75
Мен жаспын,
Лапылдаған жанарым от,
Өмірге
берерім көп, аларым көп.
Қырыңа қызғалдақ боп егілермін,
Шыңыңда желбірермін жалауың боп. [1,144]
Қызғалдақтар, орамалдар алқызыл
Құрметтеумен қоршаса да бар қызы,
Құдайынан бере көр деп әжелер
Тілейді екен жатса-тұрса жалғыз ұл. [1,35]
Бұл өлеңдерде қаламгер қызғалдақты қыздар
қауымына теңейді. Әрине мұндай теңеуді қазақ по-
эзиясында молынан кезіктіруге болады. Бірақ ақын
бұл теңеуді өзіндік стильмен қолданады. Самалмен
қырда билеп жүрген қызғалдақтың әлі «үзілмегені»,
үлбіреген жас қыздың «әлі шегіне саусақ тимеген
домбырадай» бейнесін елестетеді.
Яғни ақын өлең
шешімін шумақтарға емес, тікелей оқырманның ойы-
на салып отыр.
Қызғалдақ маған ұнайды
-Сүйерсің не?- деп сұрайсың,
Осылай, достым сынайсың.
-Көктемгі қырдың еркесі
Қызғалдақ маған ұн айтын.
-Ғұмыры оның тым қысқа
Шықпайды,- дейсің,- бір қыстан
-Теңі жоқ бақыт ол үшін
Көкемгі тұңғыш нұр құшқан.
-Қуантар,-дейсің,-көңілді
Көркейтіп бір күн өңірді.
-Кім үшін керек,достым-ай,
Қаңбақтың ұзақ өмірі [1,62]
Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде,
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп көзін жұмып кеткендерге.[1,105]
Бұл екі өлең жолдарының айтпағы ұқсас. Ақын
қызғалдақтың қысқа ғұмырын қаңбақтың ұзақ
өмірінен артық санайды.
Қызғалдақтың сол қысқа
ғұмыры көп адамға қуанышпен қатар мейірімділік,
нәзіктік,жайсаңдық секілді қасиеттерді бойына
сіңіруге болатындығын ұғындырмақ ниетте болғандай,
бір көктемде бір рет қана гүлдейтін қызғалдақ арқылы
әр сәттің өз құны бар,бүгінгі нығметтен бас тартқан
жанға екінші рет сол бақыт қайта соқпасын көрсетеді.
Ал төмендегі өлең жолдарында туған жердің көркі
қызғалдақпен ашылатынын,қазақ даласының кең
жазығы да, тау беткейлері де қызғалдақ гүлінің мол
өсуімен ерекшеленетінін көрсетеді. Ақын мұндай
сұлулықты Ай мен күнге де айырбастамайды.
Даланы көрдім бүгін мен
Бидайын самал шайқаған,
Қызғалдақ теріп жүгірген
Кең жазық маған айтады ән. [2,28]
Тұр десе Ай, Күнді мекендеп,
Сыйласа жұлдызын бар әлем.
Туған
жер тауынан кетерде
Бір ғана қызғалдақ алар ем. [1,109]
Жүрекке жігер қосады
Жолшыға құшақ тосады.
Қызғалдақ толы беткей деп
Айтады сені Жосалы.[2,36]
А.Бақтыгереева өлеңдерін талдау барысын-
да ақынның лирик ақын екенін аңғарамыз. Бұл
А.Шәдібекованың «Ақын шығармашылығына зерде-
лей қараған оның поэзиясының дені лирикалық өлеңдер
екеніне көз жеткіземіз.Позма, дастан секілді эпикалық
текке Ақұштап көп бара қоймаған. Бұны ақынның
көркем формалық ізденістегі талғампаздығымен,өзіне
талап қоя алуымен ғана байланыстыра алар едік [2,84
б] деген пікірімен сәйкес келеді.
Қорыта келгенде, қаламгер қаламы көргені мен
түйгенін, білгені мен сезінгенін жазатыны секілді, ақын
А.Бақтыгереева өлеңдерінде кең даласының қызғалдақ
гүлі ерекше орынға ие. Ақын бір ғана қызғалдақ
гүлін, әр түрлі шумақтарда біресе қыз ғұмырға, біресе
адалдыққа, енді бірде қайталанбас құбылсқа теңейді.
Бұл бейнелі теңеулер Ақұштап ақынның жаны табиғат
анамен үндес, өзі туған даласының әрбір табиғи
құбылыстарымен сырлас ақын екенін аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: