13 – дәріс Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Бас жиынтық және таңдама



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі237,25 Kb.
#98098
  1   2   3   4
Байланысты:
ФК11МАТЕМ


13 – дәріс
Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар.
Бас жиынтық және таңдама. Бас жиынтық деп белгілі қасиеттерімен бірігетін барлық қарастырылып отырған объектілер жиынын атайды. Жеке объект осы жиынның элементі болады. Егер бір кәсіпорынды алатын болсақ, онда жеке жұмысшы объект болады да, ал кәсіпорынның барлық жұмысшылары бас жиынтық болады. Бас жиынтықтағы объектілер саны ақырлы немесе ақырсыз көп сан болуына байланысты бас жиынтық шектелген және шектелмеген болып екіге бөлінеді.
Таңдама дегеніміз бас жиынтықтан кездейсоқ таңдап алынған объектілер жиынтығы. Бас және таңдама жиынтықтағы объектілер саны олардың көлемі деп аталады. Бас жиынтықтың көлемі үлкен болса, түгелдей тексеру мүмкін емес. Егер зерттелініп отырған объектілер жиыны жойылуға жататын (өзіндік құнын жоғалтуына байланысты), немесе практикада өте көп материалдық шығындарды қажет ететін болса, онда толық талдаудың мәні болмайды. Бас жиынтық жөніндегі тұжырым дұрыс болуы үшін бөлініп алынған таңдама бас жиынтық туралы жан-жақты сипаттама беруге тиіс. Экономикалық процестерді болжауда, олардың тиімді шешімін табуда таңдаманы құрудың үлкен мағынасы бар. Таңдаманы құру әдістері:
1) бас жиынтықты ұсақ бөліктерге бөлуді талап етпейтін таңдау: қайталамалы және қайталанбайтын таңдамалар. Бөліп алынған таңдама зерттелініп болғаннан кейін бас жиынтыққа қайта қосылатын болса таңдама қайталамалы, ал қосылмайтын болса таңдама қайталанбайтын деп аталады;
2) бас жиынтықты ұсақ бөліктерге бөлуді талап ететін таңдау: типтік, механикалық, сериялық таңдаулар.
Типтік таңдауда бас жиынтық типтес бөліктерге бөлінеді де, әр бөліктен тәуекелге бір-бірден объект таңдап алынады.
Механикалық таңдауда, бас жиынтық механикалық түрде қанша объекті таңдамаға кіретін болса, сонша бөлікке бөлінеді де, әрбір бөліктен бір-бірден объект таңдап алынып таңдама құрылады.
Бас жиынтық алдын-ала өзара қиылыспайтын бірнеше серияға бөлінеді де, ол сериялардың біреуі кездейсоқ таңдап алынса, онда осы серияның барлық элементтері таңдама жиынтық құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет