1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет88/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
84 
тұлғалардың өнегелі өмірін ұмытпайтын, қадір тұта ұлықтайтын жас ұрпақтарымыз көбейе 
берсін! Ұлы тұлғаларды ұмытпай ұлықтау кез-келгеніміздің міндетіміз, ата-баба алдындағы 
парызымыз! 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Ілияс Жансүгіров "Поэмалары" - Алматы; Мектеп баспасы - 1972, 175 бет. 
2.
Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,1965. 
3.
Ақберен. Жинақ.- А.,1972. 
4.
 
http://nblib.library.kz/elib/library.kz/jurnal/Obshestvennye%2002-017/Slymova0217.pdf 
ӘОЖ 08.122:18 
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН 
БАҒАЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ 
 
Мизамбаева Т., Кияхметова А. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
Akiyahmetova@maіl.ru 
Мақалада оқу жетістігін бағалаудың түрлері, соның ішінде қалыптастырушы 
бағалау жайы қарастырылады. 
Кілттік сөздер:
 инновация әдіс, ақын, оқыту, оқу жоспары. 
В статье рассматриваются типы оценивания учебных достижений, в том числе 
формативная оценивание. 
Ключевые слова:
 инновация, метод, поэт, преподавание, учебный план.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 
қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 
халқына Жолдауында былай делінген: «…Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік 
бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын 
жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр» [2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 
нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық 
және даму ұйымының) елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын 
көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта 
білім беру жүйесіне қатысты. Осыған орай 2020 жылға дейін Қазақстандағы орта білім 
беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі 
оқыту деңгейіне жеткізу қажеттілігі міндеттеліп отыр. Мектеп түлектері қазақ, орыс және 
ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан 
ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын 
меңгеруі тиіс. Демек, бұл балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және жоғары 
білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. 2017-2018 оқу жылында 
2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған 
білім мазмұнына 1,3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4, 9, 11-сыныптар көшетін 
болады. 
Орта білім беру мазмұнын жаңартуда жаңартылған оқу бағдарламасы; оқу жетістігін 
критериалды бағалау жүйесі; үш тілді білім беруге көшу қамтылады. Ендігі жағдайда орта 
білім беру мазмұнын жаңарту келесі құжаттар негізінде іске асырылады: ҚР Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру); оқу 
бағдарламасы; оқу жоспары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді); жиынтық 
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар; бастауыш/не-гізгі орта және жалпы орта білім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет