1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет90/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
86 
процесі зейіннен, қиялдан, ақыл-ойдан басталады» [5,105б.],- дейді. Оқушылардың зейінін 
дұрыс қалыптастыру барысында танымдық үрдісте мұғалімнің алатын орны ерекше. Егер 
мұғалімнің зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс 
тәрбиелей алмайды. Танымдық белсенділік дегеніміздің өзі - оқушының білімге деген ынта 
– ықыласының ерекше бір көрінісі, яғни, оқушы білім алуда ілгері қарай жылжып, 
білмеуден білуге қарай қадам басады. 
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің қайнар бұлағы. Жаңа педагогикалық 
технологиялардың негізгі бағдары – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін 
дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп даярлау. Мектепте оқытылатын 
әдебиет пәні оқушыларға өмірді, шындықты, қоғамды, сол қоғамда өмір сүретін адамдарды 
тануға жәрдемдеседі, өмірге көзқарасын қалыптастырады, сөйлеу, жазу мәдениетіне 
баулиды. Оқытудың жаңа технологиялары тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгеріп 
қомай, жеке тұлғаның танымдық және өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген 
ықыласы мен іскерлігін жан-жақты дамытуға жетелейді. Атап айтсақ:- сабақ түбегейлі 
оқушыға бағытталады, - ұжымдық, ынтымақтастық қатынас орнайды, - өзара қарым-қатынас 
деңгейі өзгереді, - шәкірттер бір-біріне маңызды сұрақтар қоя білуді үйренеді, - өзгелердің 
пікірін сыйлауға үйренеді, т.б. 
Сабақтарда төмендегідей шығармашылық жұмыстарды жүргізу білімді меңгертуде 
өте тиімді: ой толғау, эссе, бес жолды өлең, әңгіме, өз пікірлерін жазу, тақырыпқа сай сурет 
салу, кеспе даярлау, тест тапсырмаларымен жұмыс істеу немесе тест тапсырмаларын 
құрастыру, мақалдың жалғасын табу, сөзжұмбақ құрастыру және т.б. Мысал ретінде бір 
сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
Оқытылатын шығарма тақырыбы: Сара Тастанбекқызының «Жүрек» өлеңі. 
Оқу мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық - сюжеттік дамуын 
сипаттау.
Бағалау критерийі
Білім алушы
Өлеңнің композициялық - сюжеттік дамуын баяндайды. 
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану 
1-тапсырма: 
Өлеңнің композициялық - сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңыз. 
Жоспар
Кіріспе бөлім__________________ 
Негізгі бөлім______________________ 
Қорытынды бөлім_______________________ 
2-тапсырма: 
Жоспар негізінде өлеңнің композициялық - сюжеттік дамуын анықтаңыз. 
Композициялық 
- сюжеттік 
Мазмұны 
Оқиғаның 
басталуы 
Туған жердің табиғат көріністерін айтып өтіп, жер жүрегіне 
мұңын шағып, басындағы қасіретін жеткізіп, сырласуы 
Оқиғаның 
байланысы 
Сара қызға жер жүрегінің бүлк-бүлк етіп, тіл қатуы. Өз басынан 
өткен оқиғаны баян етуі. 
Оқиғаның дамуы 
Қоңтәжінің қызы – Баянның Сайын деген кедей, бірақ елінің 
батыры атанған жігітке ғашық болып, екі жастың бір-біріне 
құмары артып, бас қосуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет