Аширова Анар Тишибаевна, Рысбай Бибігүл, Өмірбекова Роза Қалдыбековна Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері



Дата11.01.2017
өлшемі113,01 Kb.
#6880
Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің филология

ғылымдарының кандидаты, доцент

Аширова Анар Тишибаевна,

Рысбай Бибігүл,

Өмірбекова Роза Қалдыбековна
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

Kazakistan Cumhuriyeti

Almatı şehri

Al Farabi adındaki Kazak Devlet

üniversitesinin doçenti

Аşirova Anar Tişibayevna

Rysbai Bibigul

Umirbekova Roza Kaldybekovna
Yönetilerek bağlanan isim tamlamları
Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі кездеседі. Олар мынадай есімдер:

1. Зат есімдер. Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімдерді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркестерінде бағыныңқы компонент барыс септік формасында меңгеріліп зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді. Мысалы: Сыныққа сылтау (Қазақ әдебиеті, 2003), Мырзашөлге сапар (Қазақ әдебиеті, 2004), АҚШ-тан Ақтөбеге (Жас Алаш, 2004), «Жас тұлпардан», «Желтоқсанға» дейін (Қазақ әдебиеті, 2002), Қазақтарға мың алғыс. Қазақтарға мың алғыс (Қазақ әдебиеті, 2003) т.б.

2. Сын есімдер. Газет бетіндегі тақырыптарда сын есім сөз тіркесінің басыңқы сыңарында кездеседі. Мысалы: Адамдарға сенгішпін (Жас Алаш, 2004), Атымен жаңа (Жас Алаш, 2003) т.б.

3. Сан есімдер. Сан есімдермен есімдер жоғарыдағыдай есімді сөз тіркесінің меңгерушісі (басыңқы) болып өте аз кездеседі. Мысалы: Түркістанға 10 жыл (Түркістан, 2004), Азияда бірінші (Жас Алаш, 2004) т.б.

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

Етістікті сөз тіркесінде етістік негізгі, шешуші қызмет атқарады. Өйткені етістік табиғатында өзінің лексика-грамматикалық мағынасына сөз табы ретіндегі жалпы категориялық қасиетіне орай басқа сөздерді жетегіне алып, маңайына үйіріп тұратын сөз табы. Сондықтан да ол бағыныңқылық қызмет емес, негізінен, басыңқылық қызмет атқарады да, сөз тіркесін құрауға ұйытқы болады. Мұндай басыңқылық қасиет сөз таптарының кейбіреулеріне ғана болмаса, барлығына бірдей тән емес. Мәселен, сын есімдер мен сан есімдер өздерінің табиғаты жағынан, зат есімді сындық, сапалық, сандық, мөлшерлік белгілері мен қасиеттері жағынан айқындайтын сөздер, соңдықтан да олар зат есімнің жетегінде айтьшып, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында жұмсалады да, ал зат есімдер негізгі, ұйытқы сыңар ретіңде басыңқы сыңар қызметінде қолданылады. Соңдай-ақ үстеулер қимылға тән сапаның сапасын білдіретіндіктен, еліктеуіш сөздер – етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу жағынан сипаттайтын болғандықтан, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында жұмсалуға бейім тұратын сөздер. Бірақ бұдан зат есім мен етістіктен басқа сөздер тобы мен сөз таптары сөз тіркесінің басыңқы сыңарында мүлдем қолданылмайды деген қорытынды шықпаса керек. Ретіне қарай олар да басыңқы сыңар қызметінде жұмсалады: бізден жоғары, сізден төмен, олардан ілгері үстеулі сөз тіркестері, іске епті, Құралайдан сымбатты сын есімді сөз тіркестері, сізден оқыған, ауылдан келген есімшелі сөз тіркестері. Алайда үстеу мен сын есімнің, сондай-ақ есімшенің басыңқы сыңар қызметінде жұмсалуы олардың негізгі қасиеті мен белгісі емес, қосалқы, қосымша қасиеті, сондықтан да бұлар сөз тіркесін жасауға негіз, ұйытқы болатын сөз табы не сөз тобы ретінде айтарлықтай көрініс таба алмайды.

Түркі тілдерінің бір саласы, қазақ тіл біліміңде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағыналық қасиетіне қарай топтастыруда кейбір ерекшеліктер байқалады. Мәселен, К. Аханов пен М. Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестерінің үстіне «үстеулі сөз тіркестерін» қосса, ал Т. Сайрамбаев, М. Балақаевтың «Ортақ меңгеру» деген пікірін негізге алып, есімді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына «ортақ басыңқы сөз тіркестерін» қосқаңды құптайды. М. Балақаевтың пікірінше, «ортақ меңгеру» түптеп келгенде, есіммен көмекші етістіктің табыс септікті сөзді меңгерген түріне тән. Бүл орынды да, өйткені меңгерудің мұндай түрінде табыс септікті сөзді есім де емес, көмекші етістік те емес, тек екеуінің ортақтасқан тобы ғана меңгере алады: оларды қонақ етті, өткендерді ойға алды, оларды «жатақ» дейді, қайтқанын мақұл көрді т.б. Ал меңгерудің басқа түрлерінде, сондай-ақ қабыса, матаса, байланысқаң сөз тіркестеріңде мұңдай ерекшелік байқала бермейді. Салыстырып көрелік: іске епті болатын іске епті, ұжымға мүше еді ұжымға муше, одан көрікті болатын одан көрікті, білімді жігіт еді білімді жігіт, ауылдың сұлуы еді ауылдың сұлуы т.б. Осы аталған сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының құрамынан көмекші етістікті алып тастағаннан сөз тіркесінің тұрқы бұзылмайды, басқаша айтқанда, сөз тіркесінің меңгеру, қабысу, матасу деген түрлері сол калпында қала береді, тек шақтық қасиеті жағынан ғана өзгеріске түседі. Мәселен, ұжымға мүше еді өткен шақты, ұжымға мүше осы шақты, ұжымға мүше болмақ келер шақты, сондай-ақ білімді жігіт еді өткен шақты, білімді жігіт осы шақты білдіреді. Демек, бұл табыс жалғаулы сөзді меңгеріп тұрған есім мен кемекші етістіктің ортақтасқан тобынан бас қаларының ортақ басыңқы сөз тіркестерін құруға ауыз толтырып айтарлықтай емес екендігін көрсетеді. Шыңдығында, мұндай сөз тіркестерінің сөз тіркесі болып құрылуына кемекші етістіктердің қатысы жоқ десе де болады, өйткені аталған сөз тіркестерін жоғарыдағыдай көмекші етістіктерді қатыстырмайақ бірыңғай таза есімді сөз тіркесі түрінде де қолдануға болады. Бұл мұндай сөз тіркестерінің жасалуына түйдекті тіркес құрамындағы кемекші етістіктер емес, есімдер, яғни олардың лексикаграмматикалық мағынасы, сөз табы ретіндегі категориялық мағынасы тікелей әсер етті деген сөз. Бірақ осыған қарамастан, басыңқы сыңары есім мен көмекші етістіктің ортақтасқан тобы болып келетін білімді жігіт еді, маған дос болатын сияқты сөз тіркестерін шартты түрде «ортақ басыңқы сөз тіркестері» деп тануға болатын тәрізді. Өйткені мүңдай типті сөз тіркестері мақсатқа орай тілімізде кеңінен қолданылады.

«Сөз тіркесінің құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше. Өйткені сөз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктері осы өзекті екі сөз табына негізделеді» (М. Балақаев). Алайда зат есім мен етістіктер бағыныңқылық қызметте жүмсалатын сөздермен қалай болса солай, ретсіз тіркесе бермейді. Олардың тіркесуінде белгілі бір заңдылықтар болады. Ол, біріншіден, сөздердің грамматикалық сипаты мен олардың сәйкестілігі арқылы, екіншіден, мағына жақындықтары мен үйлесімділігіне орай, үшіншіден, грамматикалық сипаты мен мағынасы жағынан орайлас жатқан сөздердің белгілі бір дәнекерлер, тәсілдер арқылы байланысқа ену заңдылығы болып табылады. Сойлем құрамына енген сөздердің қайсысы болмасын осы аталған заңдьшықтар негізінде ғана өзара тіркеске түсе алады. Мәселен, біз әңгіме етіп отырған етістік іс-әрекетті білдіретін сөз табы ретінде өзінің лексикаграмматикалық мағынасына, жалпы категориялдық мағынасына орай сөздердің барлық түрлерімен емес, олардың ішінен зат есімдермен, үстеулермен, көсемшелермен, елікгеу сөздермен т.б. ғана тіркеседі, өйткені бұлар мағынасы жағынан жақын жатқан, теңін тапқан сөздер. Мағынасы жағынан орайласып, теңін тауып тіркесу сөз тіркесі үшін аса қажетті белгі, бірақ оларды байланысқа түсіретін белгілі амал, тәсілдер бар [3].

Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жатқан саздермен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысқа түседі де, соның негізінде соз тіркесінің белгілі бір байланысу формасы (типі) жасалады, нақтылай айтқаңда, меңгеру, қабысу.

Табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқарудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықтауыш қызметін атқаруға көшуі, соған орай оның сабақты етістіктермен тіркесетіндей болып жүйеленуі етістіктердің меңгеруін қалыптастырды.

Етістіктермен меңгеріле байланысты, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер – есімдер.

Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар – есімді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні ерекше.

Қозғалыс әрекетінің бағыт, бағдары мен тірелер орнын білдіретін етістіктер барыс жалғаулы сөздерді жетегіне алып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Мұндай сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің мағыналық ерекшеліктеріне қарай толықтауыштық жене пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Толықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерімен салыстырғанда пысықтауыштық қатынаста қолданылатын сөз тіркестері тілімізде жиі қолданылады, соған орай мағыналық жағынан алуан түрлі болып келеді.

Объектілік қатынаста жұмсалатын барыс жалғаулы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары толықтауыш қызметін атқаратын сөздер болып келеді. Сондықтан да толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында, негізінен, адам тақырыптары не солардың орнына жүретін есімдіктер болып келеді де, басыңқы сыңарлары осылармен мағыналық жағынан орайлас жатқан қозғалыс мәнді етістіктер болады. Мұндай қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің мағыналары, негізінен, мынадай:

1. Қозғалыс әрекетінің кімге, неге бағытталғандығын білдіреді. Мысалы, баласына келді, әкесіне барды, Абайең алдымен әжесіне келді (Әуезов). Мұндай сөз тіркесі құрамындағы барыс септігі қозғалыс әрекетінің тірелер орнын атап көрсетеді.

2. Қозғалыс әрекетінің бағыт, бағдарын білдіретін етістіктердің бірқатары барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, аттану, жорыққа шығу, тартысу мағынасында қолданылады. Мысалы: жорыққа аттану, соғысқа бару, куреске тусу. Жорыққа аттандырған барымтаға түсетін құмалақ бұларға да түсер еді (Әуезов).



  1. Қозғалысқа түскен заттың адресатын білдіреді. Мысалы: Жолдас Муратбаевтың атына арнаулы телеграмма жіберілді (С.Қ.).

  2. Соқтығу, тию, суріну, сүйену, жамбастау, жантаю тәрізді қозғалыс мәнді етістіктер барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, қақтығыс пен сүйкеніске түскен заттарды атап көрсетеді. Мысалы: кәрілерге соқтықты, тас итке тиді, ағашқа сүрінді.

  3. Пысықтауыштық қатынаста жүмсалатын барыс жалғаулы сөз тіркестері тілімізде аса жиі кездеседі. Мұндай қатынаста келетін сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларыңда зат есім, есімдік, түйық етістік, көмекші есімдер қолданылады. Мысалы: Аздан соң қуз басына ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға қарады (Әуезов).

Пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын барыс жалғаулы сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:

  1. Көлемдік. Мұндай мағынаны білдіретін сөз тіркестері жер, көл, аспан, жол, үй, қасы, жаны тәрізді көлемдік ұғымы бар сөздердің қозғалыс мәңді етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: сол жерге бару, көлге келу, аспанға ушу, уйге жету, Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады (Әуезов).

  2. Мезгілдік. Мезгілдік мағынаны білдіретін сөз тіркестері уақытты, мезгілді, шақты меңзейтін есімдердің қозғалыс өрекетін білдіретін есімдермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: ертеңіне келу, сағат беске бару, түске жету, Күттіре-күттіре ертеңіне келгені (Шашкин).

Мақсаттық. Мақсаттық мағынаны білдіретін сөз тіркестері у және мақ тұлғалы қимыл есімдердің, кейде зат есімдердің қозғалыс мәңді етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады. Оқуға бару, көмекке келу, қаралуға кету. Жылы киім жоқ, ауылда қалғанжігіттер жаяу-жалпылай көмекке жүгіріп кетіпті (Нұрпейісов) [73].

Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады да, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады.



Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері көп кездеспейді. Ал біздің қолымыздағы тілдік материалдардан біз тек көп кездестіретініміз көмектес септігі болды. Дегенмен де басқа септік жалғаулы тіркестер де бірен-саран ұшырасады. Мысалы: Ақынмен кездесу (Қазақ әдебиеті, 2003), Тағдырмен кездесу (Егемен қазақстан, 2004), Елшімен кездесу (Егемен Қазақстан, 2004), т.б.

Газет беттеріндегі тақырыптарда кездесетін меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді:

1. барыс жалғаулы сөз тіркестері;

2. шығыс жалғаулы сөз тіркестері;

3. жатыс жалғаулы сөз тіркестері.

Барыс жалғаулы сөз тіркестері.

Демократияға қадам (Ана тілі, 2005), Достыққа дәнекер (Ана тілі, 2004), Ұлылыққа тағзым (Қазақ әдебиеті, 2005).

Табыс жалғаулы сөз тіркестері: Бізде қонақта (Ана тілі, 2005).

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Шығыс септігінің қалыптасу тарихы жайында түркі тіліңде әр түрлі көзқарастар бар. Алайда шығыс септігін жатыс септігінің негізінде қалыптасты дейтін пікір басым.

Шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында етістіктер де, есімдер де жұмсалады, бірақ етістіктердің қолданылуы есімдермен салыстырғанда әлдеқайда мол. Бұл ерекшелік меңгерудің ең алдымен етістіктерге жөн екеңдігін қуаттайды. Демек, сөздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар тек мағыналық тұрғыдан жақын, орайлас болғаңда ғана тіркеседі. Мәселен, безу деген етістік тек шығыс жалғаулы сөздерді меңгерсе (дуниеден, емірден безу), жақындау етістігі тек барыс жалғаулы сөздерді меңгереді (қалаға, елге жақындау). Бірақ бұған қарап шығыс жалғаулы сөздерді меңгеретін етістіктер өзге септік жалғаулы сөздерді меңгермейді деген қорытынды шығаруға болмайды. Мәселен, қозғалыс әрекетін білдіретін кет, шық, тус, қайт т.б. етістіктерді алатын болсақ, бұлар шығыс жалғауынан тыс барыс және кемектес жалғаулы сөздерді де меңгереді. Бұл қасиет етістіктердің мағыналық жағынан алуан түрлілігімен тікелей байланысты. Жүзден жүйрік (Айқын апта, 2004), Ақ жолдан айнымай... (Ана тілі, 2005), Өткеннен өнеге (Қазақ әдебиеті, 2006).



Қорыта айтқанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің табыс, көмектес жалғаулы түрі газет беттеріндегі тақырыптарда кездеспеді.


Тірек сөздер: сөз тіркесі, синтаксистік қызмет, газет бетіндегі, есімдер, жалғаулы сөз тіркес, құрылымдық типология, лексикаграмматика.
Түйіндеме

Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі кездеседі. Олар зат есім, сын есім, сан есім, етістіктер арқылы жасалынады.



Temel kelimeler: isim tamlaması, sentaks görev, gazete sayfasındaki isimler, eklemeli isim tamlamaları, yapısal tipoloji, gramer.
Özet

Gazete sayfalarındaki makalelerde yönetilerek bağlanan isim tamlamaları çok rastlanmıyor ve bütün isimler aynı şekilde onun gibi isim tamlamalarının ikinci kısmı olamaz. İsimlerin arasında çoğunlukla öznenin halini, durumunu belirten kelimeler isim tamlamalarının tamlayanı olarak çok rastlanmaktadır. Onlar isim, sıfat, sayı sıfatı, yüklemler aracığıyla yapılır.




Key words: noun phrase, syntactic function, newspaper names, agglutinative noun phrases, structural typology, grammar.
Abstract

On pages of newspaper articles connected as directed in not so usual and all the names of the noun phrase in the same way the second part of the noun phrase can not be like them. Often become the subject of names, that indicates the status of the genitive noun phrase as the words are very common. They are noun, adjective, adjective number, are done by means of predicates.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.В.С.Аванесов. Форма тестовых заданий. Москва.Центр тестирования, 2005. Стр.10;

2. З.Е.Күзекова, Г.С.Пазылова, Е.Қ.Әбдірәсілов. Қазақ тілі тестілеу теориясы мен практикасы. Б.13;

3. М.Қ.Мамаева, М.С.Жолшаева және т.б. Тіл-құрал. А2 базалық деңгей.

ҚР БҒМ Астана «АқарманМЕДИА», 2011. Б.39.;



4. Білім беру – Уикипедия.ru.wikipedia.org/wiki

5. Б.Құсбекова. Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік. Алматы,2010. Б.262;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет