1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Халқымыздың әлеуметтік өмірінің экономикалық, саяси, мәдени саласы да Ілияс  қаламынан көрініс тапқан



Pdf көрінісі
бет52/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176
Байланысты:
2-2018

 
Халқымыздың әлеуметтік өмірінің экономикалық, саяси, мәдени саласы да Ілияс 
қаламынан көрініс тапқан.
 
Еңбек тақырыбында қаламгер әр жанрда бірнеше еңбек жазды. Енді бір әңгімелерінде 
І.Жансүгіров мәңгілік тақырып - еңбек тақырыбын қозғады. Мұндай әңгімелерінде жазушы 
жаңа өмірдегі жаңа тұрмыс, жаңа құрылыстағы еңбек, социалистік жұмыс мәселесін кеңінен 
қозғаған. Олардың сюжеттері әр алуан. Ілиястың еңбек тақырыбындағы шығармаларын 
топтастыра жүйелесек, алғашқы отарба жолын жасаушылардың үздік жұмысын суреттеген 
темір жол тақырыбындағы еңбек адамнарының бейнесі, олардың іс-әрекетінің сомдалуы, екінші-
колхоздастыру жағдайындағы егін, мал шаруашылығындағы бригадалар жұмысы суреттеледі, 
үшіншіден-еліміздегі алғашқы завод, фабрикалардағы, көмір шахталарындағы жұмысшылардың 
еңбектегі қажырлы ерлігін көркемдік шындықпен бейнелеген. 
 
Ілиястың әр түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғаған әңгімелері де бар. Соның бірі – 1933 
жылы жарық көрген «Тазы» әңгімесінде Дәндібай қажы баласына заман өзгеріп, большевиктер 
келгенін айта отырып, малдың буына, ата даңқына дандайсып жүре беретін заман жоқ, ата 
аруағын жоғалтпасақ болды. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал», әлгі комсомолға жазыл, – 
деп оқуға да, еңбекке де қырсыз баласына ақыл береді. Қазақ ауылындағы әлеуметтік- таптық 
өзгерістерді, жаңа психолгиядағы адамдарды бейнелеу талабындағы шығармасында жазушының 
кейіпкер мінездерін ашатын осындай реалистік диалогтарға кездесеміз. 
 
Қорыта айтқанда, Ілияс Жансүгіровтің әңгімелері – өз өмір сүрген дәуір айнасы. Ілиястың 
өзіндік ерекшелігі жеңіл тілмен терең ой айта білуі. Шығарма тілінің, сөйлем құрылысының 
поэтикалығы қаламгердің дара стилін танытады. Ілияс әңгімелері өзінің шыншылдығымен 
халқының сан ғасырлық тарихын, өмірін, азаттық жолындағы күресін әлеуметтік 
келеңсіздіктердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше терең, жеріне жеткізе суреттей 
алуымен құнды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет