Тәуелсіздік бәрінен қымбат



Дата14.12.2022
өлшемі28,64 Kb.
#162802
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы
Новый документ в формате RTF (2), Тарих әдіснамасы пәнінен семинар

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты мақаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тәуелсіздіктің маңыздылығын, сонымен қатар XX ғасырда Алаш зиялылары мақсат еткен тәуелсіз мемлекет моделін барлығымызға айқындап, ұлттық сананы жаңғыртудың тағы бір кезегі келгенін анық көрсетіп берді. ХХ ғасырдың басында мемлекеттілігімізді айқындайтын ұлт зиялыларымыздың қызметін қайта қарап, тәуелсіз негізде этникалық идеяларын қайта жаңғырту, әлемдік деңгейде саяси жағдай шиеленісіп тұрған шақта, ұлт зиялыларымыздың елдің ұйытқысы бола білген ерең еңбегін үлгі ету –біздің басты міндетіміз.


Аталмыш жолда аянбай еңбек еткен ұлт зиялыларымыздың бірегейі - Ахмет Байтұрсынұлының қызметін ерекше атау маңызды мәселе. Ағартушы, ұлт ұстазы, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Алтын Орда өкіметінің мүшесі, қазақ халқын модернизмге жетелеуші – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл.
Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында 28.01.(05.09)1873 жылы туған. Ауыл молдасынан, Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінен, Орынбордағы 4 жылдық қазақ мұғалімдері мектебінен білім алған. Ахмет қазақ даласының әр түрлі аймақтарында мектептер ашып, ұстаздық қызметпен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, «әр қазақтың баласы қалайда оқу керек» деп –масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер-білімге шақырды.
Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш-қуатын жұмсаған қайраткер екендігін білеміз. Осы мақсатты орындау үстінде, ол қазақ тілінде оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші, сонымен қоса, осы зерттеу негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор.
Ағартушы оқу-ағарту ісін жолға қою үшін қазақ жазуына лайық графика түзу, жазу тәртібі – емлені жасау, қазақша сауат ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін танытатын мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету сынды бірқатар игі істерді атқарған.
1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уезіндегі ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім, Қарқаралы қалалық училищесінде мұғалім, кейіннен меңгерушісі болды.
Тәржіма өлеңдерін қамтыған «Қырық мысал» жинағы 1909 жылы Петербордан басылып шықты. 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен Семей түрмесіне жабылып, Ресей империясының ІІМ-нің Ерекше кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде сот шешімін шығарды. Осылайша 1910 жылы ­9 ­наурызда ­­ Орынборға жер аударылып, 1917 жылдың соңына дейін қоғамдық-саяси және ағартушылық іспен айналысты.
1911 жылы төл өлеңдер жинағы «Маса», тұңғыш қазақша әліппе кітапшасы «Оқу құралы» жарық көрді. Ұзақ жылдар дүниеге әкелуге талпынған тұңғыш жалпыұлттық басылым «Қазақ» газетінің алғашқы санын 1913 жылы 2 ақпанда басып шығарып, 1917 жылдың аяғына дейін өзі редактор болды. 1917 жылғы жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен қазақ съездерінің өтуіне атсалысты, қос жалпыұлттық Құрылтайды (съезді) ұйымдастырып, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуына ұйытқы болды.
1919 жылы наурыз айында Мәскеуге барып Кеңес үкіметі басшыларымен келіссөз жүргізді. Өзі қазақ даласын басқаратын Әскери-революциялық комитеттің төрағасының орынбасары болып бекіді. 1920 жылы 26 тамызда құрылған Қазақ автономиялық кеңестік үкіметінің құрамына еніп, 1920-21 жылдары Халық ағарту комиссары, 1922 жылы Академиялық орталықтың, 1922-25 жылдары Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болды. Осы жылдары негізгі жұмысына қосымша Орынбор мен Тәшкендегі педагогикалық жоғары оқу орындары – Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениет тарихы пәндерінен дәріс оқыды.
1925 жылы Қазақстанға Сталиннің тапсырмасымен қандықол Ф.И.Голощекин басшы болып келгеннен кейін Алаш зиялыларының бастарына қара бұлт үйіріліп, бақ ұшты. 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынып, Мәскеудегі атышулы Бутырка абақтысына жөнелтілді. ОГПУ-дің 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен ату жазасына кесілді, кейін бұл үкім 10 жыл концлагерьге қамалуға, артынан 3 жыл Архангельскіге жер аударылуға ауыстырылды. Өмірлік жары Бадриса (Александра) екеуі де денсаулықтан айырылып, 1934 жылы Алматыға жеткенімен 1937 жылы 8 қазанда тағы бір мәрте қамауға алынып, 8 желтоқсанда Алматы түрмесінде атылды. Ахмет Байтұрсынұлының өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады:
Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған

  • «Қазақ» газетін басып шығару;

  • Араб графикасын қолдану арқылы «Төте жазу» жасау;

  • «Алаш-Орда» үкіметінің қызметіне қатысу.

Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды, оны өз елінің көрнекті ұлы етті, оның тәуелсіздігі туралы арманын асқақ етті. Ахмет Байтұрсыновтың атын естімеген қазақ баласы жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.
Ахмет Байтұрсынұлының саясаттағы алғашқы қолтаңбасы Қарқаралы петициясына түскен еді. Жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесін қозғайтын өзгертулер енгізуді талап еткен құжаттың Ахмет Байтұрсынұлысыз жазылып, қатталуы мүмкін емес болатын. Осылайша ол отарлаушы тараптың «қара тізіміне» 1905 жылы-ақ ілінген.
Ұлт ұстазының Ресейде білім алып, жат жұртта сол білімін бағалайтын ықпалды тұлғалардың құрметіне ие бола тұрып, қараңғы қазақ ортасына келуін аңыздағы Прометейдің мейірбандығымен шендестіруге болады. Бұлай кесіп айтуымызға кейін ғалымды Максим Горькидің жұбайы араласып жүріп, түрмеден босатқаны дәлел.
Біз әсіресе Алаш ардақтыларын ұлықтаған осы екен деп, тағдырларын тым сүмірейтіп, трагедиясын әсіре қоюландырып жібереміз. Ал негізінде ұлт үшін басын тәуекелге тігіп, құрбандыққа бару асқақ рухты адамның қолынан ғана келетін, мәнді ғұмыр ретінде сипатталуы керек. Ахмет мұрасына оның қилы тағдырына да осы тұрғыдан жаңаша баға беруіміз қажет сияқты.
Қазақ даласына ашаршылық еніп, бұрын-соңды көрмеген зұлмат басталғанда ел ішінен мүлік жинап, аш халыққа араша болған да Ахмет Байтұрсынов болатын.
Қазіргі таңда, елімізде білім беру мен ғылым саласында қарастырылып, қабылданып жатқан реформалар Ахмет Байтұрсынұлының бастаған жолын жалғастырып, ұрпақаралық сабақтастық орын алар болса нәтижелі болары сөзсіз. Себебі, реформа, жаңаруға бағытталған өзгеріс төменнен жоғарыға қарай жүйелі жүргізілген жағдайда нәтижелі боларын білеміз. Осы бағытта ағартушы оқу-ағарту саласын реформалауда бастауыш мектептен бастап қолға алып, бірте-бірте ана тілімізде оқулықтардың көптеп жазылуын және ғылыми терминдер қарастырылатын қазақ тіліндегі сөздік құралдарын жазылуын іске асыруға бастамашы болған. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар, бүгінде, еліміздің білім беру мен ғылымды дамыту шараларына бағытталған реформалардан көрініс тауып, жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие екендігін аңғарамыз.
Бұл реформалар, сонымен қатар, мектепте Тарихты оқытатын барлығына бірдей оқулық мәселесі мен ЖОО-да ғылыми жұмысты жүйелі жүргізуге бағытталады. Ал оқулық мәселесі Алаш зиялыларының, әсіресе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қызметін үлгі етіп, Қазақстанның ғылым саласында дамудың жаңа деңгейіне өту мүмкіндігі. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, А.Байтұрсынұлы 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф. Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсынұлының тақырыпты, идиялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды..
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын сүйген, оның жолында небір қиыншылықтарға төзе білген, қазақтың ұлттық ой-өрісін, салауатты әдеби ортасын қалыптастыру жолында аянбай тер төккен, осы жолда бар қауіп-қатерлерді ескерген нағыз зиялы болды.
Тарихи тұлғасы мен арқалаған жүгі, көрген азабы ешбір ханның, ешбір батырдың, ешбір бидің, ешбір ғұламаның тұлғасымен салыстыруға келмейтін екі алыптың бірі Әлихан Бөкейхан болса, екіншісі - Ахмет Байтұрсынұлы. 
Қазақ тарихының ең бір шешуші кезеңінде қатар өмір сүрген қос арыстың маңайына топтасқан ұлт элитасы халқын ұлтсыздандыру нөпірінен аман алып шығу үшін өткел болып төселді. Бәрінің басы бәйгеге тігіліп, бәрінің әулеті қуғынға ұшырады.
ХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр. 
Әкесі мен ағаларының нақақ қудалануы жүрегіне шоқ боп түскен алаш арысы 1937 жылы атылғанға дейін ұлт ұпайын түгендеп өтті. 
Бұған да оның бүгінге цензура мен плагиаттан әупіріммен аман жеткен ғылыми еңбектері мен әлі күнге дейін табылмай келе жатқан құнды дүниелерінің даңқ-дақпырты дәлел. 
Ол қазақ публицистикасы мен ғылыми тілін жасанды, қасаң сипаттан арылтып, халық тіліне жақындату үшін төл терминологияның негізін қалады.
Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытты. 
Абай Құнанбайұлы туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазып, ойшылға қазақ жазба әдебиетінің төрін ұсынған Ахмет Байтұрсынұлының өзіне «Қазақтың бас ғалымы» деген атақ берсе жарасады .Оған қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын, қазақ әліпбиі мен емлесін ғылыми дәйекпен ретке келтіріп, қазақ тілінің лексикалық қоры мен синтаксистік құрылымын өзге тілдердің ықпалынан тазартуға күш салған ғылыми еңбектері мен алғашқы оқулықтар дәлел деген пікірлер бар.
ХХ ғасыр басында жетілген жұрт тілінің жетегінде адасқан Алаштың әліпбиі мен әліппе­сін ұлттық болмысқа ла­йықтап түрледі, түзіп берді. Дәлел – 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралы» қазақша әліппе кітабы. Осы әліппе жүйесімен әлі күнге сауатымызды ашып келеміз. Жұртымыз орыс патшалығына бодан болып тұрғанда «қырғыз» атанған еліне «қазақ» деген төл атауын қайтарды. Дәлел – Орынборда 1913-1918 жылдары жарияланған «Қазақ» газеті арқылы жүзеге асырғанын ел біледі. Үшіншіден, Қазан төңкерісімен келген «Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!» дейтұғын бейнетқорлар көсемі Лениннің бұқараға беретін теңдігі кезінде ұлтына дербес ел болу үшін шекарасы анықталған автономия әперді. Дәлел – Орынбордың 1920-1924 жылдары қазақ елінің рух көтерер ордабасы болуы. Алдағы уақытта ата-бабадан қалған киелі жерімізді болашақ ұрпақ үшін көзіміздің қарашығындай сақтау­ға мүдделіміз. Тізе берсең, ұлт алдында тарихи істері таудай теңдессіз тұлға, кемел ер – ол Ахмет Байтұрсынұлы! ХХ ғасыр басында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары «Қазақ халқының көсемі», «Ұлттың ар-ожданы» деп ұлықтап, есімін тура атамай, «Алаштың Ахаңы» деп дәріптеген.
Бүгінгі тәуелсіздік кезең ұрпағының міндеті – тұлғаның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлттың маңдайына біткен болмысы бөлек Ахметтің тарихи құбылыс екенін, оны «Алаш көсемі» деп дәріптеген замандастарының таным-пайымы бойынша ұрпаққа танытуда кешенді жұмыстарды жоспарлы түрде рет-ретімен жүргізу. Ғұлама ғибратының өміршеңдігін осы кешенді жұмыстар барысында жедел қолға алып, жаңаша пайыммен насихаттау.
Бұл күні тұлғаның мұрасын зерделеп, кемеңгердің кемел білім-ілімін ұрпаққа таныту мақсатында жазылған зерттеулер легі де жетерлік, тіпті жылма-жыл толығу үстінде. Атап айтсақ, әдебиеттанушы Р.Нұрғалиев, тілші Р.Сыздықова, тұлғаның немере інісі С.Кәкішев, өзбек елінің қазақ ғалымы М.Джусупов, физик М.-Х.Сулейманов, көсемсөзші Ж.Байтелесова, тілші Ш.Жалмаханов, әдіскер-тілші А.Қыдыршаев, жазушы ­Б.Ілияс, педогог Қ.Ыбыраимжанов, ақын, көсемсөзші Н.Бектемісұлы, жазушы Қ.Сәрсекеев, философ Қ.Ашекеева, ақын, көсемсөзші С.Оспанұлы, тілші Қ.Ибраймов, мұратанушы Р.Имаханбетова, әдебиетші Ө.Әбдиманұлы, әдебиет­танушы Ұ.Еркінбаев, тарихшы Г.Тұрғараева, түрік ғалымы, тілші Н.Бірай, мемлекет қайраткері К.Мәсімов, жазушы А.Ахетов, ақын С.Тұрғынбекұлы, әдебиетші А.Ойсылбай, орыс тарихшысы Т.Тугай және т. б. Сонымен қатар тарихшылардың кең тақырыпта қарастырған ғылыми зерттеулері бір төбе. Бұдан бөлек, академик-­ғалымдар: М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, К.Сағадиев, М.Қойгелдиев, М.Жұрыновтың мақалалары бар.
Тәуелсіздік кезеңде қалып­тас­қан ұлттық ғылымның алтын ғасыры – ахметтану тақырыбында ғалым мұрасын келер ұрпақтың игіліне жарату мақсатында, оны заманауи форматта оқытудың жолдарын зерделеу үшін 2019 жылы 29 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдіс­темелік, ғылыми-зерттеу орталығы жауапкершілігі шек­теулі серіктестігін тіркетіп, жұмыс басталды.. Орталық тарапынан «Ұлағатты ұлт ұстазы», «Ғасыр саңлағы», «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттаным» жобаларына авторлық куәлік алынған. Осы жобалар бойынша ғалымның 150 жылдығына орай шығарылуы аса қажет туындылары мен ғалым туралы жазылған еңбектер дайындалу үстінде. Мәселен, «Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық толық шығармалар жинағы. Қазақ және орыс тілдерінде» ғылыми туынды (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтымен бірге); «Ғасыр саңлағы» әдеби зерттеу, «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл философиясы» роман-эссе. Жазушы ­Д.Амантайдың А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі көркемдік тұлғасын бейнелеген «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл философиясы» атты роман-эссесі орталық тапсырмасымен жазылып, қазір редакция жұмысы жүргізілуде екен. Тоқсаныншы жылдары жарық көрген әдебиеттанушы Р.Нұрғалиевтың «Ахмет Байтұрсынов» кітапшасы, тілші Р.Сыздықова­ның «Ахмет Байтұрсынов» кітапшасы, тұлғаның немере інісі С.Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат», жазушы Б.Ілиястың «Алтын бесік» кітаптарының мәтіні теріліп, дайындалған.
Қазақ тілін зерттеп жүрген, зерттеп кеткен ғалымдардың том-том еңбегі бір төбе болса, Байтұрсынұлының «Тіл –құралы» өз алдына бір төбе. Абай мен Ыбырайдан қалған ағартушы қаламын ту етіп ұстаған да осы Ахмет Байтұрсынов еді. Ахмет Байтұрсынұлының аумалы-төкпелі кезеңде дүние есігін ашып, бүкіл ғұмыры отарлау саясатына қарсы күреспен өтуі өз тағдыры үшін трагедия болғанымен, тарих толқынындағы қазақ үшін мың жылда бір берілетін бақыт еді. Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатұлы бастаған «Алаш» зиялыларының қасында Ахмет Байтұрсынұлындай стратег, пассионар тұлға болмағанда бүгінгідей бай мұра қалмауы да мүмкін еді.
Ахаңның ізі қалған, Орынбор, Санкт-Петербург, Семей, Ташкент сияқты тарихи қалаларды қамтитын онлайн-экспедиция ұйымдастырылса, заңғар тұлғаның ұлағаты заманауи тілмен насихатталар еді. Мұның бәрі елдік үшін есіл ғұмырын күреске арнаған Ахмет Байтұрсынұлының алдындағы ұрпақтық парызымыз болса, келер буын алдындағы ағалық міндетіміз,-дейді бүгінгі ахметтанушылар.
2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ауыстырылды. Халқының тек азаттығы үшін ғана емес, сонымен қатар мәдениетінің деңгейін көтеру үшін орасан зор қызмет атқарған А.Байтұрсынұлы сынды тұлғалар адамзат тарихында мәнгі есте қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет