1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет55/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
53 
да сүйсіндіретін арлы азаматтығы себепші болды. Сәкен өзінің жеке басының бақ-дәрежесі 
үшін емес, елді өркендету қамында жүргенде артық-кем сілтегені бар, әсіресе таптық поэзия, 
кедей теңдігі дегенде имандай сеніп, ойланбай өрекпіген тұсы да жоқ емес. Сәкеннің тарихы 
алдында күнәсі бар болса, ең үлкендігі осы сенгендігіне құлай берілуі, иман деп тапқанынан 
табан аудармауы, көз жазбауы, алданып қалмаймын ба деп бір сәтке ойланбауы таңқаларлық 
табандылығы. 
Абайдың реалистік дәстүрі ХХ – ғасырдың бас кезіндегі әдебиетімізде түрлі салада 
көрініс берді. Кейінгі поэзияда, жалпы қазақ әдебиетіне Абай дәстүрінің қандай әсері 
болғанын А.Нұрқатов «Абайдың ақындық дәстүрі» атты еңбегінде өте байыпты барлайды. 
Ғалымның мына бір пікіріне назар аударайық: 
«Шын мәнісіндегі халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза мақсаты айқын 
қаламгерлердің қай – қайсысы да дәуір талабын батыл сезіну мен сол жайында терең 
толғануды, алға және алысқа көз тігуді, тарих тамырының жанды соғысын суреткерлік және 
азаматтық жүрекпен ұғынуды Абайдан үйренді. Сөйтіп лоар Абай дәстүрін дамыта отырып, 
оның поэзиясының халықтығын, өзекті принциптерін дәуір талабына сай өрбіте, тереңдете 
түсті, қазақ әдебиетін онан әрі өсірді, оны жаңа тақырыптармен байытып, молықтырды, сол 
замандағы өмір ағысы алға тартқан күрделі мәселелерді қозғай да, шеше де білді» [1, 153 б.]. 
Әдебиеттегі әр жаңалық, әрбір жаңа құбылыс көп жылғы тәжірибенің, көркемдік 
дәстүр озығы болуы тиіс. Поэзияда ақындар қорланған бай көркемдік дәстүрге сүйене 
отырып, өзіне дейінгі тәжірибені игере отырып, жаңа шынайы шығармалар туғызады. Өзіне 
дейінгі көркемдік тәжірибе, дәстүрді игеріп, жаңа озат туынды беру үшін суреткерге ең 
алдымен қажет нәрсе озат көзқарас. «Жарық жұлдыздай озық көзқарастары бойына сіңірген 
суреткер ғана бай әдеби дәстүрді дұрыс пайдаланып, әдебиеттің абыройын асыратын 
шығарма бере алатыны сөзсіз» [2, 2 б.]. Қазақ поэзиясының өсіп – өркендеуінен анық 
байқалатын бір жай, оның ең таңдаулы үлгілерінің бәрі де өзіне дейінгі әдеби дәстүрдің ең 
жақсы, таңдаулы, жарқын сипаттарын емін – еркін бойына сіңіре білді. Міне осы бір ежелгі 
дәстүрге сүйенген, соны жалғастырып байыта, тереңдете түскен қаламгерлер ғана қазақ 
поэзиясының алғашқы ең жақсы үлгілерін қалыптастырып берді. 
Абайдың реалистік дәстүрі ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетте түрлеше көрініс 
береді. Абайды тануда, оның дәстүрін ұғынуда әдебиет ғылымында біраз нақтылы барлаулар 
жасалды. Бұрыннан бар дәстүрлерді дамыту, тереңдете дамыту және соған сүйене отырып, 
жаңалықтар ашу – өнер заңдылығы. Абай өзіне дейінгі ақындардың және халық 
поэзиясының құнды дәстүрлерін, көркемдік тәжірибесін мансұқ еткен жоқ, олардан тағылым 
ала білді. Ол туған халқының және басқа да жұрттардың сөз өнерінен нәр алып, үйренудің 
және өз тарапынан толассыз ізденіп, творчестволық ерлік жасаудың арқасында ғана қазақ 
әдебиеті тарихында жаңа дәуір ашты, нағыз жаңашыл болды. Осыған орай Абайдың 
ағартушылыққа, оқу – білімге үндеуін, надандыққа күресін,әлеуметтік теңсіздік мәселесіне 
тоқталуын, табиғатқа байланысты жырларын, ғашықтық лирикаларын айтуымызға болады. 
Абайдың ағарту ісінде ұстанған құралы ақындық болды. Халықты қараңғылықтан алып 
шығып, жарық жолға салу үшін ағартушылық жолды қалады, соған халқын шақырды. 
Абай өз мойнына зор міндет, ағартушылық, ұстаздық ету міндетін алды.
Ақырын жүріп анық бас, 
Еңбегін кетпес далаға 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға ... 
деп, Абай өз алдына қойған абыройлы іс жолында жиырма жыл еңбек етті. 
Еңбегініңдалаға кетпейтініне, келешегіне, халқына әбден сенді. «Бірақ Абайдың осындай 
игілікті іс – әректіне, биік шыңға қанат қаққан ой – талабына үкімет, оның қыр ішінде 
табақтастары, надандық, сауатсыздық, қараңғылық қарсы тұрды» [3, 66 б.]. 
Абай шығармаларындағы тағы бір негізгі тақырып – әлеуметтік теңсіздік. 
Теңсіздікті туғызып отырған – сол қоғам. Өмір қайшылығын ашып айту, әрине, күрестің 
өрлеуіне әсер етті.Ал Сәкен ағартушылыққа байланысты өлеңдерінде, білімсіз тіршілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет