279
Этические эвфемизмы заключаются главным образом,
в смягчении понятий или в замене родного слова сло-
вом из какого-либо иностранного языка»[2, 8 б.].
Табу мен эвфемизмдердің пайда болу себептері алу-
ан түрлі: этикалық, саяси, мифологиялық-діни және
т.б. болуы да мүмкін.
Табу мен эвфемизмдердің зерттелуі түркі тілдері ма-
териалдарында да көптеп кездеседі. Мәселен, қазақ тіл
білімінде Ә. Ахметовтің [3], әзірбайжан тілінде – Х.Д.
Жаппаровтың [4], өзбек тілінде – Н. Исматуллаевтың
[5], тува тілінде – Ш.Ч. Саттың [6] және т.б. еңбектері
бар екендігі мәлім. Алтай түркі тілдес халықтарының
материалдары бойынша Н.А. Баскаков [7], қазақ,
қырғыз, өзбек тілдері бойынша И. Лауде-Циртаустас
[8] мақала жазды.
Табу – (кең мағынасында) полинезиялық «tapu»
сөзінен шыққан – белгілі бір іс-әрекеттерді (қандай да
бір заттарды, тағамдарды, сусынды қолдануға) жүзеге
асыруға салынатын ерекше тыйым немесе қандай да
бір сөздерді (әсіресе, жалқы есімдерді) айтуға салы-
натын тыйым. Этнография мен әлеуметтануда бұл
ұғым ұлттық реңкі бар пайымдарды белгілеу үшін
қолданылады.
Гректерде «ayos» сөзі табу ұғымын білдіреді. Го-
мер дәуірінің өзінде-ақ патшалар, тайпа басшылары,
көсемдердің мал-мүлігі, қару-жарағы, көлігі, әскери
топтағы күзетшілері киелі болып саналған. Сондай-ақ
соғыс кезінде балық жеуге, кейіннен шошқадан жа-
сайтын тағамдарды жеуге тиым салған. Себебі Крит
аралында шошқалар киелі мал – тотем ретінде сана-
лып, тағам ретінде қолданылмаған. Оны құрбандыққа
шалуға да тиым салған. Гомер шығармаларында
шошқалар киелі малға, шошқа бағушылар киелі
адамдарға жатқызылған.
Табу сөздердің негізінде шындыққа деген салттық
көзқарас болады. Болмыс әлемі жанды, естиді,
сөйлейді, саналы, яғни мифологиялық дүние
қабылдауда аңдар, табиғат, заттар және т.б. тірі, саналы
нәрселер болған. Көрнекті этнограф және фольклор-
шы Д.К. Зеленин алғашқы сөздік тыйымдар алғашқы
қауымдық аңшылардың қарапайым ғана абай болуы-
нан (абайла ушылығынан) пайда болған деп есептейді:
олар адам тілін түсінетін қырағы аңдар сөздерін естіп
қойып, қақпан мен садақтан құтылып кетуі мүмкін деп
ойлады [9, 110 б.].
Сөздік табулар мен қазақ табу сөздерінің көзі
тек аңшылық қана емес, сондай-ақ өз кезінде Ш.
Уәлиханов әскери жорықтардың ықпалы болғанын ай-
тады. Ә. Қайдар атап көрсеткендей: “У тюркских на-
родов была выработана целая система табуирования.
Под табуирование подпадали самые различные аспек-
ты религиозно-анимистического, мифологического,
астрологического и других верований” [10, 46 б.].
Түркі тілдерінің көпшілігінде табуға айналған
«қасқыр», «бөрі» дегендердің қазақ тілінде олардың
орнына қолданылып жүрген «ит-құс», «ұлыма» де-
ген сөздер этнографиялық мәнге ие болған. Өйткені,
оның лексикалық мағынасынан бөлек дәстүрлі наным-
сенімдерден туындайтын, атын атаса «ит-құс» малға
шабады немесе адамға қастандық істейді деген сияқты
түсінік қалыптасқан.
Табу терминінің ауқымы кең, себебі мұндай сөздер
тек тиым салынған сөздермен ғана шектелмейді,
адам тарапынан жасамауға тиіс кейбір іс-әрекеттерді,
белгілі бір адамға, ішіп-жеуге болмайтын ас-суға
қатысты сөздерді де қамтиды.
Табу сөзбен эвфемизмнің арасында қандай байла-
ныс бар, неліктен көбіне екеуі қатар айтылады деген
мәселеге тоқтала кетсек, ең алдымен эвфемизмдерді
тудыратын табу сөздер деп білсек, кейде тіпті табу
сөздер эвфемизмдерді тудырып қана қоймай, оларға
үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасында бой
жасырады. Сондықтан олар табусыз эвфемизм,
эвфемизмсіз табу өмір сүре алмайды. Осындай табу
мен эвфемизмдердің арасындағы себеп-салдарлы
тығыз байланысты Ә.Қ. Ахметов былайша көрсетеді:
«…табу мен эвфемизмдердің арасындағы байла-
нысты себеп пен салдар деп қараған жөн, өйткені
эвфемизмдерді тудыратын табу. Сондықтан да олар
бірінсіз бірі жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді
тудырып қана қоймай, оларға үнемі өз орнын беріп, өзі
солардың тасасында бой жасырады» [3, 7 б.].
Сонымен тілдің лексикалық жүйесі құрылымдарын,
тіл мен ойлаудың, тіл мен индивидтің байланысын, тіл
мен қоғамның байланысын тереңдете зерттеуде табу
мен эвфемизмдердің беретін деректері мол. Этикеттік
нормамен ұштасып жататын эвфемизм құбылысы
тілдің сөздік құрамын байытады, синонимдік қатарын
көбейтеді, функционалды-стильдік айырымдарын
тереңдетеді, тіл мәдениетін, адамның жеке мәдениетін,
сөз мәдениеті нормаларын қалыптастыруға ықпал
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: