Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Хасанов Б., Қазақ тілінде сөздердің метафоралы
қолданылуы - Алматы – 1966жыл
2.Кәрібаева С.Е., С.Мұқанов поэзиясындағы
авторлық метафоралар (когнитивитік аспект) / фил.
ғыл.канд. дисс... Астана, 2010
3.Райымбекұлы М. Кентавр өлеңдер жинағы. – Ал
-
маты
4.Райымбекұлы М. Ай: өлеңдер мен поэма. – Алма
-
ты. - 2001
5.Райымбекұлы М. Асау өлеңдер жинағы. – Алматы.
– 2014
КОНТРАСТИВТІ ЛИНГВИСТИКАНЫҢ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨшУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Ағайдар Бағила Нұрланқызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Ширек ғасырды артқа тастаған айбыны асқақ азат
елдің жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа
бастауы - латын графикасына көшу.
Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жариялаған
«Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан
бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін»
мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы «...
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның,
сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру
процестерінің ерекшеліктеріне байланысты...»[1.] деп
атап көрсетті.
Осылайша жаңа әліпбиге көшу - бүкіл түрік әлемімен
бұрынғыдан да жақындаса түсудің, жаһандық өркениет
жетістіктеріне бастар басты даңғыл жолы, негізгі
факторы. Сонымен қатар өзге елдерде өмір сүретін
қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас
жасауларын жеңілдетеді.
Қазір тіліміздің табиғи заңдылықтары бұзылып бара
жатқаны жасырын емес. Өзге тілдің дыбысы мен сөзі
тілімізді шұбарлауда. Айтылым мен жазылым арасы
алшақтап, бір-біріне сәйкес келмей отыр. Бұл әсіресе
тіліміздің фонетикалық жүйесіне қатты әсер ететіні
айтпаса да белгілі. Үндестік заңы бұзылды. Бұл деген
қазақ тілі әуезділігінен айырылды.
Тіліміз осы заманғы ғылыми-техникалық прогеске
икемді болмады, терминологиямыз жетіспейді деумен
өзге тілдің сөзін аударамыз деп өзегіміз талды. Басқа
тілден сөз ауысу тоқтады. Кірме сөздер қазақтың ай-
тылуына негізделмей, сол тілдің нұсқасында енді.
Тіліміз «импорттанған» сөздерге толды.
Өзге тілден сөз алғанда оны басып, жаншып ұлттық
дәстүрде алу керек деген принцип далада қалды.
Міне, осындай және тағы басқа да фокторлар тілімізді
дамытуға кедергі келтіріп отыр.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, әлемнің
дамыған тілдерінің қатарына қосу, болашақ тілі бо-
луына жағдай жасау - әрбір қазақ азаматының арма-
ны. Біз бүгінгі күні әліпби ауыстыру арқылы осы
уақытқа дейін кеткен кемшіліктерді жоя отырып, жаңа
тұрпаттағы тіл дамыту жұмысын саналы түрде қолға
алуымыз қажет.
Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір саты-
сы екендігін ескерсек, бұл бағытта ғалымдар алдында
жасалануы қажет жұмыстың салмағы ауыр екендігін
ұмытпау керек.
Соның бірі, жаңа әліпбиге жасалған реформада
контрастивті лингвистикалық зерттеулерді барынша
басшылыққа алу. Осы уақытқа дейін салыстырмалы
тарихи әдіс жиынтығы тіл тарихын зерттеудің аса
маңызды құралы болып келді. Алайда, бұл әдістің ең
көкейкесті мәселесі – туыс тілдер жүйесінің тарихи
дамуындағы заңдылықтарды анықтау болғандығы жа-
сырын емес.
Қазақ тілі латын әліпбиіне көшсе туыс емес
тілдер заңдылығын зерттеу қажеттілігі туындай-
ды. Контрастивтік лингвистика негізінде жатқан
салғастырмалы әдіс болса бүкіл тілге тән ерек-
ше заңдылықтарды, сондай-ақ туыс емес тілдердің
ұқсастықтарын түсіндіріп бере алады. Бұл – латын
графикасына көшуде тілдік заңдылықтарымызды
өзгертуге біршама мүмкіндік беріп, тіл білімі
ғылымына жаңа көзқарас алып келеді.
112
Контрастивтік лингвистика (салғастырмалы тіл
білімі) – жалпы тіл білімінде ХХ ғ. 50 ж. бері қарқынды
дамыған бағыт. «Контрастивтік линвистистиканың
неғұрлым көлемді салыстырмалы-салғастырмалы са-
ладан бөлініп шығуына контрастивтік зерттеулерге
арналған арнайы концепциялар (алғаш рет 1968 ж.
АҚШ-та) себеп болды. Контрастивтік лингвистиканың
басталуы 1957 ж. Р.Ладонның еңбегімен байланысты-
рылады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы
орыс тілі мамандарының (А.А.Потебня, Ф.Е.Корш,
Е.Д.Поливанов, В.А.Богородицкий, И.А.Бодуэн де
Кортенэ, Л.В.Щерба) еңбектерінде контрастивтік линг-
вистика жөнінде бай материал сақталған. Дегенмен,
контрастивтік лингвистиканың жалпы тіл білімінде
алатын орны әлі де анықтауды қажет етеді» [2.159]
Латын графикасына көшу қазақ тілінің дыбыстық
жүйесін табиғи қалыпқа түсіріп, жасандылыққа
ұрынған
артикуляциялық
базасынан
арылта-
ды. Тиісінше әріп сандары қысқарып, үйренуді
жеңілдетеді, жазу сыйымдылығы артады.
Латын әліпбиіне көшуде әріп сандары қысқарып,
жазу сыйымдылығы артатыны заңды құбылыс. Осы
арада ағылшын тіліндегі жазылымда қысқарып жазы-
латын сөздерге мән берсек.
Ағылшын тілінде қысқарған сөздің түрі көп кездеседі.
Сондықтан олардың өзін жасалу ерекшелігіне қарай
топтауға болады:
1-түрдегі қысқарым: sister = sis, telephone = phone,
doctor=doc, т.б. Бұл – буындық қысқару түрі.
2-түрдегі қысқарым: аmerasian=аmerican+аsian
(америка-азиаттық адам), botel=boat+hotel (кемедегі
мейманхана), fruice=fruit+juice (жеміс шырыны).
Бұлар екі сөздің буындық қысқаруынан бірігіп жаңа
тұлғажасамдық күрделі сөз құрайды. Қазақ тілінде
мұндай тұлғалар бірігу амалының кірігу жолы
(кіріккен сөз) болып табылса, ағылшын тілінде бұлар
қысқарған сөздер ішіне еніп отыр.
3-түрі
–
цифрлық
қысқарым.
Цифрлық
технологияның дамуымен жаңа цифрлық тіл де пайда
болды, бұл ағылшын тілінің әсерінен қазақ тілінде де
орын ала бастады. Бірақ олардың қолданыс аясы әлі
тар. Негізінен әлеуметтік желіде қолданылады: CYO=
see you online (желіде көрісеміз), FOAF= friend of a
friend (достар бір-бірі үшін...) , DIKY= Do I know you?
(Мен сені танимын ба?)
4-қысқарым түрі – слэнгтер. Бұл ағылшын тілінде көп
уақыттан бері қолданылып келеді. Жиі қолданылатын
сөздер жазуда да, айтуда бір деңгейге түсіп кетті. Мы-
салы: Want to=Wanna, Give me= Gimme, Got to= Gotta,
Going to=Gonna.
Слэнгтердің ішінде дыбысталуына байланыста
қысқарған сөздер де бар. Олар көп жағдайда сол
дыбысталған қысқарым түрінде жазылады: «Dollar
[‘dↄlә]» [3.71]=Dolla, «little [‘li’tl]» [3.181] = lil’, «about
[ә‘bout]»[3.8]= ‘bout. Қазақ тілінде болса сөздердің
дыбысталуындағы қысқару олардың жазылуына
әсер етпейді. Мәселен «түрікмен [түр’кмен]»[4.654],
«мойны озу [мойн’озұу]» [4.464] Бұл қазақ тілінің
орфоэпиялық және орфографиялық заңдылығына
байланысты. Бірақ тілімізде морфонологиялық
құбылыстар
бар.
Мәселен,
қазақ
тілінің
лингвистикалық түсіндірме сөздігінде [5] «Барамын-
барам», «келемін-келем», «барғанмын-барғам» сияқты
сөздерде соңғы буын түсіп қалатындығын көрсетеді.
Сонымен қатар, тілімізде гаплологиялық құбылыстар
(бұл күн-бүгін, алып кел-әкел) бар екендігін айта кет-
кен жөн.
5-қысқарым түрі– графикалық қысқарту (Graphical
shortening): street= St., Mister=Mr. , Doctor= Dr., page=p.,
gram=gm.
Қазақ тіліне графикалық қысқарған сөздер ағылшын
тілінен енгені көрінеді: кг, мг, мл, дц, т.б.
6-қысқарым түрі – латинизмдер: ante meridim=a.m.
(түстен кейін) , example gratia= e.g (мысалы) , id est
= i.e (яғни). Қазақ тілінде де осы тәсілмен қысқарған
сөздер қалыптасқан: тағы басқа – т.б., тағы сол сияқты
–т.с.с.
7-қысқарым түрі – апстрофтық қысқарым. Ағылшын
тілінде көмекші және модаль етістіктер апстрофпен
(‘) қысқарады: do not=don’t, are= ‘re, have=’ve. Қазақ
тілінде апострофтық қысқарту кездеспейді.
8-қысқарым
түрі
–
акронимдер
ішіндегі
математиалық қысқарымдар: &=and, 24/7=around the
clock, 404= I do not know.
9-қысқарым түрі – инициализмдер: AGM, CEO,
ASAP т.б. Бұл түрі қазақ тілінде де қалыптасты: ҚР,
ҰБТ, ҚХР, т.б
Байқағанымыздай
ағылшын-қазақ
тілдерінде
қысқарымдарда ұқсастық бар. Қысқарым – заман тала-
бы. Осы орайда, ағылшынның I`m, It's секілді қысқарым
түрлерін қазақ тіліне латын графикасына ауысу ба-
рысында енгізу қажеттілі бар. Тек қазақ, ағылшын
тілдеріндегі аббревиатуралардың кей түрлерін жазу
барысында септелу, көптелу, жіктелу жүйесінде
салғастырып қарасақ әр тілдегі аббревиатуралардың
өзіндік ерекшелігі байқалатынын ұмытпау керек.
1-кесте
Ағылшын тілінде
Қазақ
тілінің
латын
графикасындағы нұсқасында
I`m Mе'ń (Menіń)
My father啊s name
Ме啊ń ákem啊ń aty
Жастар қолданысындағы слэнгтер қазірдің өзінде
тілімізде қысқарып айтылып жатыр. Латын графика-
сына көшу барысында қоғам қолданысына қарай линг-
вистикамызда өзгерістер орын алуы мүмкін. Бұл арада
ең негізгі мәселе – үнемдеу, тиянақтылық.
Яғни, кестеден байқағандай, қазақ тіліндегі ілік
септігінің жазылымын қысқарту мәселесін қарастыру
керек сияқы. Әрине, бұл ұсыныс әлі зерттеуді талап
ететін даулы мәселе екенін білеміз.
Латын графикасына ауысуда сөздерді жазуда
қысқарым жасаудың ғылыми өзектілігі бар.
Ағылшын тіліндегі қысқарымдар жасалуына назар
аударсақ. Ағылшын тілінде зерттеуші О.Кастерина
өзінің кандидаттық диссертация авторефератында [6]
қысқарған және жаңа сөздіктерді пайдалана отырып ар-
найы зерттеу жүргізу барысында аббревиатуралардың
жасалу тәсілін келесідей топтастырады: «частично-
сокращенных сокращений , инициально-словных,
слоговых (апокопа, аферезис, синкопа,стяжение),сл
ожнослоговых, сращений(телескопов или накладок,
инихщально-слоговых,буквенных, акронимов, совпа-
дающихпо форме с уже существующими словами,
113
акронимов, несовпадающих по форме» [6. 13]
Сондай-ақ ағылшын тілінде қысқарған сөздер
ықшамдау мақсатында ғана емес, қарым-қатынас үшін
де қолданып, оларды «Механизм эвфемизации и табуи-
рования» деп атайды. «Эвфемизмы употребляются для
завуалирования уничижительной поотношению к ком-
муниканту лексики, которая апеллирует к его умствен-
ныспособностям, а так же «скрывает» употребление
некорректных сравнений:AFCPS< Any Fool Can Plainly
See,WAG< Wild Ass Guess, AYSOS< Are YoStupid Or
Something, LLAL< Laughing Like A Lunatic.Эвфемиз-
мы маскируют лексику, несущую некорректное отно-
шение к возрасту коммуниканта: OL< Old Lady, ОМ<
Old Man, XYL< Ex Young Lady, физическим недостат-
кам: NTTFLSловой и этнической принадлежности:НАВ< Hot Asian
Babe, ВАР< Black American Princess» [6, 16]. Біздің
мұнан байқайтынымыз, ағылшын тілінде сөздер тек
ықшамдалу мақсатында ғана емес белгілі бір ұлттық
таным ретінде қолданылуы. Яғни, қазақ тілінің таны-
мынан пайда болған табу сөздердің орнын ағылшын
тілінде қысқарған сөздер алмастырған.
Ағылшын тілінің ықпалы өте күштілігін аңғару
артық емес. Мысал келтіретін болсақ, ағылшындардың
өздері де емле-ережесінің қиын екендігін мойындай-
ды. Әйтсе де, бұл тіл емле-ережесі өздері үшін ғана.
Ағылшын мұншама емле-ережені өздерінің қырықтан
аса дыбыстарын бар болғаны 26 таңбамен беру үшін
үнемді ескерген. Олар тілінің емле- ережесін өзгертуді
мүлдем ойларына да алмайды.
Демек, ағылшын тілінің емле-ережесі – аз таңбамен
көп дыбысты қамтудың ең озық үлгісі. Ағылшын жа-
зуы өзіндік емле-ережесімен-ақ бүкіл дүние жүзін
игеруде. Олай болса, қай тілдің де ең қиын мәселесі
– оның емле- ережесі. Емле-ереженің оңайы болмай-
ды. Екінші бір тілді үйрене алмау – сол тілдің емле-
ережесін меңгере алмаудан. Осы орайда айтарымыз,
латын әліпбиі мен ағылшын тілінің емле-ережесін ша-
тыстырмау жөн. Әліпби латындікі болса да, емле-ере-
же қазақтың өзінікі.
Жазуды өзгерту – қоғамның дамуымен байланысты.
Латын қарпіне көшу де, қысқарымдардың көбеюі де
осының салдары. Ал, контрастивті лингвистикада,
қазіргі Еуропа ғылымында жазудың маңызы мен рөлі
жоғары бағаланады. Бұл туралы Жак Дерриданың
жазған ғылыми зерттеулерін келтіруге болады[7].
«Вопросы истории письма, процесс его постепен-
ной фонетизации и линеаризации лежат в корнях
и основаниях всех наук», - деп жазады Ж.Деррида.
Жазудың табиғатын мәдени-философиялық бағытта
таразылаған Жак Деррида оның мәдени дамудағы
маңызды рөлін анықтайды.
Жаңа қазақ әліпбиін жасаушылар, мұрындық бо-
лып, нүктесін қоятындар тілші-фонолог ғалымдар мен
әлемдік дәрежедегі техниканың тіліне бейімдей ала-
тын информатик- программист мамандар латын гра-
фикасына ауысуда қысқарымдарға да мән берсе.
Қай әліпбиді таңдасақ та ондағы таңбалар қазақ
тілінің өзіндік дыбыстық жүйесіне сай келсе болғаны.
Қысқарымдарды осыға байланыстыра алсақ болғаны.
Көп дүниеден қорқудың қажеті жоқ.Өйткені латын тілі
– тек жазуда ғана қолданылатын өлі тіл. Сондықтан
оны ағылшын да, француз да, неміс те, италияндық
та, өзбек пен түріктер де пайдаланады. Латын әліпбиі
сондай-ақ ғылым мен техникада, әсіресе компьютер
тілі ретінде кеңінен қолданылады. Сондықтан латын
графикасына негізделген қазақ жазуын жасау – заман
талабы, уақыт сұранысы.
Әліпби ауыстыру - өз тілімізді ұмытып басқа тілге
көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысы сай
ету, қолданыс аясын арттырып, осы замаңғы ғылыми-
техникалық прогреске икемді тіл ету. Жаңа әліпбиді
игеру бүгін басталып, ертең аяқталатын мәселе емес.
Ол арнайы бекітілгеннен кейін өзіндік емле ережелері
жасалып, кезең-кезеңмен жүзеге асатын кешенді
үдеріс. Жаңа әліпбиді игере алмаймыз деп қорқудың,
дабыра қылудың еш қисыны жоқ. Қайта ана тілімізді
әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосатын жақсы
жаңалыққа үн қосу керек.
«Қазақ
графикасы
мен
орфографиясының
фонологиялық негіздері жөнінде зерттеу жүргізген
ғалым Н.Уәлиев айтылған сөзді арнайы таңбалармен
жазу мәселесін дыбыс – фонема – графема – әріп
байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант – вари-
ант тұрғысынан талдайды[8.14]. Сондықтан латын
әліпбиіне көшу жұмыстарында дыбыс – фонема – гра-
фема - әріп байланыстарын терең түсінетін ғалымдар
Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова сияқты т.б. фоно-
лог мамандардың сөзіне құлақ қойған жөн деп білеміз.
Латын графикасына (таңбасы) негіздерген қазақ
әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл
дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстар-
ды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әр
түрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Сондықтан Әліпби
жобасын жасау ісінде латын графикасын қазақ әліпбиіне
икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен
ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып
жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбек еңбектерінің
маңызы зор деп білеміз»[9.83] Қысқарымдарды латын
әліпбиіне ауысуда фонетикалық-графикалық мәселе
ретінде қарастыруға болады.
Ойымызды тұжырымдасақ, ағылшын, орыс
тілдеріндегі қысқарымдардың жасалу жолы қазақ
тілімен салғастыра қаралу қажет.. Қысқарған
сөздердің тұлғасына қарап сөзжасам саласындағы
жаңа аталымдық мағына көрсеткіші деп көрсету
дұрыс еместігі де, оның алғышарттары да көрсетілді.
Латын графикасына көшуде қысқарымдар саны арта
түседі. Оны белгілі-бір лингвистикалық жүйеге түсіру
де қажетігі туындайды.
Сондай-ақ прагмастилистикада қысқарымдардың
біршама мәселесі бар. Жалпы қысқарған сөздердің
әр тілде өзіндік орны бар. Кірмеліктің нәтижесінде
қазақ тілінде қысқарған сөздер көбейіп келеді. Бұл
бірліктердің прагмастилистикада да зерттеу нысаны-
на түсуі белглі бір жағдайда оң шешімін берері сөзсіз.
Осы бағытта зерттеу жүргізу барысында термино-
логия комитетінде қысқарған сөздер сөздігін жасау
қажеттілігі де туады.
Латын қарпіне көшу күрделі үдеріс, сондай-ақ
оның мақсаты - тілімізді дамыту және оны әлемдік
ақпараттық кеңістікке шығару. Бұл үшін әлі атқарылар
жұмыстарды жалғастырып, жаңа әліпбиді білім беру
114
жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік ба-
заны дайындау қажеттігіне кірісу керек
Жазу – әрбір халықтың
рухани, мәдени
өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор
құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті
жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, ал-
фавит адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі
ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын
байлығымыз.
Адамзат қоғамы жасаған мәдениеттің биік шыңы осы
жазу болып табылғандықтан оның қоғам өміріндегі
орны ерекше. Пиктографиялық және идеографиялық
жазулардан бастау алатын жазу тарихы адамзаттың
жүріп өткен жолынан мол ақпарат беретін басты
құндылық деп білеміз. Демек, қазіргі біздің латынға ау-
ысуымыз да болашақ үшін тарихи өзгеріс. Сондықтан,
біз заман талабын ескере қысқарымдарды да пайдала-
нуымыз керек.
Біз бұрынғыны қанағат етіп қана қалмай, алға
ұмтылған, әлемдегі дамыған озық елдердің деңгейінде
ғана емес, алдыңғы қатардан көрінуге мүмкіндігі
мол мемлекет ретінде әліпбиіміз бен жазуымызға да
мемлекеттік тіл дәрежесіндегі Қазақ тілін әлемге та-
ныта алатындай жағдай жасауымыз қажет. Латын гра-
фикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы
қазақ елін осы биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз
Қорыта келгенде, қазақ тілін реформалау - тарихи
мәні бар оқиға, бұл мәселеден ешкім назардан тыс
қалмауы қарастырылған.
Ғылымның бар болуы жазумен тікелей байланы-
сты, сондықтан сөйлеу мен жазудың қатынасының
басты анықтағышы да, ойлаудың таразыланып, ортақ
игілікке айналуының да басты әрі негізгі көрсеткіші
– жазу. Жазуды өзгерту арқылы біз көп дүниеге қол
жеткіземіз. Елдің, ұлттың тарихы таразыланғанда,
рухани мәдениетінің парқы мен нарқы зерделенгенде
жазудың қадірі арта түседі.
Латын қарпіне көшу күрделі де қиын, аса
жауапкершілігі мол қоғамдық әрі саяси үдеріс, сондай-
ақ оның мақсаты - тілімізді дамыту және оны әлемдік
ақпараттық кеңістікке шығару. Ол үшін әлі де жаңа
әліпбиді насихаттау жұмыстарын жалғастырып, бұдан
бөлек, мемлекет басшысы айтып өткендей, жаңа
әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер
мен әдістемелік базаны даярлау керек. Бұл - жаңа та-
рих бастауы
Достарыңызбен бөлісу: |