1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет80/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
76 
версия нұсқалары ішінде қағаз бетіне ерте түсіп сақталған бір-ақ вариант бар. Ол Орынбор 
архивы ғылым комиссиясы 1906 жылы Көшелек Еламановтан жаздырып алған «Қобыланды» 
деп аталатын нұсқа. Бұдан өзге нұсқалар түгел дерлік 1940-50-60 жылдар ішінде белгілі 
орындаушылардың айтуынан жазылған. Сол себепті де жырдың жазылуында, орындауында 
көптеген кемшіліктер кездеседі» [4, 36 б.], – деп жазады. Бұл жырларды жазып алған кезеңде 
Нұрпейіс, Мұрын жыраулардың егде тартқанын, жырдың естерінде қалғандарын 
жазғызғанына назар аудартады. Аталып отырған нұсқаларында Қобыланды оқиғасы Қырым, 
Ноғайлы, Қыпшақ елінде өтеді. Негізгі жауы қалмақтар болып шығады. Жырдағы 
мотивтердің ең көнелілігін немесе ертегіге тән екендігін аңғартатын – ұлғайған ата-ананың 
баласыздығы, олардың тойға шақырылып, той иесінің бұларды «ұлсыздарға орын жоқ, 
қызсыздарға қызық жоқ» деп қорлауы, кейбір нұсқасында тойға тігілген ақ үй мен қара 
үйлерге баласы барлар ақ үйге, артында мұрагерлердің жоқтардың қара үйге кіргізілуі 
қорлық болып, болашақ батырдың ата-аналары әулие-әнбиелерді қоймай даланы кезіп кетеді. 
Сөйтіп, «темір таяқтан тебендей, темір кебісінің тақасы қалғанша» қалжырап, әбден 
бітулеріне қалғанда «Әулие бабалардан» аян беріледі. Ертегіге тән мотивтердің көрінісі 
бұдан анық көрінетіндігіне талас тумайды. Бірінші версияларында бұл бірден ұзағынан 
жырланып, кеңінен баяндалатындығына тексеруші талдау арқылы толық көз жеткізеді. 
Образдық талдауларға кеңірек орын берілген. 
Тойға шақырушы нұсқаларында белгілі бір бай, атақты хан делінеді. Көшелекте – 
Ақшахан ас берсе, Нұрпейісте бір бай, Айсада – Алшағыр қалмақ ханы ас береді. Мұнда 
Қобыландының әкесі Қыдырбай Қырымды жайлаған Мұрын жырау нұсқасында Қыдырбай 
«Тоқсан баулы Ақшаханның тұсында өтті» делінген. Ас беруші Ақшахан болады. Сүйіншәлі 
нұсқасында – Жаманбай той жасаса, белгісіз жыршы жырлаған нұсқасында Жәңгір хан той 
жасайды. Бұдан басқа да жырда батырдың анасы – айдаһардың, жолбарыстың, аждаһаның 
басы мен жүрегіне жерік болады. Екі мұңдықтың түстеріне аян беретін әулие-бабалар, кей 
нұсқада аққу болып ұшып келетін қырық шілтендер болады. Бірінші версияға енген 
нұсқаларда жыр оқиғаларына Тәуке хан, Жәңгір хан, Қазтуған жырау, Ахметтер қатысады. 
Бұның бәрі жоғарыда айтқан О.Нұрмағамбетованың жырдың айтылуы мен жазылуына 
байланысты бағасы мен түрлі қоспалардың қосылғаны және ертегіге тән көне сарындардың 
енгендігі жөніндегі тұжырымдамасымен толық сәйкестенеді. 
Зерттеуші «Қобыланды батыр» жырының басқа халықтар мұрасында кездесуі туралы 
алғаш маңызды ой-пікірлер ХХ ғасырдың басында айтылып, бұл мәселеге П.А.Фалевтің 
баяндамасы жасалғанын, баяндаманы талқылауға Н.И.Веселовский, Б.Я.Владимиров, 
А.И.Иванов, Н.Я.Марр, В.Ф.Минорскийлердің қатысқанына тоқталады. Анығында, жыр 
жөніндегі осы талқылаудың маңызы бар. Себебі, «Қобыланды» жыры «Едіге батыр» туралы 
жыры да ноғай, татарларда ұшырасатыны, алайда батырдың тегі – «қыпшақ» екендігі осы 
мәжілісте айтылған. Жырдың қазақ халқы арасындағы кеңінен айтылып, ауыздан-ауызға 
жеткен қазына екендігі де осында бағаланған. Басқа зерттеушілерге қарағанда 
О.Нұрмағамбетова бұнда мәжілістің өтуін кеңірек баяндап, жырға қатысты басқа 
халықтардың ғылыми қауымның назар аударуын сәтті келтірген. Одан әрі «Қарақалпақ 
халқының қаһармандық эпосын» зерттеуші И.Сағитовтың жырдың қазақ арасындағы 
нұсқаларымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашуын айрықша 
бағалайды . Жалпы Қарақалпақ халқындағы айтылатын «Қобыланды» мен қазақтың 
«Қобыланды батыр» жырының өзі зерттеп отыратын екінші версиясына жататын 
нұсқалармен сәйкестеніп келетінін ашады. Оның негізгі себебі: «Ноғай, қарақалпақ, қазақ 
ақын-жыраулары ертеден аралас-құраластықта болып, бірінің еліне бірі барып, бірінің жерін 
бірі аралап, бірі айтқан жырды екіншісі қағып алып, үйреніп отырған. Содан олардың 
репертуары да ұқсас болады» [4, 133 б.], – дейді. Басты айырмашылықтардың кісі, кеңістік 
есімдерінде ғана болмаса, оқиғалар мен идеялық-тақырыптық жақтары ұқсас болып 
келетіндігі анық. Бұған зерттеуші негізгі төрт мотив арқылы салыстырмалы түрде тексеру 
жасаған. Басты мотив ретіндегі мыналар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет