1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
 
 
ЕСІМНІҢ ҚұПИЯСЫ МЕН МАҒЫНАСЫНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ
Өмірзақ Амина 
Жетекшісі:Қазақ тілі пәнінің мұғалімі 
Қарымсақова Гүльнаркүл Несепбековна
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 орта мектеп
Қазақ антропонимикасындағы кісі есімдерінің 
арақатысы, түрлері және өзіндік ерекшеліктері ту-
ралы ономаст-ғалымдардың пікірлерін негізге ала 
отырып, өзіндік көзқарасын білдіреді. Тарихи тұлға 
есімдерінен келтірілген мысалдар негізінде кісі 
есімдерінің негізгі-қосалқы есімдер, лақап-бүркеншік 
есімдердің ерекшеліктерін көрсетеді. Есімдердің ортақ 
және өзіндік ерекшеліктерін нақтылай келіп, оларды 
ажыратудың критерийлерін ұсынады. 
Тіл білімі сөздігінде «Ономастикалық кеңістік» 
ұғымына «нақты бір тарихи кезеңде бір мекен-
де орналасқан тілдік қауымдастықтың ақиқат және 
қиял-ғажайып нысандарды атауы үшін қолданатын 
барлық жалқы есімдердің жиынтығы /кешені/» деген 
анықтама берілген [1]. Тілші-ғалымдар ономастикалық 
кеңістіктің өз бойында өткен дәуірлердің белгісін 
сақтай отырып, халықтың қазіргі кезеңдегі ұғым-
түсінігі арқылы көрінетін әлем бейнесі ретінде 
анықталатынына зор мән береді [2]. 
Ресми есімдерге құжаттарда жазылған, мемлекеттік 
тіркеуде заңмен бекітілген кісінің төл есімі, әкесінің 
аты, тегі жатса, бейресми есімдерге белгілі бір ортада 
ғана, көпшілік жағдайда уақытша қолданылатын, та-
ралу ауқымы шектеулі лақап ат, бүркеншік есім және 
кісінің өз есімінен жасалған не туыстық қатынасты 
білдіретін құрметтеу, еркелету, жақсы көру мәніндегі 
қосалқы есімдері жатады. 
Яғни адамның бейресми есім түрлерін иемденуі 
міндетті емес, ал егер де адамның бейресми есімі 
бар болса, оның міндетті түрде ресми есімі бар де-
ген сөз. Бейресми есімдер — адамның төл есімін 
толықтыратын, анықтап-ажырататын не жасыратын 
қосымша атау. Есімдер ресми-бейресми болып екі 
топқа бөлінгенімен, трансонимизация құбылысы 
арқылы бір топтағы есімнің келесі топқа өтуі, сол 
арқылы халық жадында және тарихта адамдардың 
заңды түрде бекітілген ресми есіммен емес, бейресми 
есіммен қалуы жиі кездесетін жағдай. 
Ұлтымыздың танымдық санасынан мәңгілік орын 
алған Мөде, Абылай хан, Әйтеке би, Қабанбай, Абай, 
Шоқан, Сәкен, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Қаныш, Ев-
ней т.б. сияқты тұлғалардың тарихта кейінгі бейресми 
есімдерімен қалғаны осының дәлелі. 
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі кісі 
есімдері, олармен қатар немесе орнына қолданылатын 
есімнің басқа да түрлері туралы алғашқы ой-пікірлерді 
біз түркі халықтарына ортақ тарихи ескерткіштерден 
кездестіреміз. Ғалым Ғ.Айдаров «Күлтегін ескерткіші» 
атты ғылыми-зерттеу еңбегінде тарихи тұлғалар, 
олардың есімдері жайлы нақты тарихи деректерді 
келтіреді. 
ҮІІІ ғ. мұрасы болып табылатын ескерткіште 
кездесетін 20 шақты кісі есімі, негізінен, хан, 
қолбасылардың және Күлтегінді жерлеуге қатысқан 
әр рудан келген өкілдердің есімдері екені айтылады. 
Бумын қаған, Білге (Могилян) қаған, Ілтеріс (Құтлұғ) 
қаған, Істемі қағандармен қатар, Нең (иран сөзі, 
«жақсы, қайырымды») сеңен (әскербасы), Тадықын 
Чор — түркі әскерінің қолбасшысы т.б. аталады. 
Есімдерге берілген түсініктемеден олардың кісінің 
шын есімі емес, лауазым атаулары мен лақап аттары 
екендігін көреміз [3]. 
Қазақ кісі есімдерінің қойылу үдерісіндегі 
әдет-ғұрып, 
наным-сенімдердің 
орны 
туралы 
Ш.Уәлихановтың 
зерттеулерінен 
кездестіреміз. 
Ғалым «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде ел басындағы 
құрметті адамдардың есімдеріне түсінік беріп отыра-
ды: «Ұлағатты ескі сөздерде Жәнібек ақылдылығымен 
Әз атанған, қазақтар оны Әз Жәнібек дейді. Әз 
Жәнібектің дана, білгір, шешен биі — Жиренше Ше-
шен болған. Жиренше Шешен айтыпты деген қанатты 
сөздер қазақ арасында өте көп. Жиренше есімінің ел 
арасында тапқырлық пен шешендіктің символы болуы, 
Жәнібек пен Жиренше Шешеннің қосарлана айтылуы 
тегін болмаса керек» дей келіп, «шешен» сөзінің түп-
төркіні дана, ақылды деген мағынаны білдіретін көне 
монғол сөзі екенін айтады [4]. 
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) мен тұңғыш 
ғалымы Шоқан (Мұхаммедқанафия) есімдерінің 
екеуінің де еркелету мақсатында қойылғанымен, ара-
ларында айырмашылық барлығы байқалады. Ұлы 
ақынның есімі жөнінде С.Мұқанов төмендегідей 
ойын білдіреді: «Абайдың азан шақырып қойған 


96
аты — Ибраһим — пайғамбар есімі. Кейін шешесі 
еркелетіп «Абай» деп кеткен. Қазақта «Абай» — сақ, 
көреген мағынасында қолданылатын сөз. Шешесінің 
де, халықтың да оны Абай атауы сондықтан болуы 
ықтимал. Біраз жұрт Абайды «Құнанбайдың Ыбы-
райы» деп те атаған» [5]. «Есімдер сыры» атты еңбекте 
келтірілген: «Абай — ел ағасы дегенді білдіреді. Тува 
тіліндегі абзыгай — от ағасы, аға, татар тіліндегі аб-
зыхай, ағай сөздерімен төркіндес» [6]. Ибраһимнің 
бұл есімге ел ағасы болғанда ғана ие болмағанына, 
әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бала кезінен Абай 
атандырғанына көңіл аудара отырып, Ибраһим — 
Ибрай //Ыбырай — Абай тұлғасын кішірейту, еркеле-
ту мақсатымен аталған адамның төл есімінен жасалған 
қосалқы есім, яғни антропонимиялық «аталым», болар 
деп ойлаймыз. Ыбырай /Ибраһим/ Алтынсариннің 
есімі де бұл ойымызды дәлелдей түседі. Ал Шоқан 
есімінің жайы мүлде бөлек. Жазушы-композитор 
І.Жақанов оның Мұхамедқанафия деген өз есімінің 
Шоқан аталуына қатысты белгілі архитектор Шота 
Уәлихановтың: «Естуімше, Шоқан бала кезінде әжесі 
Айғанымнан бір елі қалмай, қасында тізесіне сүйеніп 
шоқиып әңгіме тыңдап отыра береді екен. Содан 
әжесі еркелетіп Шоқаш, Шоқыбай, Шоқан атап кет-
кен» деген пікірін келтіреді. Осы пікірге біз де қосыла 
отырып, есімнің берілуіне, біріншіден, естеліктерде 
сақталғандай, бала кезінде-ақ ойынның соңында 
кетпей, үлкендердің әңгімесін шоқиып отырып 
тыңдайтын, әжесінің соңынан шоқаңдап еріп жүрген 
жас баланың тұлғасы уәж болса, екіншіден, Шоқан 
есімінің Мұхамедқанафиядан қысқармайтыны тағы 
белгілі. 
Халқымыз мұндайда «Адам болар баланың кісіменен 
ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» дер 
еді. 
Қосалқы есімдер, әдетте, отбасы не туыстар арасын-
да ғана қолданысқа ие болса (мысалы, Едіге/Едико, На-
урызбай/Нәукен, Мадияр/Мадико), лақап есімдердің 
таралу ауқымы одан гөрі кеңірек, яғни ауыл көлеміне 
дейін болуы мүмкін. 
Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен 
замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи 
өмір бейнесін анық көрсетеді.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне 
қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, 
төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.
Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, 
Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.
Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай, 
Боран, Толғанай, Айым т.б.
Аңдар мен үй хайуанаттары және құстармен байла-
нысты есімдер: Арыстан, Түлкібай, Лашын т.б.
Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына бай-
ланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан т.б.
Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан, 
Раушан, Гүлжан т.б.
Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма, 
Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.
Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, 
Туғанбай, Жиенбай т.б.
Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, 
Орал, Алтай т.б.
Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, 
Табақбай, Айнагүл т.б.
Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айран-
бай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.
Батырлар жырларындағы халық батырлары мен 
тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың 
дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге 
дейін қойылып келе жатыр. 
Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден 
құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек 
кездесетіндері – құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан, 
төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар 
есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм 
әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік тер-
миндер. 
Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер – 
өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін 
көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді 
өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. 
Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандар-
дан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі 
кездесетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет