1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет224/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) 
деңгей. 2012ж
2.ҚР БжҒМ Білім бағдарламасы, сәуір, 2017ж.
3.Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды 
меңгеру факторы//2009
4.Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық тех
-
нологиялар. – Алматы, 2001.
5.Бәкірова Ш. Электронды оқулықтың маңызы зор// 
Қазақстан мектебі. – 2004. - №11.


271
 
С.МұРАТБЕКОВ шЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСТАР
Қожамбердиева Гуляим Пернебаевна
№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
Түйіндеме. 
Мақалада жазушы С.Мұратбеков туындыларындағы жеке қолданыстар қарастырылған.
summary:
The article provides for personal use in the works by writer S. Muratbekov.
2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бой-
ынша ең көп оқылған шығармалар ішінен Сай-
ын Мұратбековтің «Жусан иісі» атты туындысы 
таңдалып алынды. С. Мұратбеков шығармалары 
тіл көркемдігімен, образдардың бейнелілігімен, 
оқиғалардың 
тартымдылығымен, 
суреттеудің 
шынайылығымен оқырмандарын баурайды. «Жусан 
иісі» повесі халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен 
қазақ ауылының, замандастарының тыныс – тіршілігін 
шынайы сомдаған. Шығарма сюжеті Аян атты 
жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде 
болған оқиғалар. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз 
әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен. Жа-
зушы Аянның ішкі болмысынан, тайған тобығының 
азабынан да ауыр жан жарасынан таратып баяндай-
ды. «Жусан иісі» повесі – қазақ әдебиетінің көркемдік 
көкжиегін кеңейткен шығарма.
Сайын Мұратбековтің шығармашылығы туралы 
сыншы Бақытжан Майтанов былай дейді: «Сайын 
Мұратбеков шығармашылығындағы шынайылығы, 
өмірсүйгіштік қуаты арқылы бұл көркемдік 
тенденцияның қоғам тынысын әсіресе жарқын 
тұстарынан барынша жан-жақты бейнелеу талаптарын 
жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән тудырмайды. 
Ол роман жазған жоқ. Оның романы – әңгімелері. Ал 
әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған. 
Қаламгер бақыты сондай-ақ болсын...». 
Сaйын Мұрaтбeков – қaзaқ прозaсындa орны 
aйқын, көркeмдік әлeмімeн бaурaғaн жaзушының 
бірі. Жaзушының шығaрмaлaры орыс, өзбeк, тaтaр, 
укрaин, бeлорус, грузин, әзірбaйжaн, литвa, aрaб 
тілдeріндe жaрық көргeн [1]. Жaзушы Тәуeлсіз 
«Тaрлaн» сыйлығының, М. Әуeзов aтындaғы әдeби 
сыйлықтың жәнe Мeмлeкeттік сыйлықтың лaурeaты. 
Қaзaқтың көрнeкті қaлaмгeрі Сaйын Мұрaтбeковтың 
шығaрмaлaры оқырмaндaрғa кeңінeн мәлім. «Жусaн 
иісі» повeсін кeзіндe оқырмaндaр жылы қaбылдaп, 
ыстық ықылaсын білдіргeн. Қaлaмгeр әңгімeлeрінің 
бaсты тaқырыбы мeн көтeргeн өзeкті мәсeлeсі - aуыл 
өмірі мeн әлeумeттік жaғдaйдың өзaрa бaйлaнысын 
сурeттeу aрқылы кeйіпкeрдің aзaмaттық тaбиғи бол-
мысын, aдaмгeршілік позициясын, рухaни тaзaлығын, 
жaн сұлулығын, нәзік құбылыстaрын, сaн қырлы 
қaйшылықтaрын, 
психологиялық 
этюдтeрмeн 
өрнeктeу. Осы мaқсaттa, aуыл aдaмдaрының 
aдaлдығын, aңқылдaқ, кіршіксіз aқкөңіл мінeздeрін, 
бaуырмaлдығын, ішкі ой-сeзім иірімдeрін, мұңы 
мeн мұрaтын көркeмдeйді, күйкі тірлікті мінeп, 
оқырмaндaрынa ой сaлaды. Көркeм әдeбиeттe тілдік 
eрeкшeліктe, сөйлeм құрaудaғы өзіндік критeрийлeр
aйқын бaйқaлaды.
Жазушының ерекше қолданыстары. Қойшы-ей, мы-
нау дөй ғой-ей, – деп Есікбай сілекейін Аянға тағы 
жақты.
Жазушы қолданысындағы дөй сөзі оқыған кезде 
ерекше әсер қалдырды. Дөкей сөзімен тектес болуы 
мүмкін. Бірақ бұл сөз де автордың шығармасына әр 
беріп тұрған ерекше қолданыстардың бірі деп санауға 
болады. 
Бұдан басқа төмендегі мысалдарда кездесетін 
бұраңдап, солтақтап, титықтап деген бейнелеуіш 
сөздер кейіпкер мінезі мен портретін жасаудағы 
ұтымды, ойнақы, қабылдауға жеңіл қолданыстар деп 
ойлаймыз. Қазіргі кинолардағы секілді іші толған ли-
ризм, драма, трагедиясы бар адамның сезім пернелерін 
тап басатын туынды. Сонымен қатар шығармадағы 
адам қайғысын ауыр еңсені басатын сөздермен бер-
мей, бала жасына сәйкестендіріп, жеңіл ойнақылық 
беретін сөздерді де қолданған. 
Тек бір кезде Есікбай: – Ойбай!.. – деп баж ете түсті 
де, бір жағына қарай бұраңдап жығыла берді. Аян 
оның қолын бұрап жіберген екен.
Тобығы тайған аяғын жер сыпырғандай көлденеңінен 
сүйретіп солтақтап басатын болды.
Ертеден кешке дейін өгіз үстінде жұлынып «цоп, 
цобелей» бергеннен тамағымыз жыртыла ауырып, 
дойыр қамшы қарымызды талдырып, біз де әбден 
титықтайтынбыз.
Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең күн ашық болады, 
– деп қойды үлкен кісіше.
Енді біреу менің құлағыма сыбырлап: – «Нуы» деген 
не-ей? – деп сұрады. – Білмеймін, – дедім мен де. Бірақ 
бұл сөздің мағынасын сұрап алуға батпадық.
Осындағы автордың негізгі ойы – ну сөзінің 
мағынасы. Қазіргі кезде бұл сөз тек қана ну орман 
деген тіркесте ғана қолданылып, қолыданылу аясы 
тарылғандығынбілдіріп, автор оқырман назарын 
осыған аударып отырған секілді. Бұл болашақта әрбір 
ұлттық тіліміздің сөздік құрамын толықтырып тұрған 
сөздерге үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін 
түсіндіріп тұрғандай. 
Автордың қолданысындағы мына бір туынды сөзге 
тоқталайық. «Шынында да, ей, менің шарығымнан су 
өтіп кетті, жүріңдер, ат қораның төбесіне барайық», – 
десіп сетіней бастайтынбыз.
Осы мысалдағы сетінеу деген сөз бізді ерекше 
қызықтырды. Сетінеу сөзінің мағынасы – қазіргі 
тілімізде киімнің жібінің сетінеуі мағынасында 
қолданылады. Яғни жіптің сөгілуі, матадан (киімнен) 
ажырауы. Ал мұндағы жазушы тіліндегі сетінеу 
мағынасы да адамдардың бір-бірінен ажырауы 


272
мағынасында қолданылып отыр. Егер сетінеу сөзі же-
келей қолданылатын болса, біз оны түсінбей қалушы 
едік. Мәтін ішіндегі ой желісі негізінде түсіндік. 
Бұлайша мәтін ыңғайындағы сөз мағынасын түсіну 
арқылы көптеген сөздердің мәні ашылады. Осы жер-
де біздің ойымызға сетінеу сөзі мен шетінеу сөзінің 
мағыналары ұқсас деген ой келді. Себебі сетінеу сөзі 
де ажырау деген мағынаны беретін болса, шетінеу 
сөзі де адамзат қоғамынан ажырады деген ұғымды 
береді. Ендеше с ~ш дыбыстарының сәйкесуі арқылы 
да туынды сөз жасалып тұрғанын көреміз. Бірақ 
мәтінде шетінеу сөзі кездеспейді. Біз бұл сөзді Сайын 
Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасындағы сетінеу 
сөзінің қолданысына байланысты туған ой болатын. 
Жазушы қолданысындағы үстеулер. Қазіргі қазақ 
тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әртүрлі 
белгісін, жүзеге асу амал-тәсілдерін, мекенін, себебін, 
мезгілін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық 
тұлғалармен түрленбейтін сөздер. Үстеулердің 
негізгі грамматикалық белгісі – олардың түрленбеуі. 
Яғни көптелмейді, септелмейді, жіктелмейді. Қазақ 
тіліндегі үстеулер өзге сөз таптары секілді түбір 
үстеулер, туынд үстеулер және күрделі үстеулер деп 
бөлінеді. Біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес туын-
ды үстеулерді қарастырамыз. 
Үстеу сөздердің семантикасын Е.Б. Саурықов қазіргі 
қазақ, түркі, өзбек тілдері негізінде зерттеп, олардың 
түп негізін зерделейді. Ол адвербиалдану процесінің 
құрылымдық-семантикалық сипатын қарастыруда 
лексика-семантикалық тәсілдер ықпалымен пайда 
болатын сөздер тобының ерекшелігін назардан тыс 
қалдыруға болмайтынын жазады. Негізгі тақырып 
үстеу сөздерге қатысты болған соң сөздердің сөз та-
бына ауысуындағы тек үстеулерге ғана тән белгілерді 
атап көрсетеді [2, 29 б.]. Себебі үстеу сөз табы – 
түгелдей өзге сөз таптарының негізінде ауысқан 
сөздер. Көне түркі және қазіргі қазақ, өзбек, түрік 
тілдері деректері негізінде адвербиалдану процесінің 
құрылымдық-семантикалық сипатын көрсеткен Е. 
Саурықов үстеулердің негізгі лексика-семантикалық, 
морфологиялық және синтаксистік белгілерін анықтап, 
қамтып жазады.
Септік жалғаулары арқылы жасалған туынды 
үстеулер. Тілімізде барыс, жатыс, шығыс, көмектес 
септіктерінің жалғаулары арқылы жасалған ад-
вербиалданып үстеуге көшкен сөздер бар. Сайын 
Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасында ба-
рыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған туынды 
үстеулер кездескен жоқ. Ал жатыс септігінің көнеленуі 
арқылы жасалған туынды үстеулер кездесті. Оның бірі 
– «баяғыда» үстеуі. 
Баяғыда бір жетім бала бопты... – деп бастай 
жөнеледі деген мысалдағы баяғыда – деген сөз туын-
ды үстеу. Бұдан өзге күнде – Шынында да, бұл күнде 
Аян қайда екен; лезде – Жел өтінде лезде лапылдап 
көтеріліп кетті; 
Шығыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған 
үстеулер мыналар: «Онан соң шалқасынан түсіп көзі 
бажырайып, кірпік қақпастан үйдің төбесіне тесірейе 
қарап ұзақ жатты».
«Күнде сабақтан кейін үйіне келісімен төр алдына 
етбетінен түсіп, сиялы қарындашты тілімен жалап 
қойып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты үсті-
үстіне жазатын да жататын».
Маған қарады да өз-өзінен жымиып күлді.
Сонымен қатар мынадай күрделі үстеулер де 
кездеседі: Ендігәрі өлсем де темекі тартпаспын, – деді.
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған үстеулер де 
кездеседі. Оған мына мысалды келтіруімізге болады. 
У-шу боп, біреулері төмен қарай оқша зулап 
шанасының табанынан от жарқылдап бара жатқанда, 
енді бір шұбалған топ шаналарын сүйретіп жоғарыға 
өрлеп бара жататын...
Жазушының шығармаларында туынды үстеулерді 
бәрі де, атап айтқанда: морфологиялық жолмен жұрнақ 
жалғану арқылы жасалған, синтаксистік тәсілмен 
жасалған күрделі үстеулер және семантикалық жолмен 
жасалған адвербиалданған үстеулер кездеседі екен. 
Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсілі 
арқылы жасалған сөздер: 
мысалдары туынды сөз
Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады 
екен. Сыр+ғана+қ
Зу+ла+т+ып
Жым-жырт айлы түнде әлгі бір ғана шананың өзі 
гүрілдеп, жер көшіп келе жатқандай дүбір шығарады.
Ай+лы
Гүр+іл+де+п
Ай жарығында анық көрінді: жүзі жайнаң қағып, екі 
иінінен алқына дем алады. 
Жай+на+ң
– Жүр, ойнайсың ба! – деп дауыстай сөйледі. 
Ойн+а+й+сың
Дауыс+та+й
Айлы түнде шанаға сиқырлы қанат бітеді… – деді де 
Аян жүгіре жөнелді. 
Сиқыр+лы
Сөзжасамның аналитикалық (синтаксистік) тәсілі 
арқылы жасалған сөздер:
мысалдары туынды сөз
– Аян… О, желкең қиылсын сенің. Аян дейді ғой. 
Аян дейді… Таста әрі!.. Желкең қиылсын! 
Маған шынында да ол теуіп жүрген шанаға сиқырлы 
қанат біткендей көрінді. сиқырлы қанат біткендей
Дәл мен тұрған тұста кішкентай төмпешік бар бо-
латын, зулап келген шана әлгі төмпешікке жеткенде 
есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от 
жарқ етіп өте шықты. есік пен төрдей жер
Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие 
көрген өзіне.
шатаққұмар
Екеуі шартпа-шұрт белдескен кезде, ол Аянды 
белінен қапсыра қысып, қайқайтып бойымен басты.
шартпа-шұрт
Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз 
қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді.
айна-қатесіз
Үш-төрт күн өткен соң, әбден үйренісіп алғаннан 
кейін ұрынарға қара таппай жүретін Есікбай басқа 
балаларға істейтін қылығын Аянға да істеді. 
ұрынарға қара таппай 
Жүр, ал Есікбай көкеңнің жұдырығын иіскегің кеп 
тұрса.
жұдырығын иіскегің 
Дәл біздің хат тануымызды күтіп жүргендей-ақ екі 
айдан кейін Иманжанов қатты науқастанып, төсек тар-


273
тып жатып қалды.
төсек тартып, хат тану
Сөзжасамның семантикалық (мағыналық) тәсілі 
арқылы жасалған сөздер: 
мысалдары туынды
Бірде, түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың алдында 
далаға шыққам. Бірде- сын есім + жатыс септігінің 
жалғауы
Бірде – мағыналық даму арқылы жасалған үстеу
Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады 
екен.
Біреу – қанша деген сұраққа жауап беретін жинақтық 
сан есім
Біреу – белгісіздік есімдігі
Қорыта келгенде, Сайын Мұратбековтің «Жусан 
иісі» шығармасында туынды сөздердің барлық түрі 
кездеседі. Бұл, әрине, жазушының өз қолымен жасаған 
жеке туынды сөздері емес. Бұрыннан бар, халық 
тілінде қолданылып жүрген туынды сөздер. Дегенмен, 
Сайын Мұратбековтің аталған шығармасында оккази-
онал қолданыстары да баршылық. 
Өзіне ғана тән жеке қолданыстарының көбісі 
кейіпкерді суреттеуде кездеседі. Жоғарыда келтірілген 
мысалдардан 
жазушының 
еліктеу 
сөздерден 
жасалған туынды сөздерді ойнатып, түрлендіріп 
қолданатындығын байқадық. Солтақтау, бұраңдап, 
сидаң, шоңқаң, далпылдап, шап ету, гүрс ету, 
сықылықтау, танауын тыржиту, кейкию, шірену, 
ыржақтау, шілбию деген секілді еліктеуіштерден туған 
етістіктерді ойнатып, Ғабит Мүсіреповше айтсақ, 
сөздердің сәулелерін бір-біріне түсіріп, әдемі, орынды 
қолдана білген. 
Бұдан өзге жазушының жеке қолданысы деп тануға 
тұрарлық тағыбір сөзі – тұмсықтату сөзі. Жылап 
жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, 
Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді.
Бұрындары қазақ тілінде тұмсығынан соғу (періп 
жіберу, ұру), тұмсығын қанату деген тіркестерді 
кездестіргенмен, тұмсықтату деген туынды сөзді 
алғаш рет кездестіріп отырмыз. Демек, автордың 
жеке қолданысы ретінде осы сөзді, туынды сөзді 
айтуымызға болады.
«Жұлдыздың нуы» деген тіркес те жазушы тілінде 
алғаш рет қолданылып отыр. Себебі осыған дейін ну 
сөзін тек ну орман тіркесі арқылы ғана қолданыста 
бар екендігін байқаған едік. «Жусанның иісін» оқи 
отырып, осы жаңа қолданысты кездестірдік. Біздің 
ойымызша, автор ну деген сөзге салмақ сала оатарып, 
кейіпкеріне осы сөздің мәнісін сұратады. Қазақтың 
қаншама сөздерінің қолданыс аясы тарылып, 
мағынасы солғындап бара жатқанына автордың өзі де 
қынжылатын сияқты. Ұлттық тіліміздің барлық нәрін 
толық пайдалану – жастардың үлесінде. 
Бұдан өзге сетінеу сөзінің талдамасын өз тарапы-
мыздан қосып отырмыз. Осындай мысалдар арқылы 
қазақ тілінің терең де қатпарлы мәнін түсінуімізге жол 
ашылады. 
Қорытындылай келе, Сайын Мұратбековтің 
«Жусан иісі» шығармасындағы туынды сөздер 
тақырыбындағы жұмыс алғаш рет жазылып отыр. Тек 
қана бір шығармасын талдау арқылы қаншама жаңа, 
тың қолданыстарды кездестіріп отырмыз. Болашақта 
өзге де шығармаларын тереңірек қарастырып, олардағы 
жазушының тілін, сөздік қолданысын қарастырсақ де-
ген ойымыз бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет