1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖАСТАР КӨЗІМЕН



Pdf көрінісі
бет39/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖАСТАР КӨЗІМЕН...
Мұхтар Жұлдыз Ержанқызы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж
Жалпы түркітану ғылымы – түркі халық¬тарының 
тілін, әдебиетін,тарихын, мәде¬ниетін, этнологи-
ясын, археологиясын, сая¬сатын, экономикасын, 
әскери құрылымы мен олардың халықаралық бай-
ланыстарын зерттейтін кешенді сала. Осындай өте 
ауқымды салаларды қамтитын түркітану ғылымы 
бүгінде бүкіл әлем ғалымдары назарын тіккен өзекті 
әрі келешегі зор ғылым¬ға айналып отыр. Атал-
мыш ғылымның негізін қалаушы Махмұт Қашқари, 
Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати секілді 
ұлы бабаларымыз түркі халықтарының тілі мен та-
рихын, мәдениетін зерттеп, есімдері әлемге таныл-
ды. Өткен ғасырлардан бастап түркітану ғылымымен 
әйгілі В.Томсон, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, 
С.Е.Ма¬лов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан Л.Н.Гу¬милев, 
А.Аманжолов, Ғ.Айдаров, М.Жолдас¬¬¬бе¬ков және 
Қ.Салғараұлы секілді белгілі түркі¬¬танушылар ай-
налысып, түркі халық¬тарының өркениетін, әдебиеті 
мен мәдение¬тін дүние жүзіне паш етті.Түркітану ата-
уы ғылыми айналымға алғаш Орхон-Енисей (Орхон 
жазба ескерткіштері, Енисей жазба ескерткіштері), 
көне ұйғыр, манихей, т.б. жазба ескерткіштердің 
зерттелуіне байланысты еніп, дамыған. Бұл жазбалар 
Орталық Азия мен өзге де аймақтарды мекен еткен 
ежелгі түркі тайпаларының тарихын, тілін, әдеби 
ескерткіштерін, рухани және материалдық мәдениетін 
зерттеуде аса құнды деректеме саналады. Бұдан кейін 
Түркітану орта ғасырдағы араб, парсы, түркі тілінде 
жазылған тарихи жылнамаларды, филологиялық және 
географиялық шығармаларды зерттеу негізінде дами 
түсті.
Түркі тілінің тарихи дәуірлерінің қай-қайсысын бол-
масын зерттеу нысанына алып, белгілі бір дәуірдің тілі 
жайында пікір айтқысы келген кез келген зерттеушінің 
Қашқариға соқпай айналып өтуі мүмкін емес. Әрбір 
пікірін «Диуан Лұғат» арқылы дәйектеп қуаттауға ты-
рысады. Сондықтан да тіл тарихына қатысты жасалған 
әрбір зерттеуде міндетті түрде Қашқаридың есімін 
кездестіреміз. Себебі Қашқари түркітану ғылымының 
негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы фило-
логы. Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грам-
матикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл 
өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, 
түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологи-
ясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі 
тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет 
қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын 
мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне 
сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсал-
ды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі 
тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде 
«Диуанында»: «Маған шексіз абырой, сарқылмас-
түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы 
кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған 
«Диуан Лұғат ат-Түрік» – түркі тілдері сөздігінің 
жинағы» деп ат қойдым», – деп жазады. Түбі бір 
күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ
қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті 
заңдылықтары жүйеленген, түркі жазба әдеби тілінің 
грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған 
осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп 
қойылған деп есептейміз.Түркітану тарихына көз 
жүгірткенде, бұл саладағы ең бір қызықты әрі қиын 
«сына жазулары» болғандығы мәлім. Орхон, Енисей, 
Селенгі өзендері бойынан табылған көне түркі жаз-
ба ескерткіштерінің мәтінін ғалымдар көпке шейін 
тани алмады. Соған орай, жазулардың мазмұны да 
ғылыми қауымға жұмбақ болып келді. Көп ұзамай Еу-
ропа түркологтарының тынымсыз еңбегі өз нәтижесін 
берді. Яғни, 1893 жылы қарашаның 25-і күні Дания 
Корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Виль-
гельм Томсен (1842-1927) тосын сый жасап, дүниені 
таң қалдырған ғылыми мәлімдеме жасады. Ғалым 
Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған 
сына жазулардың құпиясын ашқандығын хабарла-
ды. Профессор бұл ескерткіштердің ертедегі түркі 
халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Шы-
нында, оның ең алдымен оқығаны «тәңірі» және 
«түрік» деген сөздер еді. Зерттеуші аталған сөздердің 
мәтінде жиі қайталанатынына назар аударып, соның 
нәтижесінде біраз әріптердің таңбалану жүйесін 
дұрыс айқындай алған. Жазба ескерткіштің дыбыстық 
жүйесінде байқалған сингармонизм құбылысы да 
мәтінді оқуды біршама жеңілдеткенге ұқсайды.


50
Ресейде қызмет атқарған неміс ғалымы академик 
В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп сына жазуларының 
он беске жуық әрпін анықтаған болатын. Ара-
дан аз уақыт өткенде В.В.Радлов Орхон өзені бой-
ынан табылған үлкен тастардағы мәтінді оқып, 
ескерткіштің толық тәржімесін жасады. Бұдан 
бұрын ғылым әлемінде қауымға белгісіз болып кел-
ген көне түркі жазба жәдігерліктерінің («Күлтегiн», 
«Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) мәтінін оқу, 
зерттеу және басқа тілдерге тәржіма жасау ісі кезінде 
В.В.Томсен, В.В.Радлов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, 
С.Е.Малов, И.В.Стеблева, Ғ. Айдаров, А. Аманжолов 
сияқты ғалымдар мол үлес қосты.Қайдар Әбдуәли 
Туғанбайұлы – түркітану ғылымының көрнекті 
өкілдерінің бірі. Қазақ, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін 
жазатын академик-ғалымның “Структура однослож-
ных корней и основ в казахском языке”, М.Оразовпен 
бірігіп жазған “Түркітануға кіріспе”, “Қазақ тілінің 
өзекті мәселелері”, “Қаңлы: тарихи шежіре”, “Халық 
даналығы” атты зерттеу еңбектерінің түркітану 
ғылымы үшін мәні мен маңызы ерекше. Ғалым тіл 
білімінің бірнеше салалары бойынша қалам тартқан. 
Соның негізгісі – тіл тарихына қатысты зерттеулері дер 
едік. Өйткені түркі тілдерінің тарихын зерделеп, ілкі 
түбірлердің табиғатын айқындауға арналған еңбектері 
ұйғыртанушы авторды түркітанушы ретінде таныт-
ты. Классикалық түркі тіл білімінде сөздердің әуелгі 
тұлғасы қандай болғанына алғаш рет көңіл бөлген 
ғалым В.В. Радлов еді. Кейін бұл мәселеге байланысты
К.Гренбек, В.Банг, П.М.Мелиоранский, Н.А.Баскаков, 
И.А.Батманов, 
Г.Рамстедт, 
Б.М.Юнусалиев, 
А.Н.Кононов, 
Э.Р.Тенишев, 
Э.В.Севортян, 
А.М.Щербак сияқты түркітанудағыкорифей ғалымдар 
пікір айтып, өзіндік ой-тұжырымдарын айтқан бола-
тын. Бұл ғалымдардың көпшілігінен Қайдар Әбдуәли 
Тұрғанбайұлының бір ерекшелігі мен артықшылығы 
бар деп білеміз. Біздің пайымдауымызша, ол - 
ғалымның ұйғыр тілі мен қазақ тілін еркін меңгеруі; 
түркі тілдеріндегі тілдік материалдарды, сөз мағынасы 
мен мәнін сөздікке қарап түсінбей, оны терең түйсінуі, 
жүрекпен сезінуі.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, түркі халықтары 
о баста Орта Азия далаларын мекендеген. Алайда 
өздерінің көшпенділік тұрмыстарының арқасында олар 
бірте-бірте біздің заманға дейінгі бірінші ғасырдың 
өзінде-ақ бүкіл Еуразия далаларына, Қытайдан ба-
стап Дунайға дейін тараған. Белгілі ғалым С.П. Тол-
стов Шығыс зерттеушілердің халықаралық ХХV 
конгресінде (1960) жасаған баяндамасында түркілер 
біздің жыл санауымыз алдындағы ІV ғасырда бұрынғы 
Хорезмнің негізгі тұрғындары болған дегенді айтады. 
Ал түрколог С.Е. Малов «біздің заманнан бұрынғы V 
ғасыр алдында да түркілер қазіргі қоныстап отырған 
аймақтарын мекендеген. Олардың тілдері жыл са-
науымыздан 5-6 ғасыр бұрын да қазіргідей құрамда
қазіргідегідей құрылымда болған» дейді. Сондай-
ақ, тарихшылар түркі халықтары ғұн дәуірінен ба-
стап белгілі болған. Ғұн империясы жыл санауымыз 
алдындағы VІІ ғасыр мен біздің заманнан V ғасыры 
арасында өмір сүрген дегенді айтады. Мұндай пікірді 
толық мақұлдауға бола қоймас.
Түркітанудың пән ретінде дамуында XIX – XX ғ.ғ. 
зерттеле бастаған әдеби трактаттар мен филологиялық 
шығармалардың маңызы зор болды. Бұлардың 
қатарына түркі тайпалары туралы лингвистикалық, та-
рихи этнографиялық, фольклорлық деректерді жүйеге 
келтіре отырып жазылған алғашқы ғылыми еңбектер 
– Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғатат – түрк» 
атты сөздігі, Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» 
атты әдеби дидактикалық шығармасы, ортағасырлық 
түркі халықтарының тарихынан, шығу тегінен 
мәліметтер берген Мұхаммед Хайдар Дулатидың 
«Тарихи Рашиди», Қадырғали Жалайыридың «Жыл-
намалар жинағы», Рашид әд-Диннің «Жамиғ Ат – 
Тауарих», т.б. шығармалары жатады. Мұның бәрі 
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 
бірінші жартысында Түркітанудың қалыптасып, 
орнығуына жағдай туғызды. Әлем халықтары ішінде 
түркі халықтары өзіндік тіл, тарих, мәдениет, салт 
– дәстүр ерекшеліктерімен айрықша орын алады. 
Түркітанудың дараланып, өз алдына жеке ғылым са-
ласына айналуының ең басты себептерінің бірі Орхон, 
Селенга, Енисей, Талас, т.б. өзендер алқаптарынан сан 
алуан тасқа шекілген жазулар, мүсін тастар мен арнайы 
жасалған жазба ескерткіштердің бірінен кейін бірі та-
былып, олардың сыры ашылып, құпиясы айқындала 
бастауына байланысты болды. Осыған орай Орхон – 
Енисей – Талас тас жазулары оқылып, ірілі – ұсақты 
көптеген түркі тайпалары мен ұлыстарының тарихы 
айқындалып, мәдени мұра зерттеле бастады.
Түркітану тек түркі тілдерінің өткені мен бүгінін 
қарастырмайды, оның аясында түркі халықтарының 
тарихы, әдебиеті, дүние танымы, мәдениеті, эт-
нографиясы тұтас қарастырылады. Түркітану 
жаһандану тұсында саясаттау, философия, социо-
логия мәселелерінен тыс қала алмайды. Жаһандану 
бүкіл әлемге ортақ болғанымен, белгілі бір өркениетке 
сүйенеді. Түркі мәдениеті үгіт – насихатпен де, 
ғылыммен де бүкіл әлемге танылуы керек. Осы тұста 
бүкіл түркі халықтарының сүйенері түркі өркениеті 
болмақ. Тарихты біліп шектеліп қана қоймай, қазіргі 
кездегі мемлекет және ұлтаралық қатынастарда 
түркітану ғылымын күшейту ғалымдардың меншігінде. 
Түркі тілдерінің түбі бір болғанымен, жаңа ғасырда бір 
– бірімізді түсіну қиынға соғуда. Бірнеше түркі тілін 
жетік игерген мамандар да тапшы. Филолог мамандар-
ды дайындау үшін түркі елдерінің арасында жоғары 
оқу орындары студенттерін алмастыру қажет. 
Профессор Ш.Ыбыраев «Дүниежүзілік және 
ұлтаралық дәстүрі әлдеқашан қалыптасқан түркология 
ғылымының қазіргі заманғы тізгініне ұмтылу – еге-
мен түркі мемлекеттерінің абыройлы міндеті», - 
дейді. Яғни, түркі өркениетінің тарихын, мәдениетін 
біліп қана қоймай, оны жаңа заман талаптарына сай 
жетілдіру бүгінгі жас ұрпақтың міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет