«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 112
жалқы есімдердің көркем мәтінде атқаратын қызметтері жайында былай дейді: “Жалқы
есімдер белсенді функционалды мәнділікті таратушылар ретінде көптеген кешенді
қызметтерді атқарады. Бейнелі сипаттамалық, жалпылама символдық, фондық, символды-
ассоциативті, суреттемелі-қолданбалы, кумулятивтік. Лингвистикалық ғылымда жалқы
есімдер категориясы көркемдік тұтастықтың ажырамайтын маңызды компоненттерінің бірі
болып табылады. Жалқы есімдердің мәтіннің әмбебап, лексикалық категориясы ретінде
көркем бейненің және оның мезгіл мен кеңістіктегі әрекетін эстетикалық іске асыруда үлесі
үлкен. Сөздік эстетикалық тұтастықта жалқы есімдер белсенді орын алады” [ 5, 170 б.].
Қазақстанның кең даласы мен таулы аймақтарын бейнелейтін топонимдердің, әрине,
ұлттық-мәдени, мәдени-тарихи мәні көркем мәтінде үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ел көшкен
көріністерде, жалпы қазақ жайлаған кеңістікті суреттеуде ұлттық-мәдени сипаты бар қазақ
топонимдерінің “Елең-алаң”, “Үркер” романдарында қызметі ерекше.
Аталмыш міндетті орындау үшін көркем мәтіндегі жалқы есім, әрине, идиоэтникалық
семантикаға, ұлттық-мәдени ерекшеліктерге ие болуы керек. Көркем мәтінде қолданылған
топонимдердің ұлттық-мәдени немесе тарихи-мәдени сипаты әдеби шығарма мәтінінде кейде
түсіндіріліп көрсетіліп берілсе, көп жағдайда олардың идиоэтникалық семантикасы
кодталған, астарлы күйінде қала береді. Сондай жалқы есімдердің ұлттық-мәдени мәнін,
мағынасын кейбір оқырман сезсе, таныса, кейбіреулері жалқы есімнің ту сыртында жатқан
көптеген мән-мағыналарын, мәдени өрісін білмейді. Жалқы есімдердің соның ішінде
топонимдердің мәдени-ұлттық коннотацияларын білу немесе білмеу – оқырманның аялық
білім деңгейіне байланысты болып келеді
Жалқы есімдердің этномәдени сипатын немесе идиоэтникалық семантикасын
бейтілдік немесе экстралингвистикалық факторлар қалыптастырады. Мәселен, қоршаған
ортаға көзқарас көп жағдайда көшпелі мал шаруашылық мұқтаждықтарына қатысты
қалыптасты, сол себепті табиғат ерекшеліктері мен жағдайларының басты белгілері
халықтық географиялық терминологияда және жер-су аттарында бейнеленген.
Идиоэтникалық, яғни ұлттық-мәдени семантиканы білдіретін жалқы есімдер көркем
мәтіннің онамастикалық кеңістігін, ғаламның халықтық (этникалық) ономастикалық
моделін, жазушының шығармашылық контексінде дүниенің ономастикалық бейнесін
құрайды.
Қазақ халқы өмірінің тарихи-мәдени болмысын бейнелейтін тілдік көркемдеу
құралдарының бірі болып табылатын топонимдердің этномәдени, тарихи т.б. сипаттары
көркем мәтінде елеулі рөл атқарады. Ұлттық-мәдени сипаты бар топонимдер арқылы
жазушы қазақ жері мен елінің тарихи-мәдени колоритін бейнелейді, халқымыздың басынан
өткерген дәурен мен дәуірлердің шынайы көріністерін жасай біледі.
Көркем мәтінде қолданылатын қазақ жалқы географиялық атаулар − топонимдер
мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1) мәтінде баяндалған оқиға-эпизодтардың кеңістік-мекендік (адрестік) межесін
көрсетеді;
2) мәтіннің ұлттық-мәдени, тарихи, саяси-экономикалық т.б. көріністерін жасайды;
3) лингвостилистикалық құрал ретінде эстетикалық қызмет атқарады;
4) мәтіннің лингвокогнитивтік деңгейінде концептілік лингвотанымдық бірлік ретінде
пайдаланылады.