1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет89/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
85 
беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; 
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. 
Оқу жетістігі критериалды бағалау жүйесі арқылы анықталады. «Критериалды 
бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин 
оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы 
сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау – 
оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде 
өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге 
негізделген үдеріс [2,5 б]. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен 
салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы 
ақпарат беруге бағытталады.
Критериалды бағалау мақсатына байланысты екі түрде жүзеге асады. Бірі – 
оқушының оқу үлгеріміне оң ықпалын тигізетін қалыптастырушы бағалау, екіншісі – 
оқушының оқу үлгерімі туралы мәліметті жинақтайтын жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, оқу 
үдерісі барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалау – 
оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер 
кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Қалыптастырушы 
бағалаудағы кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді: Менің оқуым қандай 
сатыда? Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін? Білімімді толықтыру үшін не істеуім 
керек? Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы арасында 
үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың 
қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл оқушылардың мүмкіндігін анықтауға, 
қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін 
түзетуге мүмкіндік береді. [3, 10 б]. Әсіресе бұл шығармашылық жұмыстарды тексеру 
барысында жүзеге асыру өте тиімді. Бұрынғыша «Дұрыс емес! Қате!» деп ескертпе 
жазылмайды. Оның орнына «Жарайсың! Өз ойыңды жақсы жеткізе білгенсің. Бірақ, мына 
тұста, мына сөйлеміңді басқаша қалай жазуға болар еді? Өз ойыңды жинақтап, тағы да 
жазып көруге тырыс...» деген секілді ұсыныстар жазу оқушының психологиялық жай-күйіне 
жақсы әсер етеді. Өзін-өзі басқа оқушылардан төмен санауына жол бермейді. Мұғалім бұл 
кезде ақыл-кеңес беріп, жол сілтеуші, бағдар көрсетуші қызметін атқарады.
Қазіргі қоғам талабы білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, жас ұрпақты оқыту мен 
тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттерді жүктеп отыр. 
Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік 
принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңартылған оқу бағдарламаларының 
ерекшеліктерінің бірі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне 
белсенді қатысу) болса, ол жайлы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында 
былай деген: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек» [4,25б.].
Тұлғатануда адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір 
күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Танымдық білімді игеру барысында 
оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері 
қалыптасады. 
Педагогикада оқушылардың «оқу танымдық іс-әрекеті» мен «ойлау іс-әрекеті» 
ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер 
болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың 
белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының жоғары 
сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлдеқайда кеңірек ұғым. 
«Таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал 
бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталады.
Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі мотивті 
қалыптастыру, білімді сапалы түрде игеру және оқу – танымдық белсенділікті 
қорытындылау негізінде құрылады. Қ.Жарықбаев өз еңбегінде: «Танымды қалыптастыру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет