1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАНДА ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА ӨСЕТІН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет80/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
ҚАЗАҚСТАНДА ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА ӨСЕТІН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІ
Нұрлыбеккызы Нурайым
Жетекшісі: Химия, биология пәнінің мұғалімі
Куджанова Алтын Күреңтайқызы
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 орта мектеп
Түйіндеме.
Мақалада Қазақстанда орманды алқаптарда өсетін өсімдік түрлеріне сипаттама берілген.
Қазақстанда ормандар солтүстікте шоғырланған, 
шығыста, оңтүстікте (таулы аудандарда) кездеседі. Тау-
лы аудандардың ормандары құрамында арнайы өзгеше 
ағашты және бұталы өсімдіктер өседі. Қазақстанның 
жазықтағы орманды алқаптарында емен, жөке, үйеңкі, 
шаған, қарағаш т.б. өседі. 
Орманның флорасы әртүрлі тұқымдасқа жататын, 
морфологиялық ерекшеліктері арқылы айрықша ажы-
ратылатын түрлерден тұрады. Бұл студенттер үшін 
қажетті материал. Себебі сыртқы ортаның кейбір 
экологиялық факторларының өсімдіктер құрамына 
және олардың тіршілік формаларының қалыптасуына 
әсері нақтылы байқалады. Әрбір орманның доминант-
ты тіршілік формасы ағаш олардың етегінде бұта,
жартылай бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Күрделі 
бірлестік (биогеоценоз) болып есептеледі. Орман-
да өсімдіктердің әртүрлі экологиялық формалары 
үйлесімді бірігіп өседі. Олар көлеңкеге төзімді, жарық 
сүйгіш, мәңгі жасыл жапырақты, жапырағы түсіп 
отыратын өсімдіктер. Орман тек ботаникалық зерт-
теу объектісі емес сонымен бірге табиғатты қорғау
объектісі болып та табылады. Жалпақ жапырақты 
орманда ағашты өсімдіктердің бөрік басына айрықша 
көңіл аудару қажет. Кейбір өсімдіктердің бөрік басы 
бұтақтары сирек, мысалы, шаған күн сәулесін жақсы 
өткізеді. Басқаларының, мысалы, жөке ағашының 
бөрік басы тығыз, топыраққа күн сәулесін нашар 
өткізеді. Нәтижесінде орманда әртүрлі деңгейдегі 
көлеңке сүйгіш өсімдіктер өседі. 
Шөптесін өсімдіктерден көлеңке сүйгіш өсімдіктер 
жұлдызшөп (звездчатка), қарғакөз (вороний глаз), 
шашыранқы тарышық (бор раскидистый), шағырбидай 
(перловник), бетеге (овсяница), орман қоңырбасы (мят-


99
лик лесной) т.б. өседі. Олардың көпшілігі көлеңкеге 
төзімді, көпжылдық тамырсабақты өсімдіктер. 
Бұлардың гүлдерінің түсі ақ, сондықтан күңгірт 
көлеңкелі орманда жақсы көрінеді. Насекомдар 
арқылы айқас тозаңданады. Сонымен бірге көпшілігі
вегетативті көбейеді. Орманда көктемгі эфемероидтар 
өседі. Олар көпжылдық шөптесін вегетациялық кезеңі 
қысқа өсімдіктер. Олар желайдар (ветренница), көктем 
қоянбұршақ (сочевичник весенний), қазжуа (гуси-
ный лук) т.б. Ағашты өсімдіктер жапырақтары толық 
жетілгенше гүлдеп жеміс түзіп, көлеңке түскенше 
жеміс, тұқымдарын таратады. Саңырауқұлақтар 
түрлері 
жиналып 
кептіріледі. 
Анықталады. 
Қалпақшалы саңырауқұлақтың нақнұсқасын жасау 
үшін жинап алынған саңырауқұлақтарды ұзыннан 
екі бөліп, ішіндегі жұмсағын алып тастау керек. Ал-
дын ала желім жағылған қағазға кесілген жағын ішіне 
қаратып жапсырып, құрғақ газеттің арасына салып 
әлсін-әлсін ауыстырып кептіреді. Ол үшін сыртындағы 
газетін күніне екі рет ауыстырып тұру қажет. Бір жеті 
өткен соң, саңырауқұлақты астындағы жапсырылған 
қағазымен қоса қырқып алып, басқа ақ қағазға жап-
сырып, төменгі оң жағына сипаттамасын жазып, 
кеппешөп дайындайды. 
Сонымен қатар төмендегі зерттеулер жүргізіледі.
1 Ағашты өсімдіктердің түрлерін анықтау. Бөрік ба-
сын сипаттау. 
2 Орманның өсімдіктерінің ярустылығын анықтау. 
3Шөптесін өсімдіктердің түрлерін, олардың 
фенологиялық фазасын көрсету. 
4 Шөптесін өсімдіктердің жапырақтарының мор-
фологиясына көңіл аудару, доми-нантты түрлерін, 
олардың 
тіршілік 
формаларын, 
біржылдық, 
көпжылдық екенін көрсету. 
Орманда өсетін 14 тұқымдасқа біріктірілген 22 
түрден тіршілік формасы бойынша 4 түр шөптесін, 13 
түр ағашты, 5 түр бұталы өсімдіктер кездесті.
Фазасы: «―» - гүлдеген жоқ; «+» - гүлдеп жеміс 
түзуде; «#» - жемісі пісіп, тұқымы шашылған;
Друде бойынша молшылығы: Soс – фон түзеді; 
Cop1 - өте көп болып кездеседі ; Cop2 – көп болып 
өседі; Sol - жеткілікті; Sp – бірлі жарым ; Un – біреу.
Өсімдіктердің көп түрлілігімен жалпақ жапырақты 
орман қылқан жапырақты орманнан ерекшеленеді. 
Жалпақ жапырақты орман салқын болады. Өсімдіктер 
бірлестіктері күрделі. Тек ағашты өсімдіктердің 2-3 
ярусы анық байқалса. Қылқан жапырақты орманда 
бір ғана ярус болады. Жалпақ жапырақты орманда 
шөптесін өсімдіктердің түрлері көп болып 2 – 3 ярус 
түзеді. Бұталы, жартылай бұталы өсімдіктер де 2 – 3 
ярус түзеді. Жалпы алғанда жалпақ жапырақты орман-
да 5-8 ярус болады (1- сурет).
1 - сурет. Ормандағы өсімдіктердің ярустарының 
(сызба нұсқасы).
Орманда өсідіктердің таралуы біркелкі емес. Жарық 
мол түсетін участкілерде өсімдіктер қалың, түрлері де 
көп болады. Жалпақ жапырақты орманда топырақтың 
мүк жамылғысы болмайды. Мәңгі жасыл жапырақты 
өсімдіктер аз. Шөптесін өсімдіктердің түрлері көп, 
әсіресе көп жылдық астықтар мен қияқөлеңдердің 
түрлері көп. 
Жалпақ жапырақты орманда ерте көктемде гүлдейтін 
бәйшешектің түрлері жеткілікті. Қылқан жапырақты 
орманда олар болмайды. Жалпақ жапырақты ор-
ман жаз бойы аспектісін (сыртқы көрінісі) бірнеше 
рет өзгертеді. Ерте көктемде бәйшешектер сосын 
бұталы өсімдіктер гүлдейді. Ағашты өсімдіктердің 
жапырақтары әлі толық жетілмей жасыл түсті бо-
лады. Күзде тағы өзгеріп ағашты өсімдіктердің 
жапырақтары қызарады, сосын жапырақтары түсіп, 
орман жалаңаштанады . 
Ағашты өсімдіктерден жалпақ жапырақты орманда 
қотыр қайың, көктерек (2,3 суреттер); үйеңкі, жөке, 
мойыл, шырша, қарағаймен араласып өседі. Жалпақ 
жапырақты орманда долана, орманжаңғақ (лещина), 
үшқат (жимолость), таңқұрай (малина), қарақат (смо-
родина) сияқты бұталы өсімдіктер де өседі. Орманда 
өсетін орнына қарай ағашты өсімдіктердің сыртқы 
пішіні өзгереді. Тығыз өсетін орманда ағашты өсімдік 
сидам болып өсіп, төменгі жағы бұтақталмаған, бөрік 
басы нашар болып жетіледі. Ал ашық алаңда сирек 
болып өсетін ағаштар жарықтың мол болып түсуіне 
байланысты көлеңке аз болып, сыртқы пішіні басқаша 
болып өседі. Олар онша биік емес, діңі түбінен ұшына 
дейін бұтақталған, бөрік басы жақсы жетілген болады.
Орманда тіршілік үшін күрес жақсы байқалады. 
Әртүрлі жастағы ағаштардың тіршілік қабілеті әртүрлі 
болып, жас ағаштар ересек дараларының көлеңкесінде 
қалып, баяу өсіп біртіндеп қурап қалады. Сөйтіп 
тіршілік үшін табиғи жолмен күреседі.
Сурет 2 - Қотыр қайың (береза бородавчатая):1 
– гүл шоғыры бар бұтағы; 2 – біріккен жемістері 
бар бұтағы; 3 – аталық гүл шоғыры; 4 – аналық гүл 
шоғыры (дихазий); 5 – жеміс.
Сурет 3 - Көк терек (осина): 1 – аналық гүл шоғыры 
бар бұтағы; 2 – вегетативті бұтақ; 3 – біріккен жемістері 
бар бұтағы.
Топырақ, рельеф, ылғалдылыққа байланысты 
орманның кейбір учаскелерінде құрамы әртүрлі болып 
топталып ағаштар өседі.
Орман фитоценозында өсімдіктердің ярустылығы 
айқын байқалады. Ормандағы өсімдік қалдықтарының 
шірінділерінде 
сапрофитті 
қоректенетін 
саңырауқұлақтар өседі. Студенттер сапрофит 
саңырауқұлақтармен, микориза құбылысымен таны-
сады. Ағашты өсімдіктердің тамырларынан микориза-
ны көруге болады. 
Орманда ағашты өсімдіктер тұқымдарымен қатар та-
мыр атпалары, ағаш діңіндегі бұйыққан бүршіктерден 
өсетін жас бұтақтар арқылы вегетативті жолмен де 
көбейеді. Бұл құбылыс жалпақ жапырақты орманға 
тән, қылқан жапырақты орманда кездеспейді. 
Орманның өсімдіктер құрамына топырақ және 
климат әсер етеді. Мысалы, қарағайлы орман құрғақ 
құмды топырақта, шыршалы орман сазды, ылғалы 
жеткілікті топырақта өседі. Солтүстіктің салқын ауа 
райында қылқан жапырақты, қоңыржай белдеуде 


100
жалпақ жапырақты орман өседі. 
Орманда ағашты өсімдіктердің әсерінен өзгеше ауа 
райы микроклимат қалыптасады. Желдің қарқыны 
төмен, даламен салыстырғанда ауаның температу-
расы мен ылғалдылығы жоғары. Орман топырақтың 
түзілуіне әсерін тигізеді. Жыл сайын ағаштар 
жапырақтарын, бұтақтарын тастайды. Олар орман 
топырағы бетіне жиналады. Біртіндеп микроорга-
низмдер (бактериялар мен саңырауқұлақтар) әсерінен 
қарашірікке – гумусқа айналады. 
Сонымен бірге төсемікке түсетін жапырақтар 
мен бұтақтар көктемде қар ерігенде, жазда жаңбыр 
жауғанда, суды жинайды. Нәтижесінде ағашты 
өсімдіктер жақсы өседі. Орманды қоршаған терри-
торияда да микроклимат түзеді, температура мен 
ылғалдылығында кенеттен өзгерістер жүрмейді. 
Орманға жарық шашырап түседі. Ормандағы 
бірлестіктер, ондағы доминанттар ярустылығы анық 
байқалады. Өсімдіктер бірлестігіндегі өсімдіктер көп 
түрлі болады. Бірақ әртүрлі өсімдіктер туыстарының 
түрлерінің даралары саны әртүрлі болады. 
Кез келген орманда оның негізін түзетін ағашты 
өсімдіктердің түрлері болады. Оларды орман түзушілер 
немесе доминанттар деп атайды. Сол өсімдіктерге 
байланысты қарағайлы орман, жалпақ жапырақты, 
шыршалы қайыңды орман деп атайды. Әрбір орманда 
тарихи филогенетикалық даму үдерістерінде тіршілік 
үшін күресте өздеріне тән экологиялық ерекшеліктері 
қалыптасады. Нәтижесінде биоценозда орманда жақсы 
жетілетін өсімдіктердің ярустылығы қалыптасады. 
Жерасты ярустылығы да болады. Нәтижесінде 
әртүрлі өсімдіктер әртүрлі деңгейден топырақтағы 
суды және онда еріген минералдық заттарды сіңіреді. 
Орманда өсімдіктердің ботаникалық құрамына тек 
ауа райы мен топырақ қана әсер етіп қоймайды, со-
нымен бірге жануарлар да әсерін тигізеді. Орманның 
құрылысына оның өзгеруіне, адам да өзінің іс-
әрекетімен ықпал етеді (антропогендік фактор). Көбіне 
орманның құрылымының өзгерісінде антропогендік 
фактор шешуші роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет