. Бұл технология өскелең ұрпақты оқыту
мен дамыту сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік
береді. Адамгершілігі мол, рухани дүниесі кең аза-
мат етіп тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі
жағдайда білім беруде ақпараттық технология-
ларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру жайлы жазылған ойы-
мызды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға
тоқталамыз:
-білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай
жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау;
-интерактивті тақталар мен мультимедиялық каби-
неттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық
оқулықтармен қамтамасыз ету;
-білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық техно-
логияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру кур-
старын жиі ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: