Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі.«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары



бет1/10
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#141815
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
алаш

Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі.«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.

Ж.БЕЙБІТ, Ж.КӨРКЕМ, Х.ФАРИЗА, С.ӘСЕМ, О.ЕРКЕБҰЛАН.

Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың өнегелі іс-қимылдарынан алатын тәрбиелік тағылым мол. Сондықтан Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихи оқиғасы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманның жаңаша қозқарастарының жиынтығы ретінде бағалап, сол бүгінгі тәуелсіздік тұғырымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан тәлім-тәрбиелік өнеге алуымыз қажет.«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт үстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың рухани-танымдық құндылықтары мен тәлім-тәрбиелік ұстанымдарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау, ұлттық болмысымызды насихаттау, салт-дәстүрімізден аластап кетпеу мәселесі тұрды.Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тәрбие мен саяси, қоғамдық мәселелерге ерекше мән беріп, оның тұтас ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың мін-мазмұныныда тәлім-тәрбие мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тәрбиелік еңбектері мен қазақ тілі жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тәрбие төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет