1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет126/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
119 
Осындағы 
қара-күш, сармасадай, жер соғарлы, желмаядай, текежаумыт, қазанат
сөздерін келтіруге болады. 
Осы орайда «Ақын тіліндегі фразеологизмдердің қолданысы» атты бөлімшесінде 
фразеологизмдердің, зерттеушілер атап көрсеткеніндей, ғасырлар бойы қалыптасқан 
жалпыхалықтық тұлғада және автордың өзіндік қолтаңбасын, ізденісін, көркем әдеби тілді 
жетілдіруге қосқан үлесін танытатын авторлық өңдеумен қолданғанын көреміз. 
І.Жансүгіровтің халықтық тілдің фразеология қорын көркемдік мақсатқа орай жүйелі 
пайдаланғандығын және поэзиялық шығармаларында көркемдіктің ажарын білдіретін кәнігі 
жалпыхылықтық фразеологизмдердің кең қолданыс тапқандығын байқаймыз.
Ақын халық тіліндегі ойға жан бітірер бейнелі тіркестерді қолдануда ерекше шеберлік 
танытады. Мысалы, әйгілі «Құлагер» поэмасында негізгі кейіпкер Ақанды таныстыруда 
мынадай тұрақты тіркестер қолданған:
Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, 
Кісі ме ед ақындықтан кұр алақан? 
Ортасын олқы көрген бұл да дара, 
Имеген иттерге бас сері, дарқан. (І.Ж., Құлагер, 16) 
Осындағы Ақанның мінезін танытуда жалпыхалықтық тілде бас имеу болып 
қолданылатын авторлық өңдеумен жұмсалған, яғни арасына образды сөз қосқан «иттерге бас 
имеу» фразеологизмі кейіпкердің негізгі бейнесін ашып, айқындап тұр. Ақанның 
айналасындағы «жуандарға» бас шұлғи бермейтіндігін, өзінің және дара тұлға екендігін 
білдіруде «иттерге бас имеу» фразеологизмі ұтымды қолданылған. Кейіпкердің тегін адам 
емес, ақындық өнердің кісісі екенін, «құр алақан» бейнелі сөзімен тіркескен, өлең 
шумағында сұраулық мәнде қолданылған «ақындықтың құр алақан кісі ме ед» тармағы 
арқылы автор оқырманына таныстырады. Айналасында өзінің ойын түсінер, сөзін ұғар 
ортасының аз екендігіне ақынның көңілі толмайтынын орыстың ақыны М.Ю.Лермонтов 
сияқты ол да дара тұлға екенін білдіруде автор «ортасын олқы көру» фразеологизмін 
қолданады. 
Поэзияда әр дәуірдің суреткері өзінше қолтаңба қалдырады. Қазіргі кезде тіл, оның 
ішінде ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін айқындаудың, оның тарихын 
білудің өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз, дұрыс бағыт деп білген жөн.
І.Жансүгіров шығармалары ұлт болмысына, тарихына, салт-дәстүр, ұлттық санасына, 
тұрмыс-тіршілігіне, т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қатысты дүниелердің сыры ұлт тіліне 
байланысты екендігіне көз жеткіздік. Ұлттық дүниетаным тұрғысынан І.Жансүгіров тілінің 
тарихи-мәдени маңызы мен ақын өміріндегі Құлагердің орнын ерекше ашып көрсетуге 
тырыстық. Сондай-ақ І.Жансүгіровтің жалпыхалықтық тілдегі көріктеу құралдарын (теңеу, 
эпитет, метафора, метонимия) өзіндік сөз саптау мәнеріне сай елеп-екшеп, шеберлікпен 
пайдаланып, жетілдіріп қолданғанына көз жеткіздік.
Ілияс Жансүгіров тұлпар аты арқылы Ақанның өміріндегі орнын, басындағы 
трагедиясын байланыстыра біліп, Ақанның мұқай бастаған өмірінен хабар бергендей болды.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Мектеп, 1983, 231 б. 
2.
Ілияс Жансүгіров. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1986, 1 том, 328 б. 
3.
Жел – І.Ж. Поэмалар мен өлеңдер. Алматы: Жазушы, 1994, 230 б. 
4.
Сабын – І.Ж. Поэмалар мен өлеңдер, Алматы, Жазушы, 1994, 230-231 б.
5.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973, 2012 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет