«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
116
болмыс танылады. Бір өлеңнің бойында қолданатын бірнеше көркемдіктің тұтастығы
өлеңнің баяндаушылық немесе қарапайым ауызекі қолданыстағы бос сөздерден айырып,
суреттілікке, образдылыққа, терең мағынаға мән беруге итермелейді.
Есенғали ақын өлеңдерінде туған жермен, кең жазира даламен біте қайнасып
кеткендей әсер қалдырады. Оның себебі, не туралы жазса да ақын сол өзі өскен даланы,
саумал самалды, түнгі аспанды шалқалай жүзген айды, ақ нұрмен дүниені аймалаған күнді,
сүйінші сурап алға жүгірген өзендібір сөзбен айтқанда, табиғат-ананы лирикалық
кейіпкердің іс-әрекетіне, көңіл-күй әуеніне қанаттастыра өреді. Адам қаншама күшті
болғанымен өзі жаратылған қоршаған ортаға,өзі өмір сүрген заманға, уақытқа тәуелді
екендігін жүректі шымырлата, жанды тебіренте отырып, нәзік жеткізеді. Табиғат-ананың
төсін еміп өскен арда перзенті екенін қапысыз танытады. Ақын мыну дүрбелеңге толы қатал
да қатыгез жалғанның заңдылықтарынан, қайшылықтарынан қажыған сәтте жүрек сырын
табиғатпен бөліседі, табиғат-ананың ақ дидарын көңіліне медеу, жанына серік етеді, дархан
табиғаттың кең құшағында бас сауғалайды, паналайды, ақын өлеңдеріндегі өмірге
құштарлық, жақсылыққа іңкәрлік, мөлдірлікке бас ию сезімі де табиғат құбылыстарымен,
табиғат-ананың келбетімен бірге өріледі. Ең алдымен, ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінез жарқ
етіп көрінеді. қазақтың жазира даласындай кеңдік, шыңдары бұлтты сүйген тауларындай
асқақтық, шалқар дариядай тереңдік жанды баурап алады.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы түрлі-түрлі көзқарастар мен көркемдік кестелердің өзара
тайталасуы мен толысуы жедел әрі жанды түрде дамып, әдебиетті жаңа сапаға көшіріп, жаңа
сатыға көтерді. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері С. Ақсұңқарұлы, Ұ. Есдәулет,
Е. Раушановтардың лирикалық шығармалары қазақ халқының ұлттық әдебиеті мен
мәдениетінде, көркем философиясында ерекше орын алады. Сонымен қатар, ұлттық және
әлемдік сөз өнерінің жетістіктерін өз бойына жинақтаған әрі оларды бойына сіңіріп, даралық
стилін айқын танытқан туындылар.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. А., Жазушы, 1973, 256б.
2.
Кемелбаева А., Өлеңдерім – жанымның жылнамасы / А.Кемелбаева // Жас Алаш,
2004. - №34-35.
3.
Раушанов Е. Қара бауыр қасқалдақ, Алматы, 1995.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі
және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001 – 447 б.
4.
Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты: Филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы,
1997. – 303 б.
5.
Есдәулет Ұ. Киіз кітап /Ұ.Есдәулет.-Астана:Елорда,2000.-384 б
6.
Орда Г. Қазіргі ақындар поэзиясы. – Алматы:Алаш, 2003. – 320 б.
Достарыңызбен бөлісу: |