І кезең:
|
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
|
Сұрақтарға жауап бер:
Адамның арғы тегі қайдан пайда болған?
Жауабы: Арғы тегі маймылдан пайда болған.
Адамдар қалай өмір сүрген?
Жауабы: Адамдар топтасып өмір сүрген.
Адам тәрізді маймылдар қазіргі уақытта бар ма?
Жауабы: Олар бар. Африка, Азия, Орталық Америкада сақталып қалған.
Адамның еңбек құралдарын ата?
Жауабы: Шақпақ тас, сүйек, ағаш
|
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
|
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
Адамныңжаралуы жайындағы діни кітаптарда, аңыз әңгімелерде Алла Тағала жер дүниені, жан-жануарларды, топырақтан Адам атаны жаратқаны туралы айтылады.
Чарльз Дарвин «Адамның шығу тегі, және табиғи сұрыпталу» еңбегінде адамның арғы тегі жан-жануарлардан келіп шыққанын айтады.
Жердің даму тарихында «Мұз дәуірі» кезеңі болды.
Мұз дәуірінде күн суытып, ормандар жойылып, далалы жерлер пайда болды
Маймылдар далалы жерде қалып қойды.
Маймылдар суық желден, жыртқыштардан қорғану, азық тауып жеуге бейімделу қажет болды.
Алғашқы адамдар үңгірлерде тіршілік етті.
Еңбектің арқасында қол икемділігі қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жетіле берді.
|
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
|
Себебін түсіндіріп жаз:
«Жерге түскен» маймылдарға тіршілігін сақтап қалу неге оңай болған жоқ?
Себебі, суық желден жүйрік жыртқыштардан қорғануға, азық тауып жеуге бейімделу керек болды.
Алғашқы от жағуды неліктен үйренді?
Себебі, оларға тамақты пісіру қажет болды, жылыну керек болды.
Алғашқы адамдар үңгірлерде тіршілік етті?
Себебі, күнкөріске, шаруашылыққа қолайлы болуын ойластырды
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
|
ВЕНН ДИАГРАММАСЫН ТОЛТЫР:
Алғашқы адам ортақ қасиеті Өркениетті адам
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Аллатағала өз құдіретімен әуелі жер дүниені, жан-жануарларды, одан кейін барып топырақтан ең алғаш адамды, яғни Адам Атаны жаратты.
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
|
Сөзжұмбақ
Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:
Адамның арғы тегі
Саналы тіршілік иесі
Алғашқы адамның от жағатын құралы
Сезімталдық, ақыл – ойдың жемісі
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
|
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын атап жаз:
Жауабы:
Шақпақ тас, ағаш, сүйек, қырғыш тас
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:
1.Адам – табиғат перзенті. Осы сөйлемді сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, адам табиғаттың ортасында өмір сүріп, содан соң барлық құбылыстарды үйренді.
2.Чарльз Дарвиннің еңбегі туралы не айтар едің?
Жауабы:
«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу» Ол еңбегінде адамның арғы тегі жануарлар екендігін айтады.
|
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
|
|
І деңгей (5 балл)
|
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Сұрақтарға жауап бер:
Алғашқы адамдар ненің арқасында түрегеліп жүретін болды?
Жауабы: еңбектің арқасында жетілді.
Алғашқы адамдар қалай еңбек етті?
Жауабы: олар топтасып еңбек етті.
Алғашқы адамдар киімді неден тікті?
Жауабы: аң терісінен тікті.
Алғашқы адамдар тамақтарын қайдан алды?
Жауабы: аң аулап, жеміс - жидек жеді.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
|
Маймылдың дене құрылысында, әрекеттерінде, мінез-құлқында адамға тән белгілерін жаз:
ЖАУАБЫ:
Табиғат затын еңбек құралы етіп пайдалану.
Отты сөндірмей пайдалану.
Топтасып аң аулау.
Бір-біріне көмектесу.
Түсіндіру, айту қажеттігі.
Сөйлеу қасиетінің пайда болуы.
|
|
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
|
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
|
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:
Адамды неліктен табиғат перзенті дейді?
Себебі, ол барлығын табиғаттан үйренді.
Неліктен алғашқы адамдар үңгірлерде тұрды?
Себебі, өмір сүруге қолайлы баспана іздеді.
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
|
Венн диаграммасын толтыр.
Маймыл еңбегі Адам еңбегі
Тақырыптың басты идеясын жаз:
адам еңбек ету арқасында жануарлардан бөлініп, адамзат қоғамында тіршілік ете бастады
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
|
Адам тәрізді маймылдар қандай әрекет жасайтынын жаз:
ЖАУАБЫ:
ашуланады, қуанады, жылайды, баласын күтеді, жемісті алып жейді, жауларынан қорғанады
|
|
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
|
Сөзжұмбақты шеш.
Түссіз, жанғыш пайдалы қазба
Тыңайтқыш ретінде пайдаланатын кенге жатпайтын пайдалы қазба
Кенге жатпайтын құрылыс материалы
Әктастың жеке түрінің ішіндегі жұмсағы
Ескерткішке, құрылысқа пайдаланатын қатты зат
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.«Адамды адам еткен еңбек» дегенді қалай ойлайсың?
ЖАУАБЫ:
Менің ойымша, адам алғашқы адамнан бастап еңбектің арқасында жоғары, саналы дәрежеге жетті.
2.Нағыз еңбек неден басталғаны туралы не айтар едің?
Жауабы:
Нағыз еңбек тастан пышақ пен балтаға ұқсас қарапайым құрал жасаудан басталған.
|