Көшербаева Гүлнұр
№10 семинар тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар. Жанрлық табиғаты. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек»
1.Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жанрлық табиғаты.
Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасына көп тарағаны-Қозы Көрпеш пен Бая сұлу жайындағы жыр.Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастың өмірін ғана баяндаған дастан емес.Ол сонымен қатар,қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған,халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.
Қазақ арасында айтылып,ауызша тараған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының он алты варианты бар.Солардың ішінде ең жұртқа танымалы Жанақ ақын нұсқасы.Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-негізінде халықтық жыр.Сюжет құрылысы,оқиғаны дамытуы жағынан болсын,көркемдік-шеберлігі,образ жасау жағынан болсын,бұл-күрделі шығарма.Мұнда да жырдың басты тақырыбы-ескі әдет ғұрып,тұрмыс-салттан алынады.Ескі рушылдық,феодалдық қоғамда туып белгілі праволық нормаға,дәстүрге айналған,заң болып қалыптасқан салтты ,яғни жастарды үйлендіру салтын,жырдың басты тақырыбы етеді.Жырдың қайсысы болса да бұл салтқа қарсылық білдіріп шенемейді,қайта оны бұзбау жағына көңіл бөлнді.Жанақ жырында да осы мотив басты орын алады.Қарабай мен Сарыбай төс түйісіп құда болысады,туған балаларын атастырып қояды.Қозы мен Баян арасындағы махаббат,сүйіспеншілік сезімдерін осыдан тудырады және олардың қайғы қасіретке ұшырауы да өлімге душар болуы да ескі салтты өздеріне парыз ете шын пейілімен беріле орындағандығынан деп көрсетеді.Ал Қарабай мен Қодар жайына келгенде жыр бұл екеуін ұнамсыз бейнеде суреттейді.Қарабай ескі салтқа қарсы шығып,бата бұзады,уәдесінен танады,жастардың ажалына себеп болады.Сонысы үшін олар жырда жиренішті бейнеде суреттеледі.Қодар да сондай,ескілік жолмен атастырып қойған екі жастың арасына тікен болып қадалады,озбырлық жасайды.Сондықтан жырда Қодар да жауыздық бейне ретінде алынады.
Жырдың негізгі идеясы осындай бола тұрса да,ол ескі заманның обьективті шындығын айтпай кете алмайды.Рушылдық, феодалдық қоғамда жастардың бас еркі болмағандығын,олар өздерінің сүйген адамына қосылуы жолында көптеген бөгеттерге ұшырағандығын жасыра алмайды.Жырдың халықтық сипаты да осылай көрінеді.Жырдың басты идеясы да,халықтық сипаты да ондағы образдар арқылы беріледі.
Жырдың бас кейіпкері Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббаттың иесі болып бейнеленеді.Ол Баян жайын,атастырып қойған қалыңдығы екендігін Айбастан естіп біледі.Баянның өзіне тең екендігін,оның Айбас арқылы жіберген сәлемдемелерінен аңғарады.Сондықтан да ол Баянды көрмей жатып ғашық болады,құмары арта түседі.Жатса да тұрса да ойынан Баян шықпайды,ғашық жарын көруге асығады,оны іздеп сапар шегуге дайындалады.Бұл сапардың қиыншылықтарын айтып: «Оған бармай-ақ қой,күдеріңді үз,осы елден таңдаған қызыңды алып беремін»,-деген шешесінің сөзіне құлақ аспайды.Есі-дерті Баянға ауған Қозы:
Алдымда неше қатар тұрса да оқ
Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
Сұлуын дүниенің жисаңдағы,
Бір жарымдай болмайды көңліме тоқ,-
дейді.
Баян үшін шыбын жанын шүберекке түйген Қозы ел-жұртын және артында қалып бара жатқан қарт анасын Тайлақ биге тапсыырып,алыс сапарға жол тартады.Жолшыбай көптеген қиыншылықтар көріп,Аягөзге келеді.Баян үшін қандай қасіретке де шыдамақ болып,Қарабайдың қойын бағады.Осындай ауыр халде жүрсе де есі -дерті Баян болады.Ол өзіне-өзі қайрат беріп тек қана Баянға адал болуға ант етеді.Сол сертіне,мақсат тұтқан арманына жете берген шақта Қозының алдынан тағы да көп бөгет қиыншылықтар кездеседі.Бір кедергіден екіншісіне жолығады.Соның ішінде басты бөгет Қарабай мен Қодар болады.Өзгеден құтылса да Қозы бұл екеуінің опасыздығы мен жауыздынынан құтыла алмай ақыры аянышты өлімге ұшырайды.Жырдың басқа варианттары секілді,Жанақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» да Қозыға ерлік,батырлық сипат беріледі.Белгілі мөлшерде ол күшті,батыр жігіт болып суреттеледі.Ол Қодардың батпандай балғасын асықша иіреді,Қодарды аттан аударып алып,қабырғасын күйретеді.Қозының жақсы мінездері де жырға қосылады.Ол-ақ көңіл,әділ,аңғал,қулығы жоқ,адамгершілігі мол жігіт.Қодар мен Қарабай Қозыны өлтірмек болып Сасан биге ақылдасады.Сөйтіп оны қонаққа шақырады.Бұл шақыруды Қозы қарсы аладыБірақ мұндай шақырудың артына бір сұмдықтың барын Баян сезіп барма дейді. «Барамын» деп уәде еткен Қозы екі сөйлегенді өлімге тең көреді.Ол Қарабайлардан жақсылық күткеннен емес жұрт алдында өзінің беделін түсірмеу үшін қорықты деген сөзге ілікпеу үшін барады.Қодармен сыйыса алмаған Көсемсары да Баянға ғашық жігіттің бірі болатын.Бұл ретте ол Қозының да бақталасы еді.Бірақ Көсемсарыны Қозы өзіне тартып,дос санайды,оның Қодармен қақтығысуын бағалайды.Сондықтан да ол Көсемсары үшін Қодардан кек алады.Сөйтіп жырда Қозы образы сүйкімді болып жасалады.Жырды айтушының да тыңдаушының да бар тілегі жете алмай қазаға ұшыраған Қозы жағында болып отырады.
Жырда Қозы қандай сүйкімді болса,Баян да сондай.Жырдағы барлық оқиға құрылысы,тартыс-талас Баян жайынан басталып,Баянмен аяқталады. Қозы секілді Баян да-адал ниетті,ақ жарқын,кіршіксіз таза махаббатты көксеген,өзінің сүйген адамына қосылуды арман еткен жан.Баян да Қозыға ғашық.Ол өзінің Қозыға атастырылып қойғанын және Қозының кім екендігін апалары мен Айбастан біледі.Осыдан былай Қозыға деген құмарлығы,махаббат сезімі күшейе береді,оны өзінің теңі деп түсінеді.Ескі салтты парыз деп ұғынған Баян атастырып қойған жігітін көрмей,танысып біліспей-ақ ғашық болады.Бұған,біріншіден,Ай,Таңсық,Айбастардың сөзі,олардың Қозыны мақтауы себеп болса;екіншіден,Қарабай мен Қодардың опасыздығы, жауыздығы түрткі салады.Өзінің туған әкесі дүниеқор Қарабайдың бата бұзуы,антынан тануы,адамгершіліктен безуі және сүймеген Қодарға зорлап қосам деуі Баянды өжеттендіре ,ызаландыра түсті. Сондықтан да ол осындай ауыр халден құтқарып алатын,қайғы-қасіреттен азат ететін адамды,яғни Қозыны іздейді,соны аңсайды.Бұл ретте де ол Қозыдан көп үміт күтеді.Оның Қозыға ғашық болуының екінші бір себебі осыдан туады.Барлық болашағы,өмірдегі қызық дәурені Қозымен ғана байланысты деп түсінген Баян оған деген Махаббатына кір жұқтыырмайды.Жатса да,тұрса да көз алдына Қозы елестейді.Ол Айбасқа айтқан сөзінде:Қозыға деген сүйіспеншілік сезімін білдіреді,ғашық жарын көруге асығады.Бұдан былай оның Қозыға арнаған махаббаты ұлғайып дами береді.Бастығы Қодар болып,тоқсан байдың мырзасы: «Мен алам»-,деп тұрған шақта,жас өміріне қатер төнген Баян үрейленіп саспайды,мырзалардың бірде-біріне көңіл аудармайды,менсінбейді.Есі-дерті тек Қозы болады. Ақ ниет,адал көңілімен Қозыны сүйетіндігін білдіреді,
Баянның Қозыға деген махаббаты,адалдығы,айтқан серт,берген уәдесінен танбайтындығы,әсіресе Қозының өлімі үстінде айқындала түседі.Қарабай Қозының өлгенін естіртіп,Баянға: «Сені Қозыдан артыққа қосамын»-дейді.Әкесінің бұл сөзіне қаны қайнап,ыза болған Баян,кекті ашумен қара жүрек,опасыз әкені қайғылы,қатал сөздерімен түйреп салады.
Ауыр қазаға душар болған,сүйген жарынан айырылған Баян Қозының өлімі үстінде қайғы тартып отырып қалмайды.Сүйген ғашығының өлімі ерлік,өжеттілік тудырады.Қапыда кеткен Қозы үшін кек алады.Ол айламен Қодарды құдыққа түсіріп,жарып өлтіреді,қанды қанмен жуады.Сөйтіп Баян Қозыны адал көңіл,шын ниетімен сүйгендігін білдіріп,ғашық жарының жас қабірін құшақтай өзіде өліп кетеді.Жырдың барлық вариантынжа Баянның бұл әрекетін әлсіздік,амалсыздың күнінен жасаған қармануы деп суреттемейді,огы өжеттілік,ерлік,сүйген жарына шексіз берілгендік деп бейнелейді.Мұрда сүйген адамыңның өліміне күйініп жылаудан гөрі,оны өлтірген жаудан кек ал,кіршкксіз таза махаббатыңды аяққа бастырма,жауыздыққа қарсы алысып өт,қатал болып нсмысыңды қорға деген қорытынды жасалады.Қорыта келгенде,жауыздық пен әділет дүниесінің тартысын суреттеген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»қазақ залқыные ертеден келе жатқан көркем шығармасы болып табылады.
2.Лиро-эпостық жырлар. «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» жанрлық табиғаты
Лиро-эпос жырларынан ел арасына ауызша да,баспа арқылы да ерте тарағаны-«Қыз Жібек». «Қыз Жібек»жыры екі бөлімнен құралған.Біріншісінде Төлеген мен Жібек жайы суреттеледі.Жыр әңгімесі Төлегенің өлімімен аяқталады.Екінші бөлімі Сансызбайға арналады да,оның істерінін суреттейді.Екі бөлімнен тұрған бұл жырдың әңгімесі халықтың әдет-ғұрып салтынан туады.Жырдың алғашқы бөлімінің негізгі идеясы-жастардың бас еркі болуын көксегендіктен шығады,ескі мен жаңаның тартысын бейнелейді.Екінші бөлімінде,яғни жырдың халықтық сипаты жоқ бөлімінде,ескі әдет-ғұрып,салтты дәріптееушілік идеясы беріледі,соны дәріптеп негізгі заң деп қараушылық баяндалады.Жырдағы бұл идеялар басты кейіпкерлердің мінез -құлқы,іс-әрекеттері арқылы суреттеледі.
Жырдағы басты кейіпкерлердің бірі-Төлеген.Ол өзіне тең жар-жолдасқа ескі салт бойынша,ата-ананың айттыруымен,қосылуды көздемейді.Сүйген жарын өзі таңдап алуды мақсат етеді.Бұл ойын ол Жайыққа алғаш аттанып бара жатып шешесіне білдіреді.
Ойына алған асыл жарды өз елінен таба алмаған Төлеген саудагерден Қыз Жібек жайын естіп,оған сырттай ғашық болады, «іздегенім сол»дегендей ойға келеді.Осыдан бұлай оның Жібекке деген махаббаты арта түседі,жас жүрегін ғашықтық сезімі билейді.Төлегеннің осы халін,көңіл-күйін жыршы ақын әсірелей суреттеп,үдетіп жібереді.Сырттай ғашық болып,алыстан аңсап келген Төлеген Қыз Жібекті көріп көңілі толады.Екі жас бір-бірін ұнатып қосылады да,аз уақыт қызық дәурен сүреді.Бірақ олардың өміріндегі бұл бір тәтті кез ұзаққа созылмайды.Төлеген қазаға,Жібек қайғыға ұшырайды.
Төлегеннің ізгі мақсатына жете алмай,арманда кетуіне жырдың алғашқы бөлімінде бірнеше себептер келтіріледі.Рушылдық- феодалдық құрылыс заманында,ескі әдет-ғұрып дәуірлеп тұрған шақта,жастардың еркін махаббат іздеуі,бас бостандығы болуын көздеуі жүзеге аспайтын қиял екендігін көрсетеді.Ондай жастардың өмірі ұзаққа бармайтынын,қайғы-қасіретке душар болатындығын,қаншама әрекет жасаса да,ескі салтты бұзып шыға алмайтындығын суреттейді.Сол жастардың өкілі ретінде алынған Төлеген аңсаған арманына жету жолында Қозы Көрпеш секілді көптеген қиындық,бөгеттерге кездеседі.Қабағын қарс жапқан қатал әке,ескі салттың күзетшісі болған Бекежан,өзінің жалғыздығы,шөл дала,алыс жол-барлығы Төлегенге кездескен кедергі,мол бөгет болып шығады.Оларға қарсы алысарлық күші жетпей Төлеген қаза табады.Осындай ауыр халге душар болған Төлегенге жыршы көпшіліктің аяушылық сезімін білдіре,жас жігіттің өліміне өкінеді.Басында еркін махаббат іздеп,сүйген адамына қосылуды арман еткен және белгілі мөлшерде ескі салтша қарсылық білдіре шыққан Төлеген кейіннен өзінің әлсіздігін сезіне бастайды,ескі салтқа мойын ұсынып,оны құптағандай болады.Осы тұста жыршы ақын рушылдық,феодалдық салттың бір түрі әмеңгерлік,жесірлік дегенді әңгімелеп,Оған Төлеген мен Жібекті көндіріп те шығады.Төлеген еліне қайтар алдында:-«Олай-бұлай болып кетсем,артымнан іздеп шығар інім Сансызбай бар,ол сені жылатпас,мұратыңа жеткізер,сені әмеңгер етіп алар»,-дегенді Жібекке ескертіп кетеді.Және бұл ойын Сансызбайға да айтады.
Жырдың ең басты кейіпкерінің бірі-Жібек.Төлеген сияқты Жібекті де-ерекше мінезі бар.Талай байдың мырзасы айттырмақ болғанда,Жібек оның бірде-біріне көңіл бөлмейді,сүйген жігітіне өз еркімен қосылуды арман етеді.Жібектің осындай мінез сипатын әсірелеп көрсту үшін жыршы ақын әр түрлі әдіс қолданады.Сырттай ғашық болып,алыстан іздеп келген Төлегенге ол Жібекті бірден жолықтырмайды,біраз уақыт қызды көрсетпей,жігітті қызықтыра түседі.Жібекті басқа қыздардан артық екендігін байқатпақ болып,Төлегенді қалың көшке кездестіреді.Әр көшті бастап бара жатқан сұлу қыздар бірінен-бірі өтеді.Оларды көргенде Төлеген «Жібек осы болар» деп қалады.Бірақ ол Жібек болмай шығады.Көш соңында Жібектің шешесі келе жатады ,оның сұлулығы алдыңғы қыздардан да асып түседі.Бұларды көрген Төлеген Жібекті қатты көргісі келеді.Төлеген мен Қаршыға Қыз Жібектің күймелі арбасына жетіп екеуі алғаш рет тілдеседі.Бір кездегі тәкәппар,паң Жібек енді Төлегенді көрмесе,тұра алмайтын болады.Басында жігіт қызға ғашық болса,енді жігітке қыз ғашық.Жібектің Төлегенмен өткізген аз күндері аса бір қызық дәурен еді,бір-біріне сүйіп қосылған екі жастың өміріндегі ең әдемі кезі болған еді.Бірақ бұл дәурен ұзаққа созылмай,ақыры ауыр қайғыға әкеп соғады..Жау қолынан қаза тауып,Төлеген өлгеннен кейін Жібектің басына бір қайғыдан соң екіншісі орнай бастайды.Бекежанның қорлығы өтеді.Одан қала бере қылышынан қан тамған Қорен келеді.Осындай жағдайда азалы Жібек қиын халге түседі.Есіне Төлегені және оның айтқан сөздері түседі де,Сансызбайға әмеңгер болып баруға келіседі.Осыдан былай жыр әңгімесінің екінші бөлімі басталады.Жырда Жібекті бұл салтқа қарсылық көрсетпеген,қайта оны қолдаған адам етіп бейнелейді.Сансызбай келген кезде Жібек әрі ақылды-айлалы,әрі өр мінезді сипатта көрінеді.Ол Сансызбай келгенше Қоренді айламен алдарқатып отырады.Сөйтіп Жібек айласын асырып Сансызбаймен кете барады.Жібектің бұл істерін жыршы сүйсіне жырлап,мақтан етеді.
Сөйтіп махаббатты аңсаған қос ғашық қосыла алмайды.Бұл бір жанынан ой түйгізер тәлімді дүние болса екінші жағынан қайғылы қазақ жыры.
Қорыта келгенде, «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті бір үлгісі болып қала береді.
Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жырдың бірі –«Айман-Шолпан».Жырдың ел арасынан жазып алынған нұсқасы 1896 жылы Қазақ қаласында басылып шықты. Бірақ оны жырлаған ақынның аты-жөні күні бүгінде дейін мәлім емес.
«Айман-Шолпан»жырының оқиғасы реалистік өмірден алынған.Жырдың басты кейіпкерлері -Көтібар мен Арыстан-тарихта болған адамдар. «Айман-Шолпан» жырына талдау берместен бұрын,оның мазмұнымен қысқаша таныстырсам. Онда былай делінеді:Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне үлкен ас беріледі.
Оған тамағы бай адамы Маман келеді,ол сән-салтанатымен ,өңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге енгізеді.Бұл асқа қант-шай алып және тоғыз нарға тоқаш артып шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да,Маман бай отырған үйді бер деп шірінеді.Шөмекейліктер сасады да,Көтібарға жауапты өзің бер деп Маман байға барады.Маман бай Көтібардың кедейлігін және өзінің байлығын айтады.Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі,Көтібар күш көрсетеді:"Еліңді шауып аламын "-дейді.Көтібар өзінің інісі Арыстанның "Арындама"-деген ақылына құлақ аспайды.Аста ат шабысы болады.Бәйгеден Көтібардың күрең тұлпары озып келеді.Бүған масаттанған Көтібар,Маманға алғашқы айтқан сөзін қайталайды да:"Еліңді шауып алам"-деп аттанып кетеді.Айтқандай-ақ,Көтібар жеті жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады.Маманның Айман,Шолпан атты екі қызын жайдақ нарға мінгізіп əкетеді.Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан бір жорға сұрап алады да,оны Шолпанға береді.Екінші тұлпарды Арыстаннан алады.Айман Көтібардың жігіттерінен:"Шолпан екеуіміздің біреуімізді елге қайырыңыздар"-деп өтінеді.Бұған Көтібар үндемейді,Арыстан келісім білдіреді,Шолпанды еліне қайырады.Оны Арыстан бастаған жігіттер еліне шығарып салады.Жəне де Айман еліне қайтып бара жатқан Шолпан арқылы өзінің атастырған күйеуі Əлібекке сəлем жолдайды:"Алпыс күннен қалмай,келіп жетсін"-дейді.Көтібар еліне келеді.Оның Теңге деген тоқалы бар екен.Оны жігіттер əзіл араластырып,ашуландырып:"Сені Айманның көрімдігіне береміз"-дейді.Бұған намыстанған Теңге Айманмен қақтығысады жəне Айманның алдынан ешбір адамды шығармаймын деп үйіне қайтады.Айтқандай-ақ Айманды қарсы алған адам болмайды,содан соң ол Арыстанның аулына барып түседі.Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып,оны бауырына тартады,балаға жақсы киім-кешек тігіп береді.Ол Есетке ақыл үйретеді:"Əкеңе бар,киімдеріңе байғазы сұра.Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе,берер байғазың осы де"-дейді.Есеттің тілегін Көтібар орындамайды,сонда бұған Арыстан араласып,баланың тілегін қабылдаттырады.Айман Есеттен Көтібардың күші күрең тұлпарында екенін біледі жəне айламен тұлпарды қолға түсіреді.Осы кезде бір мың төрт жүз жігіт алып Əлібек келеді.Оның алдынан күрең тұлпармен Айман шығады.Əлібек Айманды танымай қалып найза салады,Айман өзін танытады.Əлібек шекті елін шабуылдайды.Бірақ арашасы Айман болады,ол екі жақты татуластырады.Көтібар өкілата болып, Айманды Əлібекпен аттандырады.Шолпанды Айман Арыстанға қосады.Екі жақтың шабуылға түскен малы қайтарылады,ел арасында татулық орнайды.Жыр осымен аяқталады.
«Айман-Шолпан»халықтық жыр және ол өткен ғасырдың 70жылдарында шығарылнан секілді.Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында,әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі болған жаңалықтарды суреттеу илеясынан туған деуге болады. «Айман-Шолпан»-реформа дәуірінен кейінгі қазақ ауылындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды қонам өміріне,тұрмыс салтқа енгеп өзгеріс,жаеалықтарды сурпттеу идеясынан туған жыр.Ол өзінің осындай негізгі идеясын жырдағы басты кейіпкерлердің мінезін,іс-әрекеттерін суреттеу арқылыы көрсетеді.Бұл ретте жырдың кейіпкерлері екі топқа бөлінеді.Біріншісі ескілік өмірді,бұрынғы тұрмыс салтты жақтайтындар.Ол-әлеумет сахнасынан кетіп бара жатқан феодалдық құрылыстың өкілдері Көтібар мен Маман.Екіншісі-жаңа туып кнле жатқан капиталистік қарым-қатынасты,қоғам өмірінде соған негізделген жаңалықты жақтаушы жастар.Олар:Айман,Арыстан,Әлібек,Шолпан.Бұлар қазақ қоғамына ене бастаған жаңа дәуірдің өкілдері ретінде жырға қосылады,олар бұрынғы заманда кездеспеген жаңашыл іс-әрекеті,мінез-қылығымен алынады.Сондықтан да олар бұрынғы қазақ әдебиетінде болмаған,жаңа заманда туған жаңа кейіпкерлер болып табылады.Сөйтіп жырда ескі мен жаңаның тартысы бейнеленеді,оқиға соның төңірегінде құрылады.Айман -өз кезіндегі қазақ әдебиетіне енген жаңа кейіпкер.Бұдан қазақ әдебиетірде Айманға дейін жыр болған қыздар жоқ деген ұғым тумауы керек.Ондай қыздар болған.Бірақ олардан Айманның айырмасы-әлеуметтік мәселеге араласуынды,жаңа заманда ел басқару ісіне ерлер мен қатар әйеллердің де қатысқанын,ел арасын шабуыллан құтқарушы,арашашы,татулық орнатушы екенін көрсетуірде. «Айман-Шолпан»-компазициялық құрылысы,оқиғаны баяндауы жағынан өзірдік ерекшелігі бар жырдың бірі.Жырдың басты ерекшелігі-оқиғаны шиеленіскен тартысқа құруында.Оның қандай әңгімпсін алсақ та үлкен тартысты көреміз.Мұның өзі жыр оқиғасын әрі қызықты әрі әсерлі етеді.Көтібар мен Маман,Айман мен Көтібар,Теңге мен Айман арасындағы тартыс,қақтығысуларды суреттеу арқылы жыр оқиғасы дами түседі.
Қорыта келгенде «Айман-Шолпан»-реформа дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген жаңалық,өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнелеген халықтық жыр.Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын алған талас-тартысты,ескінің жеңіліп,жаңаның жеңетіндігін бейнелейді,Әлеумет сахнасынан ығыстырылып бара жатқан және ескілікті қолдаушы адамдарға жаңа заманның жаңа адамдарын,жастарды қарсы қоя отырып соңғыларын ардақтай жырлайды,үлгі етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |