1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет57/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
55 
Ақын мүсіндеген табиғат суреттерінің ұлттық бояуы айқын және қазақ өмірінің реалистік 
шындығына бейім. Табиғат құбылысын адам тіршілігімен, әсіресе, қазақ өмірімен тығыз 
байланысты суреттеу – Сәкен ақындығының Абай дәстүрімен байланысып жатқан бір қыры. 
Осының бәрі халық поэзиясының, Абай творчествосымен классик ақын – жазушыларының 
ғажайып шығармаларымен танысу, олардың реалистік дәстүрлерін қабылдау болып табылады. 
Абай, Ахмет, Міржақып, Мағжандар қазақ әдебиетінде жаңа көркемдік әдістің негізін салды. 
«Абайды білген немесе оның аты мен шығармаларына сырттай қанық ірілі – кішілі ақындардың 
Абайдай көркем сөз алыбына еліктемегені, тағлым алуға тырыспағаны кемде – кем». Қазақ 
поэзиясының дәстүрлері туралы мәселе – сайып келгенде қазақ поэзиясының тағдыры мен 
болашағы туралы мәселе еді. 
Сәкен де Абай сияқты өлең түрлерін молайтуда ерен қызмет атқарды. Ақын бұрынғы 
келе жатқан дәстүрлі өлең (түрлерін) үлгілерін қолдана отырып, өлеңнің интонациялық 
ырғағына, логикалық ойды топшылап, түйдектеп беруге айрықша назар аударады. Жаңа түр, 
жаңа өлең үлгілерін жасады. («Біздің тұрмыс экспресс», «Түрмеден қашып шыққанда», «Ендігі 
ақынның сандырағы» өлеңдері). 
Сәкенің поэзиялық шығармаларында орыс ақындарының және Абайдың шалыс ұйқас
«Сегіз аяқ», «Алты аяқ» өлеңдерінің түрлері де ІІ буынды қара өлең және жеті буынды жыр 
үлгілері де іргелі орын алады. Ал Cәкен сапта жүріп аяққа келтіріп айтуға лайықтап жазған 
марш, «Марсельеза» типтес өлеңдер жазу арқылы да қазақ поэзиясының буын, ырғағына елеулі 
жаңалық кіргізді. 
«Сәкеннің замана бейнесін жасау ниетімен туған өлеңдерінде ұлы Абайдан кейін өлең 
түрлері барынша молайды, әсіресе, аралас буынды өлеңдердің өрнектері құбыла түсті». 
Бұрын атым – тұлпар еді, бәйге көк,
Енді, міне, поезд болды, тұлпар жоқ. 
Ұзақ жолға 
Тұлпар қол ма, 
Мейлі жорға!? 
Тұлпар міну – Сарыарқада жүрсең тек, – деп аралас буынды өлеңнің жаңа үлгісін жазды. 
Қазақ поэзиясының үздік дәстүрлерін бойына сіңірген Сәкен өнерде де, өмірде де жаңаға 
жаны құмар ақын болғаны мәлім. Дәстүрлі әдебиетті молынан игерген Сәкен қазақ өлеңі мен 
қара сөзін әуенмен, өзгеше леппен сөйлетті. Жаңа әдебиеттің көш бастаушысы қайраткері 
есебінде, «Өлең – сөздің патшасы», – деп баға беріп кеткен ұлы Абайдан кейін, сөз майданында 
өзінің жаңашылдығымен, сөзді өрнектей өрелі ойды өлеңнің жаңа өрнегімен бейнелеген ақын 
болып қалды. Сөздің адам үшін сиқырлы күшін, кереметтей әсерін бағалап, ой түйген ұлы 
Абайдың «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» бағалағаны бекр емес. Біз Абай, Сәкен 
өлеңдерінен, өлең өнегесіне үңілген сайын ақындық болмыстың аса күрделі, қиын, әрі азапты, 
әрі ләззатты тағдырын бастан кешеміз. Дәстүр жалғасы – жаңашылдық жаңғырығы көнені 
көңілден, ескіні електен өткізіп барып, жаңа үлгіге ұласу арқылы жалғастырылды». 
ХХ ғасырдың басы, Сәкен өмір сүрген дәуір – қазақ халқының патша отыршылдығынан 
құтылуға ұмтылған, азаттық үшін күресінің кезеңі еді. Ендігі жерде Сәкен ақындығы осы 
халықтық идеяны жырлап дамытуға арналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет