1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді



Дата13.01.2023
өлшемі35,21 Kb.
#165452
Байланысты:
Жырлайды жүрек Мұқағали Мақатаев


«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған тәрбие сағаты.


1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,


Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.


Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,


Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-


деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.




2-жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім,


Ой пәлі – ай!


Мына адамдар неге жатыр тойламай?


Банкет жасап берер едім өзім-ақ,


Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де ұлы ақынымыздың туғанына 80 жыл толуына арналған «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


1 – оқушы :
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.


2 – оқушы :
Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген. Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл, Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Майгүл атты қызы 10 жасында көлік апатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.


3 – оқушы:
Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.


1-жүргізуші:
Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін оқып шығуды ұмытпаңыздар.Мені өз өлеңімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.


Ақын туралы естеліктер.


4-оқушы: «Өлең өлмейді.Оны жазған адамда өлмейді.Олай болса Мұқағали да өлген жоқ.Қасымызда,ол қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды өзі толтырып,жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр»
Әбділда Тәжібаев
5-оқушы: «Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық»
Фариза Оңғарсынова
6-оқушы: «Мұқағали мөлдірліктен ,тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын»
Лашын Әзімжанова
2-жүргізуші:
Поезия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
Поезия минуты.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)


1-жүргізуші:
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,- деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне кезек берелік.
/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
2-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған!


1-жүргізуші:
Ақынның сөзі өлмесе,өзі де өлмегені.
Осымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет