1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет129/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
122 
Қос ақынның да өлеңдерінен аңғаратынымыз: көптеген бейнелі сөздерді етістіктен 
жасап, бірнеше мысал эпитет арқылы қолданылған да, тұтасына қарастырғанда, жанды 
бейне, сұлу көрініс пайда болып ақынның сөз шеберлігі әлеміне бізді тағы да елтіп әкетеді.
Градация – айшықтаудщың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан, 
соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Поэзияда, прозада да қолданылады [3, 118 б]. Эпостық 
жырлардың ішінде бәрімізге әйгілі «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы 
дамыту арқылы сипатталған. Қазіргі поэзияда да градация жиі кездессе де, оның басқа да 
авторлық үлгілері туындаған болатын. Сәкен мен Мұқағалидың поэзиясында да кездессе де, 
көбінесе сөзді емес, толық бір ойды, не сөз тіркесін асыра түсу амалы жиі қолданылады. 
Дегенмен, Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінде: 
Сұлу жанды сұлу сүйген, 
Сұлу сүйген сыршылым. 
Жібек талдап түйін түйген, 
Түйін түйген, түршілім – деп, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асқақтата айтқан. Бірінші 
қайталанбалы сөз тіркесі сын есім мен есімшенің, екінші тіркес зат есім мен есімшенің 
тіркесінен жасалып, келесі жолдарында зат еісммен тіркесіп, анықтауыштық қатынастағы 
тіркеске айналған [1, 17 б]. 
Ал енді алдыңғы ойдан келесі ойды асқақтата айтуға келсек, бұл тәсіл арқылы 
жасалаған айшықтау амалы екі ақынның да поэзиясында молынан кездеседі. Солардың 
кейбіреуіне тоқтала кетейік: 
Бақытым ғой Қарасаз келіп қонған, 
Кисем – киім, жесем – ас, көлік болған 
Мендей ұлдың осы жер мыңын туып, 
Әлі күнге мыңына жерік болған – деп жырлайды Мұқағали. Қарасаз табиғатының 
тамшалығы тіпіт киім ғана емес, ас та бола аларлығы, ол ған емес, көлік сияқты адамға 
жайлы нәрсе таба аларлығы бірінен-бірі асқақтатылып айтылған, тіркестер етістік пен зат 
есімдерден жасалып, егер сөзінің түсіп қалуынан арларына сызықша қойылған [2, 277 б]. 
Келесі «Фаризаға» атты өлеңін алсақ, ақын өзінің жалғыздығын жырлай келе, өзге 
адамдардың өзіне қатысты әрекетін асырып, етістік арқылы сипаттаған болатын.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, 
Тастағысы келеді күресінге. 
Фаризажан, сен оны білесің бе [2, 171 б]?.. 
Сәкеннің «Көкшетау» поэмасынан алынған бұл шумақты алсақ, мұнда да авторлық 
градацияны аңғаруға болады:
Аз ауыл өсіп, өнсе, ел болады, 
Ұра су дами берсе, көл болады. 
Жылымнан жыра болып, өзен-көл боп, 
Кең арна – аққан дария сел болады [1, 114 б]. 
Мұнда да –са, -се шартты рай жұрнағы арқылы жасалған етістіктер (өнсе, берсе) мен 
ауыспалы осы шақтағы етістіктер (болады) бірінен соң бірі қолданылып, өз ішінде дамытуды 
құрастырады.
Ал Мұқағалидың төмендегі өлең шумақтарына назар аударсақ, кезекті анафора 
арқылы өлең жолдары басталып, әр «тастамаймын» болымсыз етістігі жолдың басында 
жазылған сайын осы сөзбен басталған ой жоғарыдағыны одан сайын асырып, дамытып 
жатады. Демек инверсия арқылы жасалған күрделі синтаксистік конструкция – сөйлем өзінен 
бұрынғы сөйлемнен семантикалық жағынан ауырлай түсіп, градация құбылысын жасаған.
Тастамайын оқуды, тері шалбар 
Борбайымды қаңтарда қарығанда. 
Тастамайын табаннан сыз өткенде 
Үсік ұрып құлағым тыз еткенде: 
Тастамайын оқуды, жесір анам 
Өлі әкенің өлі орнын күзеткенде [1, 271 б]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет