1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет108/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
101 
Көк өрім, өңшең көген көз,[6, 422 б.] - деген «Дала» поэмасындағы үзіндіде адам 
баласының сын-сипат бейнесін «Көк өрім (жас, қаршадай)» фразеологизмі арқылы жеткізген. 
Бұл фразеологизм өлеңге ерекше сипат береді.
Сақа аттар, сар кідірлер, сары тісті, 
Дәмелі дөнен де бар, жүйрік бесті. 
Құсындай қырдың өңшең ап-ала боп, 
Жүйріктер жұртты үңілтіп көзге түсті,[6, 341 б.] - деген «Құлагер» поэмасынан 
алынған үзіндіде тұрақты сөз тіркестерін әсірелей қолдана келіп, адамға ерекше әсер 
сыйлайды. Бұл өлең шумақтарындағы «сар кідірлер» сөзі «орта жастағы ер кісілер», «сары 
тісті» сөзі «көп жасаған, кәрі» деген мағынаны білдіреді. Поэмадағы кейіпкерлердің жас 
ерекшелігін осы фразеологизмдердің өн бойына сыйғызып, жинақтап отыр. Асқан 
шеберлікпен, ұқыптылықпен жасалған мұндай дүниелер Ілиястың шоқтығы биік
шығармаларының бірі болып табылады.
Р.Сыздық фразеологизмдердің бір түрін «Поэтикалық фразеологизмдер» деп атап, 
мынадай анықтама ұсынады: «Олар әдетте бір нәрсені затты, сынды, қимылды, қимылдың 
амалын жай атамайды, суреттеп, бейнелеп, астарлап, «мадақтап» не «балағаттап» атайды, 
яғни айтушының (жазушының, ақынның) сол нәрсеге – обьектіге «пейілін» - көзқарасын 
білдіре атайды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі – олардың образды 
(бейнелі) болатындығы» [4, 94 б.] - дейді. Жалпы фразеологизмдердің өзіне тән ерекшелігі - 
олардың еш өзгеріссіз, тұлғалық орындары тұрақты күйінде сақталатындығы. Олар сөйлем 
ішінде тұтас күйінде қолданылады. Ал бұл құбылыс, яғни фразеологизмдердің тұлғалық 
құрылымын өзгертіп жұмсау тәсілі, тыңнан образды жаңа фразеологизмдер жасау, оларды 
ықшамдау, арасына сөз енгізу тәсілі Ілияс өлеңдерінде молынан кездеседі. 
Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану, халық тіліндегі жаңа тұрақты сөз тіркестерін жасау 
суреткердің даралығын танытады. Мысал ретінде, «Бұлбұл» өлеңіндегі мына қатарға назар 
аударуға болады: 
«Сен сондай, ә , мен қандай сол мезгілде? 
Елжіреп ішім, бауырым кеткен мүлде. 
Қаныма қосып кеттің бір ауыру, 
Осындай сайрамасаң күнде-күнде»[6, 7 б.] Ақын бұл шумақтағы «Жүрегі елжіреу 
(жаны ашу)» сөзін «ішім елжіреді» деген сөзбен алмастырып, фразеологизмнің тұлғалық 
формасына өзгеріс енгізіп отыр. Алайда, мұндағы тұрақты сөз тіркесінің түпкі мағынасы еш 
өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар адамның түрлі көңіл-күйін бейнелейтін фразеологизмдерді
ақынның «Құлагер» поэмасынан көптеп кездестіреміз: 
Әнімен шығаруға ішкі дертті, 
Шырқатып ащы үнімен шерін шертті. 
Болады салған әні су сепкендей, 
Сөндіре алмаса да жанған өртті. 
Ащы зар, ауыр шері айғайлатты, 
«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты. 
Ұйқышыл, керең қырға маза бермей, 
Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты [6, 376 б.] 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде шерін шерту фразеологизмінің шерін 
қозғады// шерін шығарды деген варианттары берілген. Мән-мағынасы қайғысын шығарды, 
мұңын шақты деген қайғыруды бейнелейтін фразеологизм болса, ащы зар фразеологизмінің 
семантикасы да ауыр қайғы, уайым, мұң дегенді білдіреді. Ауыр шер, қайғы ойлау
тіркестерінің негізінде қайғыру ұғымы жатыр. Ал бай-байлату дегенде байбалам салу, бебеу 
қағу// салу тұрақты тіркестерімен ұштасып жатқан зар илеу, зар қақсау, бет бақтырмау 
сияқты ортақ сема бар деп ойлаймыз.
Поэмадағы келесі бір қолданыс - жанына бату, жанын ұру тұрақты тіркестері 
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет