1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет1/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1414557800387

Қазақ тілі

І-нұсқа


1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) Шап.


В)*Сақал.

С) Сөк.


Д) Хор.

Е) Үгіт.
2. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.

А) Балық.

В)*Мағлұмат.

С) Көшпелі.

Д) Әуесқой.

Е) Шаңырақ.
3. Еріндік дауыстыны белгілеңіз.

А) ә


В) е

С)*о


Д) и

Е) а
4. Қатаң дауыссызды толықтырыңыз: п, ф, к, қ, т, с, ...

А)*Ш

В) Д


С) З

Д) М


Е) Ж
5. Зат есім дегеніміз не, дұрысын белгілеңіз.

А) Зат, құбылыстың сынын білдіреді.

В) Заттың мөлшерін білдіреді.

С)*Зат, құбылыстың атын білдіреді.

Д) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.

Е) Қимыл, амал-әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді.


6. Топтау сан есімді анықтаңыз.

А) Алпыстай.

В) Отызға тарта.

С) Қырыққа таяу.

Д)*Екі-екіден.

Е) Ондаған.


7. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А)*Мен.


В) Сол.

С) Мынау.

Д) Кім.

Е) Барлық.


8. Еліктеу сөзі бар тіркесті анықтаңыз.

А) Үй айналасы.

В) Құлақшын бауы.

С) Өскен гүл.

Д)*Бүлк ету.

Е) Мәдени орталық.


9. Толық мағыналы 2 сөзден тұрып, бірі екіншісіне бағына байланысатын сөздер тізбегінің атауын белгілеңіз.

А) Сөйлем.

В) Буын.

С)*Сөз тіркесі.

Д) Дыбыс.

Е) Сөз.
10. «Су жүрек» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.

А) Аз.

В) Көп.


С) Батыл.

Д)*Қорқақ.

Е) Момын.
11. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.

А) Жауып.

В) Сабағы.

С) Жазса.

Д)*Ашса.

Е) Көнбеді.


12. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.

А) Бағала.

В) Күлкілі.

С)*Қызғылт.

Д) Көрме.

Е) Үрле.
13. Дара сын есімді көрсетіңіз.

А) Өте әдемі.

В) Қызыл ала.

С) Ұзын бойлы.

Д)*Әдемі.

Е) Әп-әдемі.

14. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А)*Кел(ме)й ме?.

В) Отырған (жоқ).

С) Келген (жоқ).

Д) Отыр(мақ).

Е) Барасың (ба?).
15. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

А) Бұлбұлша.

В) Шалқасынан.

С) Бұрын.

Д)*Осыншалық

Е) Ілгері


16. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Алыс пен жақынды жортқан білер.

В) Бірақ бой жағынан екеуі де қатарлас түсті.

С) Жолшыбай аптап ыстық енсемізді көтертпей қойған-ды.

Д)*Колхоз үшін балық аулау маңыздырақ қой.

Е) Күн еңкейе барып, қалың орманға батты.


17. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Түн ұйқысын төрт бөлді, ә

В) «Көрер таңды көзімен атырды» демекпісің.

С)*Күләш - белгілі әнші.

Д) Шығарманың көркемдігі.

Е) Жазбай қойғанбысың.


18. Бірыңғай бастауышты тап.

А) Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.

В)*Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.

С) Сабаға құйылған қымызды піспекпен піседі.

Д) Адамға адал дос табу қиын.

Е) Ел сыры жер сырымен сабақтас.


19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді табыңыз.

А) Егіннің өсуі: расында ғажап екен.

В) Егіннің өсуі - расында ғажап екен.

С)*Егіннің өсуі, расында, ғажап екен.

Д) Егіннің өсуі; расында ғажап екен.

Е) Егіннің өсуі – расында, ғажап екен.


20. Ойын атауына байланысты біріккен сөзді табыңыз.

А) Айдаршөп.

В)*Балтамтап.

С) Екібастұз.

Д) Ұлтабар.

Е) Киікоты.


21. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Бұрын сыныпта, балалар арасында, өзін өзгеше биік санайтын оның осы арада бірінші рет сағы сынды.

А) Атаулы.

В) Жақты.

С)*Жақсыз.

Д) Жалаң.

Е) Құрмалас.
22. Шартты бағыңқы сөйлемді табыңыз.

А) Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

В) Оның құр мақтағаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.

С) Есікте жүріп оңбайтынымды білген соң, өз тұсымнан талпынып байқадым.

Д)*Жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар.

Е) Дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ.


23. Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз.

А)*Біреудің өзгертілмей айтылған сөзі.

В) Екі адамның сөйлескен сөзі.

С) Біреудің сөзінің мазмұны.

Д) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.

Е) Біреудің өзгертіліп айтылған сөзі.


24. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз.

А)*Жалқаулық жаман ауру.

В) Көп адам қорқытады, терең су батырады.

С) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Д) Басқа пәле тілден болады.

Е) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.


25. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.

А) Қасына отырғызып, жөн сұрады.

В) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.

С)*Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталады.

Д) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.

Е) Алыс жолы атты сынайды.

ІІ – нұсқа

1. Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөзді белгілеңіз.

А) Алмұрт.

В) Бидай.

С)*Өркен.

Д) Шиіт.


Е) Мақта.
2. Езулік дауыстыны көрсетіңіз.

А) у


В) о

С)*а


Д) ұ

Е) ө
3. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшалар қатарын көрсетіңіз.

А) Аналар, әкелер, қарттар.

В) Жігіттер, допты, әкелді.

С) Балажан, қамқоршы, әжелер.

Д)*Қыздар, жағада, жүрген.

Е) Кітапты, әкелген, әкесі.
4. Туынды зат есімді анықтаңыз.

А) Ана.


В) Сөз.

С) Жапырақ.

Д)*Достық.

Е) Ою.
5.Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

А)*Он төрт.

В) Үш бала.

С) Миллионшы.

Д) Отыз орындық.

Е) Бесінші сынып.
6. Өздік есімдігі бар қатарды табыңыз.

А) Түсініп оқимын.

В) Тез оқимын.

С) Мәнерлеп оқимын.

Д)*Өзім оқимын.

Е) Баяу оқимын.


7. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері нешеу екенін табыңыз.

А)*4


В) 2

С) 3


Д) 5

Е) 1
8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А)*Сағат шырылдады.

В) Шіркін, дәурен!

С) Маған айтпа.

Д) Сен қашан келесің?

Е) Тіліңізді тартыңыз.
9. Нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.

Түн. Қала. Тыныштық.

А) Қысқарған сөз.

В) Атаулы сөйлем.

С)*Толымсыз сөйлем.

Д) Жақсыз сөйлем.

Е) Түбір сөз.
10. Түбір мағыналалы сөзді сөйлемді белгілеңіз.

А) Әкесі – соғыс ардагері.

В) Әкесінің аузынан түскендей.

С) Әкесін таныта істейді.

Д)*Әкесі базардан келгендей.

Е) Әкеңнің құны бар ма?


11. Омонимнің анықтамасын табыңыз.

А) Мағыналары бір, жазылуы бөлек.

В) Мағыналары қарама-қарсы.

С) Мағыналары бөлек, жазылуы бірдей.

Д)*Жаңа мағыналы сөз.

Е) Мағынасы – ауыспалы сөз.


12. Үндестік заңына бағынбай тұрған біріккен сөзді белгілеңіз.

А) Өнеркәсіп.

В) Екібастұзү

С)*Талдықорған.

Д) Қызылжар.

Е) Қызылорда.


13. Сын есімнің щырай түрін белгілеңіз.

Көшелердегі жап-жарық шамдар жарқ-жұрқ етіп өшті де қалды.

А) Шырай.

В) Сапалы.

С) Салыстыамалы.

Д)*Күшейтпелі.

Е) Жай.
14. Етістікті тіркесті табыңыз.

А)*Малды өлке.

В) Аялы алақан.

С) Көптен тосқан.

Д) Он бес адам.

Е) Туған жер.


15. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.

А) Ілгері.

В) Едәуір.

С) Бүгін.

Д)*Онша.

Е) Ең әдемі.


16. Себеп-салдарлық қатынасы білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз.

А) Дегенмен.

В) Өйткені.

С) Бұрын.

Д)*Біресе.

Е) Бірақ.


17. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.

А) Басы күндегідей ыстық емес, қоңыр салқын.

В) Ақ қардың үстінде шанамен екі адам келе жатты.

С)*Ала шапанды, сәлделі бір жат адамды көрдің бе?

Д) Бөлмеге жас әйел кірді.

Е) Қара торы келіншек екен.


18. Бірыңғай қыстырма сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Амал қанша, әрине.

В)*Пай-пай, ой.

С) Қарағым-ау, қап.

Д) Біріншіден, шіркін-ай.

Е) Жаңылмасам, уа.


19. Барлық стильдер элементі, кездесетін стиль түрін белгілеңіз.

А) Ауызекі.

В) Ғылыми.

С)*Іс-қағаздар.

Д) Көркем әдебиет.

Е) Публицистикалық.


20. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.

А) Аяғымен кезек табу.

В)*Беті ашық шелек.

С) Еламан түршігіп кетті.

Д) Қуаныш ұзағынан болсын.

Е) Төргі бөлмеді.


21.Антонимді қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

А) Ауыл-аймақ.

В) Қысы-жазы.

С)*Ат-мат.

Д) Дүркін-дүркін.

Е) Ертемен.


22. Еліктеу сөзді көрсетіңіз.

А) Ұстаз.

В) Қар-қарш.

С) Біреу.

Д)*Әдейі.

Е) Жиырма.


23. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Долы боран. Түнгі дала.

А)*Туынды дала.

В) Сөз тіркесі.

С) Қос сөз.

Д) Біріккен сөз.

Е) Күрделі сөз.
24. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А)*Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

В) Қасиетті мекен. Күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

Д) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

Е) Түн. Ышқынған дауыл.


25. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) «Қазақ солдаты» романы талданды.

В) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық.

С)*Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.

Д) «Еңбек адамды биікке жетелер» - деді Ақнұр.

Е) «Жақсы сөз жанары да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек.

3-нұсқа


  1. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

А)* Жиырма бес.

В) Әлдене.

С) Алайда.

D) Жансыз

Е) Өзіміз

2. Термин сөздерді көрсетіңіз.

А) Ардақты.

В) Ақылды.

С) Аңқау.

D)* Аммиак.

Е) Арамиза.
3.Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.

А) 5.


В)* 9.

С) 7.


D) 8

Е) 6
4. Оңға оқысаң да, солға оқысаң да қтаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.

А)* Әдеп.

В) Күткен.

С) Сақтану.

D) Қызық.

Е) Жазып.
5. Тәуелді септеулі сөзді табыңыз.

А)* Тәсілін.

В) Топтардан.

С) Руды.


D) Аттыдан.

Е) Күннің.


6. Толықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

А)* Адамның жартысы тарады.

В) Береке, мекенжай.

С) Жиырма бес қайта айналы келмес.

D) Екіні, онды беске көбейт.

Е) Кітапты бестерде алды.


7. Өздік өсімдікті тіркесті табыңыз.

А) Жүз шамалы.

В)* Өз баласы.

С) Қос қыран.

D) Бірер елік

Е) Көркем дүние.


8. Бейнелеуіш сөз қатысқан тіркесті аңықтаңыз.

А) Гүрс етті.

В) Саңқ етті.

С) Қайқан етті.

D)* Ырс етті.

Е) Тарс етті.


9. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.

А)* Ұзатқан қыз.

В) Көршімен сыйласу.

С) Әке-шешесіне көмектесу.

D) Отаным үшін аттанам

Е) Достың пейілі.


10. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А)* Тыңдай білу керек.

В) Ол түймесін қадады.

С) Еркін тұрған жерде аузына құм құйылатын әдетте.

D) Мен көзіммен көріп, құлаыммен естідім.

Е) Ардақ бұл хабарға қуанды.


11. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды көрсетіңіз

А) Өскемен.

В) Кішкентай.

С)* Қаркүйе.

D) Сырдария

Е) Қартқожа.


12. Түбірлес сөздерді белгілеңіз

А)* Үйге, балада, шана.

В) Әдет, жігер, бірлік.

С) Маған, саған, оған.

D) Су, сулық, сушы

Е) Арман, Айбын, Абай.


13. Бастауыш қызметінде тұрған сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Күн желсіз тып-тыныш.

В) Мұнара көкке өрмелей тым биіктеп барады .

С) Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.

D)* Туған жерге туын тік

Е) Күннен күнге өзгеріп келе жатқан мұнараны қызықтайтын болды.


14. Сабақты етістікті тіркесті табыңыз

А)* Өмірмен өзектес.

В) Өнеріне риза болды .

С) Өнерін бағалады.

D) Тағдардан көрме

Е) Үлкеннен үйрен


15. Сөздердің бірігуінен жасалған үстеуді көрсетіңіз

А) Ертең.

В) Бүгін .

С)* Ретімен.

D) Білмейді

Е) Тосынан


16. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз

А) Орта мектеп.

В) Қазыбекің жоспары .

С)* Жиналыстан кейін.

D) Дәл өзі

Е) Бекерге қиналу


17. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз

А)* Басшыларын кім.

В) Ол бір қызық дәурен екен .

С) Үйде пеш жоқ.

D) Пай-пай, мына аттың семізін-ай

Е) Ол бізге келмеді.


18. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.

А) Жамаңға ерме.

В) Оқыған жетер мұратқа .

С) Айтқанды ұғып алғанға не жетсін!

D)* Жақсыдан үйрен, жаманна жирен

Е) Күлме досқа, келер басқа.


19. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз

А) Дәурен кетті.

В) Жатпалық, жастар, жатпалық .

С) Қысқасы, оқиға бітті.

D)* Еңбек адам баласын даңққа бөлейді.

Е) Бір топ адам егінге беттеді.


20. Екі түрлі түбірден жасалған мағыналы қос сөзді көрсетіңіз.

А) Ет-мет.

В) Қамыт-сайман .

С) Аттап-аттап.

D) Тоқты - торым

Е) Анда-санда


21. Жақты сөйлемді табыңыз.

А)* Бұлт астында жылжыған ай.

В) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз .

С) Қап, ұят болған екен!.

D) Саған соны ғана айтқым келеді

Е) Қатерліден осылай құтылар болар.


22. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.

А)* Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.

В) Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.

С) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.

D) Ол бірде-бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.

Е) Біржан клесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.

23. Төл сөзді сөйлемді табыңыз

А) Бурабай-қазақ даласының ең әдеі д еқасиетті жерінің бірі.

В) «Жасу, жабырқау-халық мінезі емес,- деп ойлады Ыбырай,- ерлік, ізгілікқана халық мінезі».

С)* Сабыр түбі – сары алтын.

D) «Қозы Көрпеш» жыры қай заманда шықса да, Жетісу топырағында туған сияқты.

Е) БІраздан соң, Базаралы өзі де шешіле түсіп, Абайдың саушылығын сұрастырды.


24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.

Кімде-кім жеңіл еңбекке үйренсе, ол жалқау болады кімде-кім жалқау болса, ол-өірінде оңбайды.

А)* Үтір.

В) Көп нүкте .

С) Нүкте.

D) Нүктелі үтір

Е) Қос нүкте
25. «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.

А) Жүсіп Баласағұн.

В)* Ахмет Югнаки .

С) Сайф Сарай.

D) Махмұд Қашғари

Е) Қожа Ахмет Яссауи

4 – нұсқа

1. Термин сөздерін көрсетіңіз.

А)* Отарба, ұрын бару

В) Диалект, садақ

С) Эвфемизм, дисфемизм

D) Адырна, найза

С) Сауыт, айбалта
2. Ашық даыстылардын құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Көкшетау

В) Ынтымақ

С) Егіз


D)* Сегіз

С) Ырыс
3. Ұян дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Қыз

В) Саң


С) Болат

D)* Таң


С) Қыс
4. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз.

А) Үй


В) Көл

С) Арман


D)*Отын

С) Дос
5. Есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Оныншы

В) Жиырма бес

С) Жиырма шақты

D)* Елулерде

С) Бес-алты
6. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз

А) Барша


В) Ынта

С) Ажарлы

D)* Ағайын

С) Қуану
7. Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері арқылы байланысу түрін белгілесеңіз.

А) Матасу

В) Жанасу

С) Қабысу

D)* Меңгеру

С) Қиысу
8. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол үшін жазалама

В)* Туысыма келіп кеттім

С) Сен барамысың

D) Ауа қандай керемет

С) Сол кездері жоқ болдың


9. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз

А)* Газет-журнал тілі

В) Қоғамдық – саяси әдебиет

С) Ғылыми шығармалар

D) Өтініш, сенімхат, қолхат

С) Көркем шығарма


10. Сөздің тура мағынасын табыыңыз.

А) Үрген қарындай өте семіз адам

В) Дүниенің тыныштығын үрген иттің үні бұзады

С) Саржанның аяғында үр жаңа етік

D)* Молшылықтан үріп ішіп, ша»қап төкті

С) Үріп ауызға салғандай сүйкімді екен


11. Омоним болатын сөзді табыңыз.

А) Орман-тоғай

В) Осында

С) Отыр


D) Қаңтар

С)* Жиырма шақты


12. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды белгілеңіз

А) Бозша торғай сайрайды

В) Шилі өзен қамыс-ай

С)* Ертістің жағалауын жағалаймын

D) Алма ағаштың гүліндей

С) Арманымның ақ құсы


13. Сапалық сын есімді табыңыз.

А)* Желсіз

В) Базарлы

С) Ақшыл


D) Мейірімді

С) Балсыз


14. Болжалды келер шақты ажыратыңыз.

А) Оқуды бітірді

В)* Хат жазып отыр

С) Сен оқырсын

D) Мектепте оқиды

С) Мен күлемін


15. Мақсат үстеуді табыңыз.

А) Қыстыгүні

В)* Сонда

С) Бекерге

D) Қасақана

С) Әрең
16. Жалғаулық шылауларды табыңыз.

А)* Сайын, түгіл, қатар

В) Шейін, бұрын, бірге

С) Май, -ай, -мыс

D) Кейде, сонда да, бірде

С) Ғана, -ақ, -ды
17. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

А) Жалғыздың үні

В) Қуанғанынан күлді

С) Еріктен тыс

D)* Кешке қарай

С) Жүгіртіп әкелді


18. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Дәурен кітапханаға кетті

В) Бір топ адам егінге беттеді

С) Жатпалық, жастар, жатпалық

D)* Қысқасы, оқиға бітті, шешілді

С) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді, абырой әпереді


19. Сұраулық шылаудың түрлену түрінутүрін анықтаңыз.

Сен келіп қойғанбысың?

А) Септелді

В)* Жіктелді

С) Тәуелденді

D) Көптік тұлғасында

С) Көмектес септікте
20. Сөздредің қайсысын туынды түбір, табыңыз.

А)* Ертең

В) Асыранды

С) Ағаштар

D) Жапырақ

С) Жүздерде


21. Еліктеуіштен болған қос сөзді көрсетіңіз.

А)* Арба-арба отын

В) Ашпалы-жаппалы қағаз

С) Өзіне-өзі ренжулі

D) БАлпаң-балпаң жүрді

С) Ат-мат


22. Көмекші етістікті еліктеу-сөйлемнің қай мүшесі екенің көрсетіңіз.

Ол қалт еткенді андып отыр

А) Бастауыш

В) Баяндауыш

С)* Анықтауыш

D) Толықтауыш

С) Пысықтауыш
23. Жай сөйлемнің қай түрі екенің белгілеңіз.

Қаңтар, 1917 жыл.

А)* Атаулы

В) Жалаң


С) Жақсыз

D) Жақты


С) Жайылма
24. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз

А) Құс атаулы аспанда да толыпжүр: қарлығаш, ұзақ,қарға,торғай-бәрі де бар

В)* Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты

С) Күн бұлттанды

D) Сыныпқа мұғалім, директор кірді

С) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтпесе де бетті ойнақы етеді


25. Төлеу сөзді табыңыз

А)* Балалар қуанып, өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатыңдығын айтты

В) – Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз

С) Ал, сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес

D) Айтып тұрғаны – «Көзімнің қарасы»

С) Халықтық шығармаларды оқудан, білуден еш жалықпайды

5-нұсқа


  1. Архаизм сөздерді қай топ қатарына жатқызамыз, табыңыз.

А) Табу;

В) Омоним;

С) *Көнерген сөздер;

D) Синоним;

Е) Эвфемизм.

2. Тек орыс тілінен енген сөздерде жазылатын әріпті белгілеңіз.

А) А;

В) Ә;


С) Ұ;

D) *Э;


Е) Ы

3. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) *б, д,з,ж;

В) д, з,ж,л;

С) ғ,Һ,н,ң;

D) ж,б,в,м;

Е)г,ғ,и,з.

4. Тәуелді жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Айнашпен сөйлесті;

В) Жақсы жаман;

С) Аяқ-табақ;

D) *Үйдің үші;

Е) Маған айтты

5. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) * Үшеуі;

В) Төрт-төрттен;

С) Жүз қаралы;

D) Оннан астам;

Е) Тоғызыншы

6. Есімдіктің қай сөз табынының орнына жұмсалатындығын табыңыз.

А) Шылау;

В) Етістік;

С) Еліктеу;

D) *Зат есім;

Е) Одағай

7. Еліктеу сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.

А) Ат-мат;

В) *Жалт-жұлт;

С) Бала-шаға;

D) Қап-қара;

Е) Әке-шеше

8. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз.

А) *Үйге келсем;

В) Отыр екен;

С) Қызыл сиыр;

D) Өзің үшін үйрен;

Е) Үшінші сынып

9. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.

А) Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы борлады.;

В) Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады;

С) *Күнге бәрінен жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады;

D) Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады;

Е) Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім

10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ақкөңіл;

В) *Үйдің кілті;

С) Ұяттан өлу;

D) Зымыраған уақыт;

Е) Ыстық сезім

11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Сөндіру, өшіру, жағу;

В) Жирен, бозғылт;

С) Мылжың, үндемес;

D) *Ақсаңдау, сылту, шоймаңдау;

Е) Сотқар, бұзақы, тәртіпті

12. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) * Бізтұмсық;

В) Абайтану;

С) Жыланқұрт;

D) Қаратау;

Е) Қозықұйрық

13. Заттанған сын есімді белгілеңіз.

Жақсының қадірін жаманды көргенде білерсің.

А) 1,2-сөз;

В) 2,3-сөз;

С) *1,3-сөз;

D) 3,4-сөз;

Е) 4,5-сөз.

14. Етістіктің ауыспалы өткен шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Жиналды;

В) Жиналады;

С) Жиналған еді;

D) *Жиналатынбыз;

Е) Жиналған емес

15. Күрделі үстеуді ажыратыңыз.

А) *Биыл;

В) Айтпайынша;

С) Бірге;

D) Кешке;

Е) Баяғыда

16. Шылаулар қатарын көрсетіңіз.

А) Гөрі, бұрын, бар;

В) * Ма, ме бірақ;

С) Секілді, ешқашан;

D) Өйткені, үшін, жүзге тарта;

Е) Я,яки, қажет

17. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) *Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен;

В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды;

С) Мәуелі ағаш майысқақ;

D) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі;

Е) Өлеңі не деген жақсы

18. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) *Атың әдемі екен;

В) Оның өзі шеткерірек тұр екен;

С) Көп ұзамай жауын басылды;

D) Өңі алабұрта күрең тартқан;

Е) Бүгін сабақта әмір жоқ.

19. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөзді табыңыз.

А) Айналайын, жиен-ай тура қарашы;

В) *Бәлкім, кім біледі, сенің айтқанын болып қалар;

С) Ой, байғұс, бала-ай!;

D) Аңсаған менің арманым жеттім бе бүгін шегіңе!;

Е) Тәңірі сұлуңлықтың, ақын Сара!

20. «Қолғап», «әпер» деген сөздердің тұлғасын анықтаңыз.

А) Қос сөз;

В) Туынды сөз;

С) * Біріккен сөз;

D) Қысқарған сөз;

Е) Тұрақты тіркес

21. Қосымшалы түбірдің қайталануынан жасалған қос сөзді табыңыз.

А) Көзбе-көз;

В) Өз-өзіне;

С) *Көре-көре;

D) Биік-биік;

Е) Жарқ-жұрқ

22. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бесте бес - жиырма;

В) *Тоғай. Егін шалғын.;

С) Қала түнде жайнап тұр;

D) Балбыраған жерге күн нұрын құйып тұр;

Е) Дәулет тосылып қалды

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Қаршадайымнан қозы бақтым, және қабырғам қатар қой бақтым, соның бәрін де осы бозторғай серігім болды;

В) Қаршадайымнан қозы бақтым- және қабырғам қатар қой бақтым, соның бәрін де осы бозторғай серігім болды;

С) Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қатар қой бақтым, соның бәрін де осы бозторғай серігім болды;

D) * Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қатар қой бақтым: соның бәрін де осы бозторғай серігім болды;

Е) Қаршадайымнан қозы бақтым, және қабырғам қатар қой бақтым- соның бәрін де осы бозторғай серігім болды;

24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

А) «Волгамның» бары бар, бірақ ескі;

В) «Ақ Жайық» «Көп жылдар өткен соң» шығармалары кімдікі?;

С) Тәж-махал үнді жерінің мақтанышы;

D) *Ақсақал: «Сен өзің сезімтал екенсің»,-деді;

Е) Бала өзінің бармайтындығын айтты.

25. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) *Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, -ашылмайды;

В) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды;

С) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, -ашылмайды;

D) Есіктің киізін олай итерем- былай итерем, -ашылмайды;

Е) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды;

6-нұсқа

1.Көнерген сөздер қатарын табыңыз.

А) Ассонанс, алитерация;

В) * Айбалта, найза;

С) Меридиан, экватор;

D) Аренда, серіктестік;

Е) Көсек, құлақ.

2. Бірыңғай еріндік дауысты дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз.

А) *Ұлу, үйту;

В)Ұзақ, үркек;

С)Ұшқын, үтір;

D)Үзенгі,ұқсау;

Е)Үгіт, ұйыту.

3. Ұяң дауссыздан басталатын айтыс ақынын табыңыз.

А) *Біржан;

В)Балуан Шолақ;

С) Бекболат;

D) Бейімбет;

Е) Бауыржан;
4. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.

А) Қалаға бар;

В) Көппен бол;

С) Мектепке дейін;

D) *Үйдің маңы;

Е) Астан кейін.

5. Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) *Сабақ сағат сегіз жарымда басталады;

В) Шексіз жазық басталды;

С) Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды;

D) Оларға екі рет жәрдемақы берілді;

Е) Ертең жарыс басталады.

6. Сілтей есімдігін табыңыз

А) * Әне;

В) Және;

С) Енді;


D) Әлді;

Е) Әрі.


7. Шылауды табыңыз.

А) *Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек;

В) Сөз – өмірдің үлкен қаруы;

С) Басты мәселе – оқу үлгерімі;

D) Ой жетпейтін жер болмайды;

Е) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

8. Жалғау арқылы байланысты табыңыз

А) Батыр жігіт;

В) * Үйге кіргізу;

С) Ұсақ жәндік;

D) Бірте-бірте түсіну;

Е) Қалың орман.

9. Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады

А) Көркем әдебиет;

В) Ауызекі сөйлеу;

С)Іс-қағаздар;

D) *Ғылыми;

Е) Публицистикалық.

10. Ауыспалы мағынадағы сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жаңылтпаш барлық халықтардың әдебиетінде бар;

В) Ажар ағасымен жидек теруге барды;

С) Оңтүстіктен жел соқты;

D) *Жел мінезді адамда мұрат болмайды;

Е) Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

А) Үлкен өмір;

В) Аңқау бала;

С) Жалғыз үй;

D) *Ана сүтін ақтау;

Е) Ұят болды.

12. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздерді табыңыз

А) Жан-жануар;

В) Іші-сырты;

С) * Күндіз-түні;

D) Ақын-жазушы;

Е) Ойын-сауық.

13. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) *Қаһарлы, қажырлы әже мұның алдында кінәлі адамдай жасқаншақтады;

В) Жіңішке, қап-қара қасы Абайға алдымен байқалды;

С) Түсі торыдан гөрі күреңге жуық болса керек.

D) Кішкентай қозғалыстарымен Тоғжанның қасын еске түсірген.

Е) Үлкен қара үйдің іші бар байлықтың жайын айтып отыр.

14. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Сағат бұрылды (ма)

В) Жайлауға келді (ме)

С) *Сөзді бөл (ме)

D) Бөл (ме) жарық

Е) Институтқа түсті (ме)

15. Үстеудің қандай қызмет атқарып тұрғанын белгілеңіз.

Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

А) Бастауыш;

В) Толықтауыш;

С) *Пысықтауыш;

D) Баяндауыш;

Е) Анықтауыш.

16. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Олар егіншілікпен айналысты.

В) Дән қалай өнеді екен.

С) *Түу, мына жер тым тастақ екен.

D) Егін науқаны өткен.

Е) Баян – жердің шұрайы.

17. Тура толықтауышты көрсетіңіз.

А) Ол бүгін барған –ды.

В) * Қағазды әкел.

С) Сазды жер;

D) Ақылды бала;

Е) ол барды.

18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз

А) – Балам – өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.

В) – Балам өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.

С) *– Балам, өмірге аралас, өмірге! – деді Козлов.

D) – Балам – өмірге аралас өмірге! – деді Козлов.

Е) – Балам: өмірге аралас өмірге! – деді Козлов.

19. Төл сөзге тыныс белгілері дұрыс қойылған нұсқаны ажыратыңыз

А) * Абай аттың басын іркіп тоқтап қап: «тұра тұр тұр»,-деді.

В) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап: «тұра тұр тұр»-деді.

С) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап. «тұра тұр тұр»,-деді.

D) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап- «тұра тұр тұр»;-деді.

Е) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап, «тұра тұр тұр»,-деді.

20. Қай сөзде «ала» сөзі бірге жазылатынын көрсетіңіз:

А) * Ала (бұға);

В) Ала (шалбар);

С) Ала (ат);

D) ала (шұбар);

Е) Ала (топалаң).

21. Екі сыңары да мағынасыз қосарлама қос сөзді көрсетіңіз:

А) Сөйлей-сөйлей.

В) Қазақша-орысша.

С) * Ығы-жығы.

D) Келер-келмесімді.

Е) Айтып-айтпай.

22. Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз:

А) Сарт етті.

В) Саңқ етті.

С) Топ ете түсті.

D) * Бүгжең қақты.

Е) Қыңқ етті.

23. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз:

А) Зал кең.

В) Өмір қызық.

С) Өмір гүлденді.

D) *Жазық дала.

Е) Дала жазық.

24. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз:

А) *Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркі жеткізеді.

В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-ауызын таңып алыпты.

С) Мен оқыған кітап қызық-ақ!

D) Түн.

Е) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

25. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.

А) Алма, Жанат – екі қыз бір анадан туғандай, бір ауылда ер жетті.

В) Екі ақсақ, бір желаяқ – үш боздақ енді базарға бет алды.

С) *Мәкіш, Ербол екеуі Абаймен құшақтасып амандасты.

D) Жандармандар қораны, үйді – бәрін қоймай тінте бастады.

Е) Адам баласының тамаша қасиеттері, атап айтқанда: табандылық, ерлік, қайсарлық – оның бойынан табылды.


7- нұсқа


1. Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Мен оның жақсы жырларын көрсем, шын қуанамын

B) *Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.

C) Бақша ішінде әңгелек, жәмше пісіп қалыпты.

D) Терімшілер таң сәріден мақта теруге шықты.

E) Көп сырластық, қолөнершілік жайлы әңгімелестік.


2. «О» дыбысына лайық сипаттаманы белгілеңіз.

A) *Еріндік, дауысты, ашық.

B) Дауысты, жуан, езулік.

C) Дауысты, еріндік, жіңішке.

D) Дауысты, езулік, қысаң.

E) Дауысты, жіңішке, қысаң.


3. Ұяң дауыссыздар қатарын белгілеңіз.

A) Ж, М, Н.

B) *Б, Ж, З.

C) Ғ, Й, Д.

D) Р, З, Г.

E) П, Ф, К.


4. Деректі зат есімі бар тіркесті внықтаңыз.

A) Ауыр мінез.

B) Қастандық жасау.

C) Қуаныш сезімі.

D) *Ағаш отырғызу.

E) Азамгершілік қасиет.


5. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Құла қасқа бие.

B) *Жиырма бірлерде.

C) Жан қиярлық іс.

D) Мұзға тайдыру.

E) Мыңдаған қой.


6. «Еш» есімдігімен қосылып жазылатын сөзді табыңыз.

A) *Қашан.



B) Нәрсе.

C) Уақыт.

D) Сәт.

E) Адам.
7. Еліктеу сөзден жасалған сөз табын анықтаңыз.

Үйдің іші күннің көзінен жарқырай түсті.

A) *Туынды етістік.

B) Туынды үстеу.

C) Туынды еліктеу сөз.

D) Туынды сын есім.

E) Негізгі еліктеу сөз.


8. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) *Оқыған соң ұғу.

B) Мұражайға саяхат.

C) Әр уақытта.

D) Бас киім.

E) Бал арасы.


9. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тіл-тіліп түсер наркескен, сөз-өткір жебе тау тескен

A) Ғылыми

B) Публицистикалық.

C) Ресми.

D) *Көркем әдебиет.

E) Ауызекі.
10. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

A) Қатты адам.

B) *Қатты тас.

C) Қатты көңіл.

D) Қатты сөз.

E) Қатты өкпелі.


11. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Өз сөзіңдей қып жеткізейін!

B) *Ол көптен ат ізін салмады.

C) Құдайменде үн-түнсіз түрегелді.

D) Үйдегі кісілерді бастап, тысқа шықты.

E) Сол уақытта Ақбала кірді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет