Дарынды оқушыларды айқындаудың ең тиімді жолдары 1-слайд



Дата12.03.2018
өлшемі180,94 Kb.
#39263
Дарынды оқушыларды айқындаудың ең тиімді жолдары

1-слайд:

Тәуелсіздігіміздің жарқын таңымен тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық келбетіміз бүкіл әлемге кеңінен таныла бастады.

Тіл мәселесі көптеген ғасырлар бойы қоғамдық қатынастардың ең күрделілерінің бірі болып келеді. Тіл дегеніміз-халықтың тағдыры, оның рухани болмысы. Қазақ тілі –батырға айбат, батылға қайрат бітірген, қайсар ұлтымыз қазақтың еншісіне гауһардай боп төгілген құдіретті тіл. Олай болса, шығар биігімізді көрсетіп, бүкіл әлемге қазақ екенімізді, қазақстандай елімізді танытатын мемлекеттік тілді мектеп партасында отырған шәкірттердің бойына сіңіре білу-ұстаз қауымына жүктелген үлкен міндет.

Сенім жүгі әрдайым салмақты.Осыны ескере отырып, білім саласындағы жаңалықтарды жатсынбай қабылдап, оларды толыққанды іс жүзіне асыру, өмірдегі түрлі жағдайларға икемді бейімделетін, өз бетімен ойлайтын, мәдени деңгейін дамытуда өз бетімен жұмыс істей алатын шәкірттер тәрбиелегенде ғана, ұстаздарға артылған қасиетті борыш орындалмақ.

Тіл- барша адамзат арасындағы қарым –қатынас құралы десек, қазақ тіл бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің қарым-қатынас құралы болып отыр. Қазіргі Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерінің саялы бағы мен киелі төріне айналып отырған бірегей мемлекет. Ел аузында «Тіл-достықтың кілті, бірліктің негізі, игіліктің бастамасы» деген сөз бар.

Қазақстанның ашық қоғам орнатуы,оның жаһандану үрдістерін қабылдауы қазақ тілін оқытуды күшейту талаптарын алға қойып отыр. Қазақ тілін оқытудағы әдістемелік ұстанымдардың тұрақтануы, оқыту мазмұны мен аспектілерінің толық бекуі,үнемі ізденіс,зерттеу жүргізіп жүрген ұстаздардың , тәжірибесін ұсыну, оқу – әдістемелік құралдардың сапасын арттыру күн талабына айналып отыр.


2-ші слайд: (Абайдың сөзі)

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңында « Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, оқушының жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп көрсетілгендей, қазіргі оқу жүйесінде дарынды балалар мәселесі-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақ: « Бұлақ көрсең, көзін аш» деп тегін айтпаған. Бұл асыл сөз мәйегінің түп қазығы- тап-таза бұлақ суындай мөлдіреген тұла бойы білім, өнер тұнған баланы меңзейді. Дарынды балалар –еліміздің ертеңі, болашақтың бастауы .

Әлем өркениетінің биік тұлғасы және асқар шыңы-Абай:

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем,жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, «ол немене?», « бұл немене?»,деп, « ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?»деп , көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі- білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген сөздері дарынды баланың бір қырын ашып тұрғандай. Жалпы дарынды баланың бірден-бір ерекшелігі- кішкентай күнінен бастап, әр нәрсеге қызығуы, сан қилы сұрақтар қоюуы,іс- әрекетке деген құмарлығымен көзге көрінуі болып табылады. Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынана көріне бастайды, себебі, шығармашылыққа бейімділік- бала дамуының қалыпта жағдайы.



3-ші слайд:

Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, өзінше дарынды болады деп тұжырымдайды. « Білегімен де көтерген, аузымен де тістеген»деп халық ауыз әдебиетінде әспеттей суреттелетін балалар –дарынды балалар . Дарындылықты зерттеген Дж. Рензуллидің пікірі бойынша , өзара байланысы арқылы беріледі.

Слайдтағы Дж. Рензуллидің дарындылық моделіне назар аударсақ:


  1. интеллектуалдық компонент ( зейін,ес, және ойлау үрдістерінің деңгейі)

  2. креативтік немесе шығармашылық компонент (қиялдың шығармашылық даму деңгейі, ерекшелігі және нәтижелілігі)

  3. мотивациялық компонент ( танымдық және зерттеу белсенділігі) . болып үш компонентке бөлінеді.

4-ші слайд:

Соңғы жылдары зерттеушілер талант пен дарындылықтың өзінен-өзі жол табатындығы жөніндегі пікірдің қателігін көрсетті. Дарынды балаларды оқытып, дамытпаса, оларды жоғалтып алу қауіпі туындайды. Дарандылықты ашудың жолдарын қарастыру туралы Ресей ғалымы А. Владимиров:

Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. « Сібір кенінен» алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз» деген тұжырым жасайды.
5-ші слайд:

Дарындылық:

Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
6-ші слайд:

Дарынды бала дегеніміз : өз қаталарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!

Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе « дарындылық белгілері туралы» психологтар көптеген пікірлер айтады.Талантты балалардың өмірінде және іс-әрекетінде ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс-әрекетін бақылаған кезде байқауға болады.
7-ші слайд:

Бердібек Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа» повесіндегі оқушы Қожаның бойындағы жүйрік қиялдардың ой ойлап, іс- әрекеттер жасау жолындағы адам баласының жас мөлшеріне лайық бірде даналықпен, бірде шалалықпен, бірде қызығушылықпен, бірде тапқыр қулықпен, көбіне әттеген – айлармен ұласып кететінін қайтерсіз! Мұндайда озат оқушы Қожа, журналист-жазушы болғанға құштар арманшыл Қожа өзі көріп-біліп, өзі араласып жүрген өмір шындықтарымен неліктен үйлесім таппады? деген сұрақ бүгін барлығымызды ойландыратын сияқты.




Дарынды балалардың ерекшеліктері:

-сөздік қоры мол, қиялы ұшқыр;

- қиыншылықтан қорықпайды;

-есте сақтау қабілеті жоғары;

-әділетті, әзілқой ;

- танымдық қасиеті жоғары;


8-ші слайд:

Дарындылықтың бірден бір белгісі дарынды баланың күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылыау әдісін қолдану арқылы анықталады.

Ал бақылау әдісі –педагогикалық зерттеудің қай –қайсысында да қолданыс табады. Бақылау әдісі осылайша, дарынды бала туралы ой-пікірге нәр беріп, кейін басқа да әдістермен үйлесіп, атап айтсақ, әңгімелесу, әлеуметтік талдау

( сұрақ ,анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау т.б.) сияқты әдістермен бірігіп,) дарынды баланы айқындау мен дамытудың бір жүйесі

( жәрдемін тигізеді) негіздейді.

А. Байтұрсыновтың : « ... Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деген сөздері дарынды балаларды айқындау мен дамытудағы ұсынылатын әдіс- тәсілдерде шек болмайтынын анықтайды. Олардың түрі мен формасы әр мұғалімнің ынта-ықылас ізденуіне байланысты, жоғарыда айтылғандай , әдістердің я, жаманы , я болмаса жақсысы болмайды, олардың әрбірі тетігін тапса, құнды!

Сонымен, Дарындылық тағылымы- даналықтың, құдіреттіліктің ,кәусар тамшысы,ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
9- шы слайд:
Дарындылық параметрлері:


  • психологиялық

  • физиологиялық

  • таным қабілетінің өз қатарластарына қарағанда жоғары болуы;


10-шы слайд:

Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан:

-Балалардың барлығы да дарынды болады.

-Дарынды балалар сирек кездеседі.


11-ші слайд:
Дарынды баланың мінез –құлқындағы ерекшеліктер

Мотивациялық ( мотив дарынды оқушыны белгілі бір әрекетке итермелейді, мазмұнын анықтайды)

Процессуалдық ( іс-әрекеттің әдісін сипаттайды).
12- ші слайд:

Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер:

1.Іс- әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.

2. Кез келген іс-әрекетті « өзінше орындауы»

3. Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілден- қиынды қору ерекшелігімен дараланады.

Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып, олардың даралық ерекшеліктерін, жан-жақты қызығуларын , бүгінгі сабағымызға байланысты айтатын болсақ, қазақ тіліне деген қызығушылығын , анықтап алу қажет. Бұл жерде айта кететін ерекше жағдай, ғалымдар тарапынан жалпы дарынды балалардың тілі ерте шығып, сөздік қоры өте мол болады деген дәлелдеме айтылады.Әрине, біздің оқытып отырған оқушыларымыз негізінен өзге ұлт өкілінің балалары болғандықтан, бұл оның өз ана тіліне байланысты, дегенмен қабілеті мол ,зейіні жақсы дамыған, тілге деген құштарлығы бар баланы анықтау қазақ тілі мұғаліміне қиындық туғызбайды.


13-ші слайд:

Дарындылық : Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, « бұл бала дарыныд» деген қағидаға еш күмән жоқ.

Жасырын түрде кездесетін дарындылық баланың іс-әрекетінің нәтижесі көбінде жасырын түрде байқалады.

Дарынды оқушы- бұл жақсы оқитын оқушы ма?

Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П. Торренс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін ділелдеді. Дегенмен, П. Торренстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қиынсыз сұрақ қоятын , көбіне түсінбеушілік туғызатын ,қияли,әр нәрсеге өз көзқарасы бар оқушылар қиындық туғызады, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шығармаған жөн.

14-ші слайд:

Дарындылық жалпы (немесе интеллектуалды ) дарындылық нақты дарындылық.


15-ші слайд:

Жалпы дарындылық деп, жалпылау икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірибесінде үйрену деп тұжырымдайды.

Инттелектуалдық ( немесе жалпы танымдық) қабілеттер- жалпы дарындылықтың психологиялық ядросы болып табылады.
16-ші слайд:

Нақты дарындылық: белгілі бір іс-әрекет аймағында , атап айтқанда музыкалық, көркемдік, спорттық т.б. қасиеттері бар балалар.


17-ші слайд:

Дарынды баланың мінез –құлқындағы ерекшеліктер: Ерте жастан байқалады( мысалы Абайдың дарындылығы ерте жасында байқалған).

Ересек жастан басталады( Дарвиннің дарындылығы ересек жаста байқалған).

18-ші слайд:

Қазақ тілінен дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты-коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдық біліктілігін дамыту:

Оқытудың басты міндеттері:

-қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру;

-қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру болып табылады.

Дарындылықтың түрлері:

-Интеллектуалды дарындылық;

- Академиялық дарындылық;

-Көркемдік дарындылық;

- Шығармашылық дарындылық;

- Лидерлік немесе әлеуметтік дарындылық;

- Спорттық дарындылық;

19-ші слайд:

Қазақ тілі пәнінен дарынды балаларды айқындаудың ең тиімді жолдары.

-Бақылау әдісі

- Психо-диагностикалық тренингтер

- Арнайы бағдармалар

- Олимпиада,конкурс, фестивальдар, КҒА

- Мұғалімнің және ата-ананың эксперттік бағалауы

- Эксперттік бағалау ( әдіскер,ғалым т.б.)

- Психо-диагностикалық зерттеулер.



20-слайд:

Құрметті әріптестер, бүгін біз сіздермен дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдарының бірі ретінде-қазақ тілі пәнінен олимпиада жүргізудің әдістемесімен танысамыз.

Мемлекеттік тіл бойынша дарынды оқушылардың білімі, ең алдымен, олардың қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты,яғни сөйлеу құзырлығының деңгейінің ерекшелігін сараптаумен бағаланады. Оқушылар қазақ тілінде айтылған сөйлемдерді дұрыс түсініп, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе біліп, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазып, мәтінді орфоэпиялық нормаға сай оқи алуы шарт.

Мемлекеттік тілден олимпиада екі турмен өткізіледі. Бірінші тур жазбаша жұмыс (мазмұндама) және тестік тапсырмалар болып екі бөлімнен тұрады. Тапсырмалардың әрқайсысы өзіндік балл санымен сарапталады.

21 слайд

Бірінші турде жазбаша жұмыс мазмұндама түрінде өткізіледі. Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

1.Тақырыптың ашылуы

2. Сөйлемнің стилі

3. Мазмұндамадағы ой тереңдігі

4. Емлелік қателер;

5. Тыныс белгісінен жіберілген қателер;

6.Мазмұндаманың өзіндік ерекшелігі;

Қойылатын талаптардың әрқайсысына 5 балдан беріледі. Бірінші турда жазба жұмысы бойынша жиналатын балл саны, яғни ең жоғарғы баға-30 балл болуы керек.

Мазмұндамада оқушыға қойыылар негізгі талап-тақырып мазмұнын терең түсініп,оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпындай қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның мазмұндама тақырыбын дұрыс түсініп қана қоймай, оны өз сөзімен де түсіндіре білетінін дәлелдейді. Мұның өзі оқушының қазақ тілін еркін меңгергенін, оның қазақ тіліндегі сөз байлығының молекенін көрсетеді.

Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл оқушының өзіндік ойлау жүйесінің,ой тереңдігінің, сөз байлылығының дәлелі.

Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, ережеге сай орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының өзін-өзі жан-жақты көрсетуі үшін, сонымен қатар оның қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, жазбаша жұмыстан (мазмұндамадан) басқа мектеп бағдарламасына сай тест сұрақтары беріледі.

Тестік тапсырмалар оқушының тілдік білім жүйесін танып білуге, қазақ тілінің фонетикалық,лексикалық,морфологиялық,синтаксистік құрылымын меңгеруге негізделе келіп,негізінен, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін, лексикалық және грамматикалық минимумдарын қамтиды.



22 слайд:

Бұл тапсырмалардың әрқайсысы өзіндік балл санымен бағаланады.



23 слайд:

Мәтінмен жұмысты бағалау параметрлері:

1.Мәтінді мәнерлеп оқу-10 балл.

2.Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындау-10 балл.

Бұл тапсырманы орындау барысында,біріншіден, оқушы алдын ала берілген мәтінді орфоэпиялық мәтінге сай оқып, сөйлемдердегі сөздердің екпінін дұрыс қойып,дауыс ырғағын тыныс белгілерге сәкес дәл келтіріп,дыбыстар мен сөздерді анық және түсінікті етіп айта білуі шарт.

Екіншіден, оқушы мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындауы қажет. Атап айтсақ,мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп беруі қажет. Бұдан оқушының мәтіннің мазмұнын түсінген –түсінбегені және сөздік қоры бірден аңғарылады.

Мәтіннің тақырыбына, мазмұнына сай берілген тапсырмалар арқылы оқушының тілідік қатынасты меңгеру қабілеті, қазақ тілінде сөз саптау үлгісі танылады.

Сұрақ-жауапты бағалағанда төмендегідей шарттарды ескерген жөн:

Жауаптың нақты болуы;

Сөйлемнің дұрыс, түсінікті болуы;

Жауап берушінің белсенділігі;

Жауаптың коммуникативтік мақсатқа сай болуы.

Олимпиадаға ұсынылатын мәтіндер өлкетану, елтану,халықтар достығы, шешендік өнер, ұрпақтар сабақтастығы, белгілі адамдар өмірінен ,жастар өмірінен және т.б. тақырыптар бойынша мәлімет, тәлім-тәрбие беретін материалдардан іріктелініп алынғаны жөн.



Арнаулы тақырып бойынша әңгімелесуде:

Бұл тапсырма бойынша оқушының елтану,өлкетану,мәдени, рухани танымдары тексеріле келіп, осыған қатысты өз білімін тіл арқылы еркін жеткізе алу қабілеті бағаланады.

Арнаулы тақырыпқа арналған монологтік сөйлеуде төмендегідей шарттарды ескеру қажет:

1.Жауаптың логикалық жағынан жүйелі, бір-бірімен байланысты болуы;

2.Жауаптың мазмұны құнды болуы;

3.Жауаптың құрылымы құнды болып, дұрыс аяқталуы, тұжырымдалуы;

4.Жауаптың коммуникативтік мақсатқа сәйкес келуі.

Грамматикалық тапсырмаларды орындауда:

Оқушының қазақ тілінің заңдылықтары мен ережелеріне, түбір мен қосымшаға қатысты ерекшеліктеріне (агллютинативті), жалпы грамматикалық ережелерге байланысты білім дәрежесі тексеріледі.

Грамматикалық тапсырмалар қазақ тілінен мектеп бағдарламасына сай болуы тиіс. Оқушының грамматикадан білімін байқау үшін белгілі бір грамматикалық қалыпқа құю, сөйлемдердегі сөздерді дұрыс байланыстыру, әртүрлі грамматикалық формаларды дұрыс қолдану сияқты тапсырма түрлерін беруге болады.

Қазақша сөйлеу әуезділігіне:

Оқушының өзіндік шығармашылық ізденісіне назар аударыла келіп,қазақтың сөз өнеріне қатысты әр адамның өзіне тән жеке қасиетін, қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беріледі. Бұл орайда ұсынылатын тапсырмалар төмендегідей болуы мүмкін:

1. Өзіңіздің сүйікті ақыныңыздың өлеңін немесе жазушыңыздың прозалық шығармасынан үзінді жатқа айтыңыз.

2. Басқа қандай ақын-жазушылардың шығармасын сүйіп оқисыз?

3. Бұл шығармалар сізге неліктен ұнайды? т.б.

Дарынды балалардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, оның алдына оларды қызықтыратын, алға жетелейтін мәселелер қою керек. Даму және тәрбиелеу мәселелеріне арнайы көңіл бөле отырып, ізденіс жұмысын жүргізу керек. Жұмыстың мақсаты орындалу үшін баланың:

қабілетін, мүмкіншілігін, дарылығын ұстаз есте сақталуы керек. Ал ата-аңалар баласының қылықтарына деген төзімділік және шыдамдылық танытуы тиіс, өйткені, дарынды балалардың психологиясы өте сезімтал келеді.

Тағы да айта кететін бір жайт: «Сен дарындысың, қазақ тілінен олимпиалала немесе басқа да сайыстарда осындай үлкен жетістікке жетесің», - дегенді балаға айтуға болмайды, өйткені бала алдына қойған мақсатына жете алмаса, баланың бұдан әрі қазақ тілі оқуға ынтасы болмайды.

Дарынды балаларды анықтаудың тағы да бір тиімді жолдары: «Мемлекеттік тіл – менің тілім», « Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», Республикалық «Дарын» ғылыми-орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалды сайыстар, атап айтсақ: «Ақ бота», «Кенгуру – лингвист» т.б. сайыстарын өткізу, оның сынапаралық рейтингісін жасау, жеңімпаздарды мақтан ету, марапаттау іс-шараларын жоспарлы түрде өткізіп отырса, оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары, әрине артатыны сөзсіз.

24-ші слайд:

Мысал ретінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысты атап кетуге болады. Бұл сайыстың негізгі мақсаты: оқушылардың сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу әрекеттерін дамыту.

Сайысты жүргізу параметрлері:
Бұл сайыста оқушы «Өзін-өзі таныстыруда» өзі туралы өлең жолдарымен немесе мәтін түрінде айтуы мүмкін.

Берілген сұраққа қолма-қол толымды сөйлеммен жауап қайтаруы, берілген мәтін бойынша өз пікірін айту, өлеңді мәнерлеп оқу, іс қағаздарын жаза білу сияқты жұмыс түрлерін орындауы шарт.



« Мемлекеттік тіл-менің тілім»

  • өзін-өзі таныстыру

  • іс-қағаздары

  • Мақал-мәтелдерді салыстыра отырып, жатқа айту

  • Қазақ тілінде сөйлеу әуезділігі;


25-ші слайд:

Дарынды баларды анықтау мен дамытудың ең бір тиімді жолдарының бірі – қосымша оқыту бағдармалары.



Дарынды балаларға арналған бағдарлама талаптары:

  • Дарынды оқушының коммуникативтік әрекеттерінің негізгі түрлерін қалыптастыру;

  • Өз мүмкіндіктерін сезініп, өзге адамдардан жеке ерекшеліктерін түсіне білу қабілеттерінің дамуына әсер ету;

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қалыптастыру;

  • Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Тілдік білім жүйесін сөйлеу әрекеттерінде қолдану т.б.



27- шы слайд:

« Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І. Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын , тест тапсырмаларын және түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ. Диагностика жүргізу.

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу.

ІҮ. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Ү. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу.

ҮІ. « Дарынды балалар» мәселесі бойынша мұғалімдермен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру.

28-ші слайд:

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін оқушыны жан-жақты ақпараттандыратын, икемді және оқушының қызығушылығына байланысты тапсырмалар, тест түрлері құрастырылуы тиіс.

Жеделдетіп оқытатын бағдармаларды пайдалану – өте ұтымды. Оқушыға құрастырылған жеке бағдарламамен оқыту үшін, ең алдымен қазақ тілі мұғалімі мектеп психологімен бірлесе отырып, сауалнама, диалог арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, сынып жетекшімі және психолог оның жеке құжақтары, сынып журналын, оқушының сабаққа қатысуын, баланың сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттағы тәртібіне, мінез-құлқына бақылау жасайды. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін: «Мен және менің отбасым», «Менің құрбыларым» және т.б. тақырыптары бойынша суреттік тест арқылы анықтауға болады. Дарынды оқушылардың мәлемет базасы құрылып, диагностика үнемі жүргізіліп отырады.

Бұл жерде ерекше айтып кететін жайт – бағдарламаның ынталандыру іс-шараларының ұйымдастырылуы. Мұндай іс-шараларға: «Жыл оқушысы» оқушылардың және оларды дайындайтын дарынды ұстаз жетістіктері туралы роликтер түсіру, мақалалар жазу, Интернет арқылы жарнама жасау сияқты жұмыс түрлерін атап кетуге болады.

Бағдармадан күтілетін нәтиже: дарынды балалардың сұранысын жүзеге асыру;


  • оқушылардың олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысуы:

  • Дарынды балаларды айқындау мен дамытк банкісінің жаңа тәжірибемен толуы.

Қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы, ойын технологиясы және т.б.

29-шы слайд.

Мемлекеттік тілден қосымша бағдарламалар үлгісі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Қазақ тілі

10-шы сынып

«Мәнерлеп оқу! Бағдарламасы (таңдау курсы)

Сағат саны: 34



Түсінік хат

Бағдарлама Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы,Жалпы орта білім беру ғылыми-зерттеу институты даярлаған «Орыс,ұйғыр,өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының» негізінде жасалды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы, «Тіл туралы» Заң, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алынды.

Атылмаш бағдарлама педагогтер мен оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін вариативтік бөлік арқылы іске асырылып, бейіндік пән мазмұнын кеңейту мақсатында қолданылады.

Бағдарлама мақсаты:

-оқушының қазақ тілінде коммуникативтік әрекеттердің негізгі түрлерін қалыптастыру;

- тілдік білім жүйесін сөйлеу әрекеттерінде қолдану.

Курс бағдарламасының негізгі міндеттері:

оқушыларға халық ауыз әдебиетінің туындыларын, ертегі, әңгіме,жұмбақ, мақал-мәтелдерді көркемдеп,әсерлі оқып және жатқа айтуға үйрету:

оқу үлгісінің түрлерін үйрету;

қарапайым сөйлеу тіліне жақын,алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді үйрету;

оқушылардың сөйлеу техникасын жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру;

дауыстық өзіндік сапалары туралы түсінік беру, жетілдіру.(мысал ретінде бірнеше слайдтар беріліп отыр.)
30-шы слайд:




Тақырыбы:

Сағат саны

Оқушының іс-әрекеті

1

Мәнерлеп оқу туралы ұғым.( оқыту әдістері: түсіндіру, әңгіме , әңгімелесу,интерактивті тақтамен жұмыс)

3

« Менің атым Қожа»

Фильмін тамашалау. Фильм мазмұны бойынша оқушыларды

әңгімеге тарту, диалог құрастыру.


2

Логикалық кідірістер.

( Оқыту әдістері: хабарлау, өзіндік жұмыс

Істеу әдісі, ауызша баяндау)


4

«Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның өз-өзін тәрбиелеу монологі.

( қойылым түрінде)



31 –слайд:

32-слайд:

33-слайд:




Тақырыбы:

Сағат саны

Оқушылардың іс-әрекетінің түрлері

1

Сөздіктер және олардың адам өміріндегі рөлі

2

Әр түрлі тақырып бойынша сөздік дайындау, жаттығулар орындау.

2

Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер

2

Сөздіктерді салыстыру, түрлі жаттығулар , іскерлік ойындар өткізу.


34-слайд:

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп ,не істейтіні маңызды –ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне осынысымен бағаланады.

Цицерон.
Каталог: uploads -> doc -> 119b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
119b -> Тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім»
119b -> Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет