106
public figure A. Kekilbaev.
Ұлт жанының жанашыры, кемеңгер жазушы,
көсем сөздің білгірі, ойшыл ғұлама Әбіш Кекілбаев
тұлғасы – қазақ руханиятында өзінің шығармашылық
қолтаңбасы айрықша, рухани-мәдени өресі биік тар-
лан тұлға ретінде танылады. Қайталанбас қасиетке ие
қаламгер тұлғасын танудың бір қыры – автордың та-
нымы мен прагматикалық уәж-мақсатынан туындаған,
жазушы тілдік тұлғасын сипаттайтын авторлық
метафоралық сөз үлгілері. Ұлы суреткердің мол
мұрасынан мұндай көріктеу амал-тәсілдерін танып-
біліп, зерделеу үшін нақты деректер келтіре отырып,
қысқаша талдау жасағанды мақсат еттік.
Зерттеу еңбектердегі деректерге сүйенер болсақ,
метафора (балау) негізгі
көріктеу құралы болып та-
нылады. Көркем сөз шеберлері шығармаларында
көріктеу құралдарын тосын көркем бейнелер, ерекше
экспрессияға құрылған сюжеттер жасау үшін пайда-
ланады. Қазіргі таңда жарық көрген көптеген ғылыми
зерттеу жұмыстар мен мақалаларда метафоралық
тілдік бірліктер жазушының «тілдік тұлғасын сомдай
түсетін негізгі көріктеу құралы ретінде қарастырылып
келеді» [1, 37 б.].
Ғалымдардың
пайымдауынша,
метафора
әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі
индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік
құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға,
сөз суретшісіне, тек сол тұлғаға ғана тән қасиет болып
танылады.
Бүгінгі тілтаным ғылымында зерттеушілер метафо-
раны ойлаумен, таныммен, философиямен, психологи-
ямен, поэтикамен (көркем әдебиетпен) шешендікпен,
лингвистиканың түрлі салаларымен байланыстырып,
түрлі қырынан зерделеп келеді. Бұдан метафораның
тек тілге ғана емес, адам ойлауымен байланысты басқа
құбылыстарға тән екендігін, оның қолданылу аясының
кеңдігін аңғаруға болады.
Негізінен, метафора – адамның ойлау қабілеті
мен таным көкжиегіне байланысты туындайтын
тілдік құбылыс. Бұл құбылыс жайында зерттеуші
А.Салқынбай мынадай ой-тұжырым жасайды: «Мета-
фора – сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика
мен лексикологияда
метафора номинациялық құрал
ретінде қарастырылады» [2, 124 б.]. Ал белгілі ғалым
Б.Хасанов «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы
қолданылуы» атты еңбегінде метафора құбылысына
мынадай сипаттама береді: «Метафора – тіл байлығын
құлпыртқан қат-қабат мағына туғызушы әрі терең сыр-
лы мән беріп, сөзді астарлай қолдану тәсілі. Метафо-
ра – көркем әдебиетке ғана тән құбылыс емес, сөйлеу
мәдениетіміздің көне тарихымен құрдас қалыптасқан,
образды ойымыздың дамуынан көрініс беретін
маңызды элемент [3, 190 б.]. Ғалымның пікірі бойын-
ша, кез келген жазушының шығармасында немесе ав-
торы белгісіз халық туындыларында метафораның екі
түрі ұшырасады: бірі – бүкіл халыққа түсінікті, тұрақты
ауыс мағына алған, дәстүрлі қолданылып келе жатқан
метафоралар, екіншісі – әлі жалпыхалықтық сипат ала
қоймаған, жеке тұлғаның сөздік қорынан шыққан ме-
тафоралар. Олар көбіне әдебиетте қолданылатын және
лингвистикадағы метафора деп ажыратылып, екеуі
екі ғылымның нысаны ретінде қарастырылып келеді.
Мәселен, Ә.Кекілбаев тұлғасының жеке сөздік қорын
сипаттайтын үзінді келтірелік:
Одан да тыныш ішіп тапқаныңды,
Өлеңнің біл отына таптануды.
Үмітке жүкті дүние туар бір күн,
Айтар сол бұрқануды, аттануды (Дүние ғапыл) де-
ген өлең үзіндісіндегі үмітке жүкті дүние метафора-
сы – автордың тілдік тұлғасын сипаттайтын жеке сөз
қолданысы болып танылады. Ең алдымен, автордың
сөйлемде өзек етіп алған «дүние» сөзінің мағынасына
келсек, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» Дүние
ар. зат. 1. Өмір, тіршілік. 2.Зат, мүлік, жиһаз, нәрсе.
3. Әлем, жер жүзі, жиһан. 4. Табиғат, жаратылыс.
5.Табиғат пен қоғамдағы белгілі ортадағы өмір
сүретіндердің тобы, жиынтығы. 6. Ауыс. Белгілі
сөздермен қосылып, мол, көп деген ұғымды білдіреді
[4, 204 б.]. Бұл сөйлемде дүние сөзі қаламгер
тілінде сөздікте көрсетілген бірінші өмір,
тіршілік
мағынасында қолданылған.Яғни өмірдің, тіршіліктің,
жақсылықтың нышанын күтуде екенін, үлкен үміттің
бар екенін, болашақтың бейнесін автор өзіндік таным-
түйсігімен оқырманға әсерлі де шебер жеткізіп
отыр. Мұндағы үмітке жүкті дүние қолданысы ұқсас
ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туындаған
авторлық (окказионалдық) метафора ретінде таныла-
ды.
Авторлық қолданысқа негіз болған ұқсастық
олардың белгілі бір жағдаятқа байланыстылығы деп
білеміз. Метафораның тәсіл ретіндегі басты мақсаты
заттар мен құбылыстарға атау беру болғандықтан,
олардың жасалуында ұқсастық сезім мүшелерінің
көмегімен де жүзеге асады. Ойымыздың дәлелі
ретінде Ә.Кекілбаевтың аталмыш туындысынан тағы
бір үзіндіге назар аударалық:
Күткен күн келе қоймас сағынғанмен,
Шырпынбас бедеу дүние шабынғанмен
От боп еріт көкіректің тақыр мұзын.
Мұндағы көкіректің тақыр мұзы окказионалдық ме-
тафорасы автордың поэтикалық ойлау жүйесін, таным
қабілетін аңғартады. Мәнмәтінде әбден күдер үзген
үміттің, көңілі қалған жүректің, қатып қалған сезімді
ояту мақсатында туындаған автор тұлғасына тән ерек-
ше бейнелі метафора деп бағамдаймыз.
Ғалым Б.Хасановтың еңбегінен кейін қазақ
тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармалары
негізінде метафоралық құбылыстардың денін ұлттық
болмыспен, ұлттық таныммен байланыста қарастыру
біршама зерттеу нысанына айналып келеді. Соның
айғағы – зерттеуші А.Сыбанбаеваның «Метафораның
тілдік болмысы және концептуалды метафоралар»
атты еңбегін атап өтуімізге болады. Еңбекте қазақ
тіліндегі метафораның лингвистикалық табиғаты
кеңінен түсіндіріліп,
оның ұлт тіліндегі танымдық
қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетіледі.
Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері
мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп,
оның құрылымдық сипаты айқындалып беріледі [5, 65
б.].
Суреткер тұлғасын танытатын метафора тілді байы-
та түседі, ол көріктеу тәсілі арқылы бұрын болмаған
107
тың оралымдар енгізіледі, әсіресе жеке автордың та-
нымынан туындаған қолданыстар тілдің поэтикалық
деңгейін арттыра түседі. Мысалы:
Қараңғылық қымтап алып бір күні,
Жұмылып қап күміс күннің кірпігі.
Сыпырғышы ажал деген тирақтың
Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні (Сонда).
Бұл қолданыстағы окказионалдық метафораны жаса-
уда автор адамның бойында болатын нәрсенің (кірпік)
күннің бір белгісі ретінде көрсетіп тұр. Сонымен қатар
күнді күміске балап отыр. Яғни бір затты, іс-әрекетті,
құбылысты басқа бір затқа, әрекетке, құбылысқа ба-
лап сипаттағанда, суреттегенде олардың арасындағы
ортақ белгі қасиеттер негізге алынады. Сондықтан да
образды метафора адамның айналадағы болмысты та-
нып білуінің шығармашылық тәсілі, өмірдегі шындық
құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды сарапқа
салудың, ой қорытудың, пайымдау жасаудың құралы
деп те қарауға болады.
Автор тілдік тұлғасын сипаттайтын метафоралар
сөзқолданыста елеулі қызмет атқарады. Ол сөзге атау
беріп, жаңа мағына тудырады, көркем бейнелер жасай-
ды, сөз мағынасына көркемдік түр беріп қана қоймай,
айтылған ойға терең, жанды сипат береді. Сөзге
эмоционалды-экспрессивті мән үстейді. Метафоралық
қолданыстағы сөз мағынасынан әр тілдің өзіндік
ерекшелігі
мен өзіндік нақыш-бояуы, ұлттық сипаты
көрінеді.
Анадайдан оны көріп бүлкілдеп,
Жорытады атың.
Көзіңе де жылтың кеп,
Қуаныштың домбырасы кеудеңе
Майда қоңыр күй тартады шіңкілдеп. Бұл үзіндідегі
қуаныштың домбырасы метафорасы Ә.Кекілбаевтың
өзіндік дүниетаным ерекшелігінен туындаған.
Мұндағы домбыра әуен ұғымымен байланысты
түсіндірілуі керек еді. Ұлттық мәдени ерекшеліктерден
хабар беретін домбыра сөзі автордың жеке танымы-
мен берілген қуаныштың символы болса, поэтикалық
мәнмәтінде қуанып тұрған адам бейнесін көз алдыңа
елестетеді. Бұл көріктеу құралы – жазушының тілдік
тұлғасын ерекше танытатын вербалды-семантикалық
көрінісі деп түсінеміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдардағы авторлық мета-
форалардан жазушы ақиқат дүниедегі құбылыстарды
бақылай отырып, олардың арасындағы байланысты
оқырманға әсерлі етіп жеткізе білген. Шығармашылық
әрекеті барысында ол сырт дүниені өзінің көзімен
басқаша пішіп, оның ішкі мәнін көрсету үшін өзінің
жеке авторлық әлемін жасаған. Метафораға бір-біріне
сәйкес келмейтін, үйлеспейтін ұғымдарды байланы-
стыру амалы тән. Мұндай ой-түсініктен түйетініміз:
тілдік тұлғаны айқындаудың бір өлшемі болып та-
былатын метафоралық құрылымдарға жазушы
Ә.Кекілбаевтың жеке қолданыстағы осы қасиеттерді
өз бойына жинақтағаны байқалады.
Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі
түрге бөлінеді: тілдік (дәстүрлі) метафора; поэтикалық
(сөйлеу кезінде туындайтын контекстік) метафора кей-
де индивидуалды-авторлық метафоралар
деп те атай-
ды.
Дәстүрлі не тілдік метафораларда тұтас бір
халықтың ортақ бейнелі ойы, дүниетанымы
білдіріледі. Сондықтан олардың білдіретін мағынасы
көпшілікке түсінікті болады. Ал авторлық метафора-
лар жеке адамның дүниені бейнелі қабылдауын, таным
ерекшелігін көрсетеді. Жеке қолданыстағы метафо-
ра белгілі бір ақынның я жазушының қолданысында
өмір сүреді. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын
сөздің келтірінді мағынасы қашанда автордың жеке
тұлғалық ерекшелігін көрсетеді. Мысалы: Қазақтың
бағы жүрсе ¬– кәукілдеген мақтан әңгімесі, гуле-
ген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең
жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа
толы болады (Үркер). Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге,
кіндігін айға ілген кердең жүріс авторлық қолданысы
адамның мінез-құлқына байланысты пайда болып,
жүріс-тұрысты бейнелеу мақсатында жұмсалып тұр.
Жазушы шалқайып, шіреніп жүру мағынасындағы
жүрісті бейнелеу үшін бір-бірімен үйлеспейтін
сөздерді өзара байланыстыру арқылы окказионалдық
қолданыс жасауға мәжбүр болған.
Жеке авторлық қолданыстағы метафоралар тілдік
тұлғаның ерекше
поэтикалық ойлау мен таным
қабілетін көрсетеді. Демек, метафора – жеке тұлғаның
әлемді тануы және әлемнің тілдік бейнесін түзуінің
бірден-бір көркемдік тәсілі. Бұл тәсіл поэтикалық
мәтінде табиғат пен адам белгілерін, қасиеттерін өзара
үйлестіріп, бір-біріне ұқсатып, балама жасауда жиі
кездеседі.
Қысы-жазы қытырынған Атырау теңіз,
Зәрленіп зытырымнан жатыр-ау деңіз.
Қаскөйдей қабағын ашпай тұнжырайды,
Қапелімде жақпай қалды екен, апыр-ау неміз?
Бұл жерде жазушы Ә.Кекілбаев Атырау теңізінің
толқынын зәрленіп, ашуға булығып тұрғанын бей-
нелеу мақсатында қытырынған баламасы арқылы
жеке қолданыстағы метафора жасау уәжін көздеген.
Автордың қытырынған бейнелі сөзін қолданудағы
уәжі Атырау теңізінің өзіндік қасиеті мен белгілерін
оқырманға әсерлі етіп жеткізуді аңғартқандай бола-
ды. Жалпы бейнелі сөздердің қолданылуы әлемдегі
әрбір болмыстың өзіндік
қасиеті мен белгілеріндегі
ұқсастықты анықтай біліп, ассоциациялық қор
жинақтауға негіз болады. Бұл – әлемнің тілдік
бейнесін сипаттаудың ең тиімді тәсілі. Бір заттың
бейнесі, оның белгілері мен қасиеттері арқылы екінші
зат не құбылысты тануға жәрдем етеді. М ұ н д а й
тосын метафоралық қолданыстар жазушының Тілдік
тұлға ретіндегі ерекше қолтаңбасын танытады.
Сыпырғышы ажал деген тирақтың
Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні.
Мұндағы сыпырғыш, біріншіден, өлімнің,
ажалдың метафоралық ойлау нәтижесінде жасалынған
көркем бейнесі, екіншіден, ақынның ішкі көңіл-күй
толқынысы мен сезімдерінің жинақталған көркем
бейнесі. Бұл жердегі Сыпырғышы ажал деген тирақтың
авторлық қолданысы көркемдік үшін алынған жай
метафоралық тіркес емес, ақынның дүниетаным
түсінігіне тірек болып тұрған концептілік бірлік деп
түсінеміз. Жоғарыда көрсетілгендей
сөзде заттың өзі
белгіленбейді, аталмайды, зат туралы адамның сана-
сында бейнеленген түсінік пайда болады, қандай да
бір тірек сөз концепт дәрежесінде танылады.