«Кітапхана айдынында» оқырман бенефисі С. Сейфуллин атындағы ОҚК 17. 11. 2017 жыл сағ-11. 00



Дата27.02.2020
өлшемі55 Kb.
#58620
«Кітапхана айдынында» оқырман бенефисі

С.Сейфуллин атындағы ОҚК

17.11.2017 жыл сағ-11.00

Жүргізуші

Құрметті қатысушылар, бүгінгі «Кітапхана айдынында» тақырыбында өткізілгелі отырған оқырман бенефисіне қош келдіңіздер!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бөлігі «Туған жер» бағдарламасын іске асырудағы басты бағыттардың бірі кітап оқитын қоғамды қалыптастыру болатын. Осыған орай, елімізде түрлі шаралардың жүргізіліп жатқаны анық. Біз де жас буынның кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханамыздың үздік оқырманын таңдап алып, бенефисін өткізуді жөн көріп отырмыз.

Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап дегенде әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен, біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы - кітап деп бекер айтпаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес шығар. Адам ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу – миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал М.Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап.





Міне бүгінгі жас ұрпаққа кітаптың пайдасы мен маңыздылығын таныту мақсатында ұйымдастырылып отырған оқырман бенефисінің басты кейіпкері кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мұқажанов Тілеуқадыр атамызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Тілеуқадыр ата кітапханамыздан кітап алып оқып қана қоймай, оқығанымен, ойға түйгенімен өзге оқырмандармен бөлісіп, кітапхана аясындағы түрлі іс-шараларға қатысып, өзінің білімін, парасат-пайымын ортаға салып, бар ықыласымен жастарға бағыт-бағдар беріп келе жатыр. Жастайынан кітап оқуға, білімге құшар өскен Тілеуқадыр атамыздың сауаттылығын, жауапкершілігін осы іс-шараларға қатысып, түрлі тақырыптарға әр қырынан өздігінен дайындалып, тіпті, тың дүниелерден де мәліметтер ұсынғанынан байқадық. Бұл оқырманымыздың салиқалылығын, адами тұлғасын және жауапкершілігін ескере отырып биылғы жылдың Үздік оқырманы ретінде таңдап алып, жас буынға үлгі болсын деген ниетпен оқырман бенефисінің басты кейіпкері ретінде шақырып отырмыз.



Оқырманның өмірбаяны, қызметі, оқыған кітаптары таныстырылады




Тілеуқадыр атаны таныстыра кетсек, 1941 жылы Ақтоғай ауданы, Қаратал совхозында дүниеге келген. 1950-54 жылдары «Сона» елдімекенінде бастауыш сыныпты тәмамдап, 1954-59 жылдары Ақмолада Жамбыл атындағы мектепте оқып, қоғам қайраткері әрі ағайыны Рахымжан Шаяхметовтың қолында тәрбиеленеді. «Целиноград ауылшаруашылық институтынан» агроном мамандығын алып, 1 жыл әскери борышын өтеп келеді. Әскерден келген соң бірден еңбекке араласқан Тілеуқадыр ата 40 жыл бойы үздіксіз 4 кеңшарда (Қызыларай, Қаратал, Жәмші, Еңбек совхозы) қызмет етеді. Еңбек жолында жүріп білімін үзбей жалғастырып, жаңалықтар мен өзгерістерден қалмай білімін шыңдап отырады. Қайратты мінез бен болаттай шыдамдылықты талап ететін ауыл тіршілігінен тәртіп, тәрбие, адамгершілік, еңбекке деген адалдық секілді асыл қасиеттерді бойына жиған атамыз қалаға келгеннен кейін де бар білген-түйгенін жастарға үйретуден жалыққан емес. Қалалық «Балқаш сазы» оркестрінде мүшелік ете жүріп, түрлі қалалық іс-шараларға қатысып атсалысып жүр.Енді толығырақ мәліметті бүгінгі кейіпкеріміздің өз аузынан естиік.

Оқырман Тілеуқадыр атаның сөзі

Жүргізуші


Кітап – адам жанының айнасы дейміз. Сіздің кітап оқуға құштарлығыңыз қашан, қалай оянды? Сізге ерекше әсер беріп, жүрегіңізге жақын болған қандай шығарма? Оқырмандарға ұсынар кітабыңыз? Осы сұрақтар төңірегінде айтсаңыз.

Оқырман Тілеуқадыр атаның сұрақтарға жауап беруі

Жүргізуші

Тілеуқадыр ата кітапхана оқырмандарына өзі оқыған біраз кітаптарды ұсынған болатын. Оның ішінде жергілікті жазушы Ж.Башардың «Пешене», Жомарт Әбдіхалықтың «Ақселеуге жаздым хат», Амантай Қалымбергеновтың «Орыспайдың тоғаны», түрік жазушысы Орхан Памуктың «Сезім музейі» және тағы да басқа шығармалар. Жалпы Тілеуқадыр ата әрбір оқыған кітабына талдау жасап, ой ойын кітапханашыларға айтып отырады. Қала берді кітапханаға келген оқырмандармен де оқыған кітаптары жайлы пікір алмасып тұрады.

Жоғарыда атап өткен кітаптардың ішінде 2006 жылы Нобель сыйлығының иегері болған түрік жазушысы Орхан Памуктың «Сезім музейі кітабы жайлы айтып жіберсеңіз.

Және де Ж.Әбдіхалықтың «Ақселеуге жаздым хат» кітабының ерекшелігі неде екенін жастарға түсіндіріп өтсеңіз.

Атаның сөзі

Жүргізуші

Бүгін қонақта сіздің замандастарыңыз, туыстарыңыз, жора-жолдастарыңыз келіп отыр. Сол кісілердің тілек-лебіздерін тыңдайық.

Қонақтардың сөзі

Жүргізуші

Сіз еңбек адамы, парасат иесі ғана емес, сонымен қатар білімге құштар, еңбекке адал балаларды тәрбиелеп өсірген асқар тау - Әкесіз. Қазіргі уақытты өмірден өз жолдарын тауып, келешек ұрпағына сіздер берген сарқылмас тәлім-тәрбиелерін беріп отырған балаларыңыз да осында. Балаларыңыздың аузынан сіздің асқар тау-әкелік тұлғаңыз жайлы тыңдайық.

Қызы Айнагүл Мұқажанованың сөзі

Немересінің сөзі


Жүргізуші

Жоғарыда айтып өткендей Сіз М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Балқаш сазы» хорының мүшесісіз. Осыған орай аталмыш хор мүшелері сізге музыкалық сәлем жолдамақшы. Қабыл алыңыз!

«Балқаш сазы» хоры музыкалық номер

Жүргізуші

Осындай әдемі де әсерлі кеште кейіпкер болып, мәнді мәлімет, қажет деректер беріп, бар білген-түйгеніңізбен бөліскеніңіз үшін Сізге үлкен алғысымызды білдеріміз.

Кітапхана ұжымының құттықтау сөзі

Барлықтарыңызға осы бенефисті ұйымдастыруға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп, атсалысқандарыңызға зор алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше аман-сау болыңздар!

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет