90
келе тілдік эволюция жолында алғашқы мағынасын
жоғалтуы мүмкін. Кез келген сөздің атауы адам пси-
хологиясында қалай қабылданып, қай жағынан әсер
ететіндігіне байланысты. Сондықтан кез келген сөз бен
оны тудырған себеп арасындағы мағыналық байланыс
үзіле береді. Жоғарыда келтірілген адам психикасының
бітімі кейбір түсініксіз сөздерді қайта өңдеу арқылы
оның басқа бір баламасын тауып, жаңа уәждеме жа-
сай алады [3; 69]. Бұдан шығатын қорытынды балама
құбылыстарға негізделген сөз бойындағы бейнелілік.
ММ-дер бойында кездесетін уәждеме, бұл -
семантикалық уәждеме. Аталмыш терминді қазақ
тіл білімінде кезінде ғалым Ж.Манкеева қолданған
болатын және өз еңбегінде уәжділікті үшке бөліп
қарастырады және де атаулардың дәрежесін былай
жіктеп көрсетеді:
1)Бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау (пер-
вичная номинация). Ол – атаудың аталушы заттың
қасиеттерімен уәжделуі немесе «шындық фактілерінің
тілдік жүйенің фактісіне айналуы.
2)Екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторич-
ная номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы
нәтижесінде өзін тудырған түбірімен мағыналық
байланысы үзіледі, яғни «жаңа атаулар үшін тілде
бұрыннан бар атауыштық құралдарды пайдалану [4;
245].
Ал уәждемені сөзжасамдық тұрғыда зерделеген
Б.Қасым: «Уәждеме — шындық болмыстағы зат-
тар мен құбылыстарға туынды атауға қажетті негіз
болатын тілдік бірліктер», - дейді [3; 110]. Шыны-
мен де адам заттар мен құбылыстарды танып білу
нәтижесінде жаңа атаудың ұғымдық қасиетіне тән
белгісін таңдауы оның дүниетанымына, тәжірибесіне
байланысты айқындалады. Сол арқылы атауды
белгілеудің танымдық қасиеті анықталады.
Осы тіл қазыналарының бойында мотивтік
құбылыстың бейнеленіп, қалыптасуын Г.Л.Пермяков
та: «Мақал-Мәтелдердің ұзақ тарихи жасалу,
қалыптасу жолы бар, өзіндік уәжділік негіздері бар,
құрамдық-құрылымдық қалпы тұрақты, көркем де
әуезді, поэтикалық заңдылық бойынша құрылып,
негізгі мағынасы абстракцияланып, ауыс мағынасында
қолданылатын, гомоцентристік принцип бойын-
ша, негізінен, Адамға ғана қатысты жұмсалатын
этнолингвистикалық күрделі құбылыс», —дей отырып
[4, 35 б], ММ-дердің мотивтік негізде қалыптасқанын
растайды.
Енді осы пікірлерді басшылыққа ала отырып, қазақ
және ұйғыр тілдеріндегі көненің көзі, ғасырлар жемісі
ММ-дердің уәждік ұқсастықтарына тоқталып өтелік.
Этнолингвистік топтастыру принципі бойынша
жіктелетін «Адам», «Қоғам», «Табиғат» топтары-
на қарай сараланатын ММ-дердің басым көпшілігі
антропоцентристік принцип негізінде өзінің ауыс
мағынасында болса да, адам болмысына қатысты бо-
лып келеді. ММ жоғарыда көрсетілгендей, әр тілдегі
мақал-мәтелдердің баршасы антропоцентристік прин-
цип бойынша қалыптасып, қалай жасалып айтылса да,
адам баласының өзіне, яғни әрбір халықтың өкіліне
бағышталып, соның бойындағы не жақсы, не жаман
қасиеттерін сипаттауға арналады.
Сондықтан ММ-дердің уәждік ұқсастықтары мен
өзгешеліктерін сараптар алдында «біз барлықтағы
барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға
топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай
шоғырландырып қарағанда көре аламыз. Оларды
біз шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат»
деп атауды ұсынамыз», — деп академик Ә.Қайдар
көрсеткендей [2; 134], жұмыста осы ғалым еңбегінің
ізімен ММ-дер үш топқа бөлініп қарастырылды.
Барлық түркі тілдеріндегі мен уәждік негіздері де әр
түрлі.
Еңбекте «Адам» бөліміне әке-шеше, бала
тақырыбына қатысты, Адам болмысына қатысты,
туған-туысқа қатысты, Ас, тамақ тақырыбына
қатысты, туған жер тақырыбына қатысты, т.б.
тақырыптарға қатысты ММ-дер топтастырылды. Ал
«Қоғам» тобы өзіне мал шаруашылығы, аңшылық
кәсіп, егін шаруашылығы тақырыптарын қамтыды.
«Табиғат» деп аталатын салаға табиғи түр-түске,
жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына қатысты
ММ-дер жатқызылды. Бұлардың әрқайсысын талдап
көрсету мүмкін болмайтындықтан, кейбіреуін ғана бе-
руге тура келді.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай
дейді: «Қазақ мақал-мәтелдердің халықтың өткен өмірі
мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық,
логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте
зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан
құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар.
Дүние болмысының өзінде о бастан ақ қалыптасқан
табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен
құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі
жүйесі мен ма,ынасына қарай шоғырландырып
қарағанда ғана көрінеді» [2;142-6]
Тіл білімін зерттеуде бір ғылымның құзырында
кейде бірнеше ғылымның тоғысу процесін зерттеу
мәселесі туындайды. Солардың біріне мақал-мәтелдер
категориясы жатады. Оның басты себебі халықтың
мәдениеті, өмір-тіршілігі ұқсас, тілі ортақ этностардың
болмысында міндетті түрде бір-біріне әсерін тигізу, өз
ықпалын жасау процесі байқалып отырады.
Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Онда халық
тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі
мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен,
тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда
өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен
түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі
қорытылады.
Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз - көмір,
аз сөз - алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан
поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас,
ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз бол-
майды. Барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі
екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой өрнек
ажыраспас туыстық тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: