І кезең:
|
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
|
Сұрақтарға жауап бер.
Алғашқы адам қандай еңбекпен шұғылданды?
Жауабы: Тоттасып аң аулады, от жақты, тамақ пісірді.
Олар ортаға бейімделе отырып, өздеріне не қажет екенін түсінді?
Жауабы: Баспана керек екенін түсінді.
Алғашқы адамдардың мекені болған үңгір қай жерде бар? (Қазақстан бойынша)
Жауабы: Қарағанды облысы, Қотырқызылтау деген тауда, Тесіктас деп аталатын үңгір бар.
Адамның жан-жануарлардан қандай қабілеті артық деп ойлайсың?
Жауабы: Ақыл-ойы , сана сезімі, сөйлеуі артық.
|
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
|
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Адам табиғат перзенті.
2.Ол барлық құпияны табиғаттан үйренді.
3.Құс тәрізді ұшуды, балық сияқты жүзуді армандады.
4.Табиғатқа қарап-ұшақ, тікұшақ,
5.Баларасының ұясы, ағаш діңіне қарап- ғимараттар салды.
6.Адам терең ой иесі, сондықтан табиғатты қайталамайды, Өз жағдайына икемді, қолайлы, техниканы ыңғайлы етіп жетілдіреді.
7. Әр жаңалықтың себепшісі адамның ақыл- ойы.
8. Ақыл ойдың арқасында осыдан мыңдаған жылдар бұрын - «Алтын адам», Ахмет Иссауи кесенелері салынған.
9.Әлем бойынша: Әлемнің жеті кереметі адам саналығының арқасында салынған. (Хеопс пирамидасы, Семпирамиданың аспалы бағы, Александрия маягы, Родос алыбы, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Артемиданың ғибадатханасы)
10. Еліміздегі мәдени мұралар деп көне ескерткіштерді атайды. Олар: Алтын адам, Ахмет Иассауи кесенесі, Айша бибі, Жошы хан күмбезі, Арыстан баб кесенесі. Олар қорғауға алынған. Саяхатшылар ол жерді тамашалап көреді.
|
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
|
Себебін түсіндіріп жаз:
1.Адам табиғат перзенті, себебі ол табиғаттан көріп білді.
2.Табиғат құпиясын зерделеді, себебі ұшуды, жүзуді армандады.
3.Адам қиялынан түрлі ғимараттар, ұшақтар, көлік түрлері ойланып жасалды. Себебі бұлардың бәрі адам қажетіне керек.
4.Көшпелі өмір- табиғи ортаға бейімдеп, тіршілік ету қажеттілігін туындатты. Көшпелі өмір- ақыл-ойдың тамаша үлгілерін жасады. Олар Қожа Ахмет Иассауи, Алтын адам, Айша Бибі,т.б. Себебі: адам сұлулықты табиғатпен бірге бойына сіңіре білген.
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
|
Венн диаграммасын толтыр:
Табиғат Адам ой еңбегінің жемісі
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Тіршіліктегі барлық жаңалықтың басты себепшісі – адамдардың ақыл – ойы болып табылады. Ал, адамға ой салушы, жетелеуші табиғаттың өзі.
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
|
Техника, құрылысы, өнер мәдениет ақыл-ойдың, еңбектің, сезімталдықтың жемісі туралы білгеніңді жинақта.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
|
Адамның ақыл ойы арқылы жасалынған ой мен еңбектің жемісін жаз.
Құрылысқа жататындар:
1.Биік үйлер, ғимарат
2.Қала
3.Көпір
Техника түрлері:
1.Ұшақ
2.Тік ұшақ
3.кеме
4.Пойыз
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
1. Сен қалай ойлайсың? Қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді?
Жауабы:
Менің ойымша, Ахмет Йассауи кесенесі, Айша бибі, Жошы хан күмбездері, Бескүмбез мазары, Арыстан баб кесенесі.
2.ЮНЕСКО-ның есебіне алынған тарихи-мәдени ескерткіштер туралы не білер едің?
Жауабы:
«Алтын адам», «Ахмет Йассауи» кесенесі
|
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
|
|
І деңгей (5 балл)
|
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Сұрақтарға жауап бер:
Ақыл- ойдан туған қандай құбылыстарды білесің?
Жауабы: «Алтын адам», «Ахмет Иассауи» әлемнің жеті кереметі.
Ахмет Иассауи кесенесі қай жерде?
Жауабы: Түркістан қаласында
Хеопс пирамидасы қай елде? Ол не нәрсе.
Жауабы: Мысыр елінде. Ол патшалар табытханасы.
Мәдени мұраларды неге сақтайды?
Жауабы: Халықтың мәдени-рухани қажетіне жаратады.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
|
Адамның табиғаттан үйренгені туралы жаз.
Жауабы:
Инелікке қарап тік ұшақ жасады.
Бал арасының ұясына қарап - көп қабатты үйлер тұрғызды.
Құмырсқа илеуіне қарап -үлкен қалалар тұрғызған.
|
|
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
|
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
|
Сұраққа жауап бер.
1.Адам неліктен табиғат перзенті деп аталады?
Себебі: Ол табиғатта өмір сүріп, түрлі құбылыстарынан үйренді
2. Адам неліктен табиғатты бағындырды деп ойлайсың?
Жауабы: себебі, ол табиғаттың барлық құпиясын түсінді.
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың
басты идеясын жаз,)
|
Венн диаграммасын толтыр.
Мәдени мұралар Құрылыс – техника
Тақырыптың басты идеясын жаз:
адам ақыл-ой еңбегі мен сұлулық-әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы тарихи дүниелер.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
|
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
Мәдени мұралар - өз мәдениеттану
Айша Бибі - данышпан ана
Қожа Ахмет Иассауи - білімді, данышпан адам.
|
|
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
|
СӨЗЖҰМБАҚ
Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:
Ой мен еңбекті үйлестіруші
Бізді қоршаған орта
Ата-ананың жалғасы
А
|
Д
|
А
|
М
|
|
|
|
|
Т
|
А
|
Б
|
И
|
Ғ
|
А
|
Т
|
|
П
|
Е
|
Р
|
З
|
Е
|
Н
|
Т
|
І
|
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.Ақыл мен ойдың арқасында адам биік белестерге шықты. Осы сөйлемнің мағынасын сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, адамның ақыл-ойы барлық тіршілік иесінен жоғары.
2.Табиғат перзенті деп не атар едің?
Жауабы: адамды
|