247
мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс-
әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік
тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың
білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту форма-
лары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық.
Проблемалық сұрақтар оқушылардың белсенді
әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой
түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық
дербестігін,
шығармашылық
дағдыларын
қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой
қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады.
Оқушыға етістік сияқты күрделі сөз табын
меңгертуде қазіргі заманға сай жаңа технология-
лар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы
біз оқушының ойлау қабілетін арттырумен қатар,
оқушылардың тілін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауға,
өз бетінше ізденуге дағдыландырамыз. «Біреу
балаларға сұрақ қоюды үйрететін кітап жазса ғой, сон-
да ол нағыз педагогика болар еді» деп ғалымдар атап
көрсеткендей сұрақтар стратегиясын қолдану тиімді
тәсілдердің бірі.
1) Сұрақтар стратегиясы.
Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады.
Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ
қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады?
Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексе-
ру үшін т.б. Сұрақ – ойдан туады. Өз тыныштығын
қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды,
өйткені сұрақ – ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай
сұрақ қоямын, қалай қоямын? т.б. Сұрақ қою әдісін
сабақтың үш кезеңінде де қолдануға болады.
2) Венн диаграммасы стратегиясы.
Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға
берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал
айқасқан жерге екеуінің ортақ сипаттары тізіледі. Венн
диаграммасын «Мағынаны тану» бөлімінде қолдану
тиімді.
2)
Топтау стратегиялары.
Тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі сөздерді
графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра оты-
ра, тақырыпты дөңгелектер мен сызықтар арқылы
жүйемен толтыру. Мысалы ең ортасындағы дөңгелек
тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын
ашатын негізгі ұғымдар.
Мысалы, сен көсемше туралы не білесің деген
тақырып бойынша оқушының жасаған жұмысы:
Осындай талаптарға сай ұйымдастырылған,
қолданылған байқау әдісі оқушыларға тілдік
фактілерді тануға, соның негізінде етістік жөнінде
ереже /ой қорытындысын/ айтуға және сол ережені
фактілер арқылы берік, саналы түрде еске сақтауына,
белсенділігін арттыруға, өздігінен жұмыс істеу
қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: