1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет87/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
83 
тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы еркін түрде 
ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте – бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде 
жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. 2) Мағынаны тану 
(дұрыс түсіне білу) – ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа 
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның 
өзінің жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып 
бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен 
танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң 
қалдырады» белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойына өзі еркін 
түрде басшылық етуге, ойын айқын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына 
тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұнын жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, 
оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау 
мәселелері жиі кездеседі. 3) Ой – толғаныс – тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ 
барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға 
беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып 
берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір – бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді, өз 
кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, 
үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр 
түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға 
жетелейді. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін 
жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты 
екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының талабына байланысты екенін мұқият түсіндіру 
қажет. Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек. Осылайша 
оқушылар бір – бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді. Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды 
жоғарғы табыспен меңгерту, оқығанды есте сақтау үшін тиімді оқушының оқуға деген 
қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінуге дұрыс көзқарас береді. 
Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Сол сұрақ әр түрлі 
әдіс – тәсілдер арқылы баланың алдына мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Бұл еңбектің басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау 
арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. 
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан 
өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Өскелең ұрпаққа сабақ 
барысында негізгі мақсатты көздей отыра құлагер ақынның шығармашылығымен таныстыра 
отырып: 1) өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету, 2) көркем мәтінмен жұмыс істей алу 
дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру, 
3)оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой – өрістерін дамыту, 
4)сөздік қорларын арттыру, 5)оқушы жүрегіне Ілиясқа деген сүйіспеншілікті ояту, 6)ғылым 
білімге шақыру керек.
Жетісудың дүлдүл ақыны, шаң жуытпас құлагері Ілиястың ақындық өнеріне 
тамсанамын, ой толғамдарының тұңғиығы, Ілияс мектебінің білімі, ізгілік мектебі тіл 
мәдениетіне итермелейді. Қазіргі заман талабына сай, мәднеиетті адамның бір көрінісі – тіл 
мәдениетінің жоғары болуы, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуі. Әр адамның сөйлеу 
мәнерінен, сөз қолданысынан, тіл мәдениетінен, оның кім, қандай кісі екенін аңғару қиынға 
соқпайды. 
Ақыным, Құлагерім, Ілиясым,
Жетік білген ән жырдың құпиясын.
Қазағыма шуақты күн боп шығып,
Жетісудың төрінен жымиясың.
Елің, жерің дәл бүгін құлпыруда,
Даласында ән қалқып, жыр тұнуда,
Көк туың туың көкке қарап желбіреп тұр,
Қазағың болашаққа ұмтылуда!!! – деп, А.Қасымхан айтпақшы, өресі биік өнегелі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет