Ключевые слова:
казахская литература, литературные жанры, поэтические
жанры, казахская интеллигенция, поэзия, проза, драма.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет
мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда
ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы
жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің
бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік
деңгейімен де осы заманмен үндес», - деп ерекше бөліп көрсеткен еді.
Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,
Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны – дей келе, Ілияс Жансүгірұлының ұлтымыз
өміріндегі ойып тұрып алар орны , қазақ әдебиетіндегі әлемі ерекше. Жыр алыбы бола білген
Ілияс – туған әдебиетіміздің асқар Алатауының шыңы, немесе жер ұйығы Жетісудың жыры.
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетіндегі қайта қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі
сирек, дара құбылыс. [1]
Қазақтың Абайдан кейінгі заман ағымындағы аса дарынды ақыны Ілияс Жансүгіров
даралығымен өзі шалқар шабыттың, керемет құштарлықтың ұштастығында кеңінен
жырлаған. Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы әмбебап. Құлагер ақын
атанған сырлы сөз шебері Ілияс поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік
қолтаңбасын, яғни анық көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген сырлы
сөз шебері әдебиет саласында өз алар орнын анықтап кеткен. Оның шығармаларына негіз
болған өзекті тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шоқтығы
биік шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы айқын өмір көріністерінен бастап, тарихи
тақырыпқа дейін сабақтаса арқау болып отырады.
«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
82
Жазушы өмірінің әрбір кезеңі— жасампаздықтың, рухани үйлесімнің көрінісі. Ілияс
Жансүгіровтің қаламы жүйрік, әрбір шығармасы ауқымды әрі өткір. Ақын ойын тезірек
білдіріп, толғаныстарын қағазға түсіруге асыққандай. Қамшының сабындай қысқа
ғұмырында бес том шығарма жазып үлгерген. [2]
Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі
туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия
жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ақын
ретінде Ілияс шығармаларының шоқтығы биік – оның поэмалары. Оның қаламынан туған
«Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ
поэзиясының інжу-маржаны болып табылады. Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне
өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. [3]
Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы
заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде
назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз
инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім
қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. [4] Зерттеулер бойынша, «инновация» -
педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа
бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып
табылады. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның
білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық ілгерілеу пен
ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, оқу ордасындағы білім беру мазмұнын қайта құру
және оқу – тәрбие орындарының іс – әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің
кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына
қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін
жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің
өзі анық дәлелдеп отыр. Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын
мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан
құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас
тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін
қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. Жаңа
мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін
технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс – тәсілдің ара
– жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады. Ілияс Жансүгіров
шығармаларын оқытуда ең тиімді әдіс – тәсілдердің бірі сын – тұрғысынан ойлау.
Сын – тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау.
Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес. Жас балалардың бұл жұмысты
дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір
жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау арқылы оң нәтиже
шығады деп болжаймын. Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке
жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға
үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой
толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері: 1) Қызығушылығын
ояту – үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Оқушыларға жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ барысында қарастырылғалы тұрған мәселе
жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды
қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау»,
«Ойлау», «Жұпта талқылау» және т.б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар үйренушінің
белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс –
әрекет. Оқушы өзінің білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,
|