1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет107/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
100 
Фразеологизмдердің кейіпкерді мінездеуде қолданылуы
Фразеологизмдердің кейіпкердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде 
жұмсалуы; 
Фразеологизмдердің әзіл-сықақ қызметінде жұмсалуы; 
Кейіпкердің портретін және тілдік мінездеме беруде қолданылуы; 
Фразеологиялық түйдектер-мақал-мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуы.
Тұрақты тіркестер ерте замандардан бергі рухани өміріміздің байлығын, оның қыр-
сырын өз бойына жинап, жан-жақты сипаттайды. Олар ұлт өмірінің әр кезеңінде алуан түрлі 
құбылыстар мен оқиғаларды өрнекті тілмен суреттеп бүгінгі уақытпен үндестіреді. Өз 
өлеңдерінде ұлттық болмысты халықтық дәстүр негізінде таныта білген Ілияс Жансүгіров 
ана тіліміздегі игерілмей жатқан мүмкіндіктерді аша білді. Ғалым М.Дүйсенов [2, 112 б.] 
өзінің «І.Жансүгіров» атты ғылыми монографиясында: «Ілияс поэзиясының формалық 
ерекшелігін сөз еткенде, ең алдымен байқалатын жай, оның тіл байлығы, яғни лексикалық 
байлығы. Ақын сөзді түйдек-түйдегімен төгіп отырады және үнемі сөйлемнің бірыңғай 
мүшелерін қатар алып, екпіндетіп, желпіндіріп, кейде баяу шымырлатып, кейде құйындатып 
оқушыны еріксіз баурап алады», – дейді. Өз ғұмырында әдебиетіміздің қарқынды дамып, 
жетілуіне жол ашқан І.Жансүгіров өлеңдері халқымыздың таусылмас қазыналарының 
қатарында. 
Өз халқының бай мұрасын шығармашылық ғұмырында жанына жақын тартқан ақын 
тұрақты тіркестерді өз өлеңдерінде сәтті қолдана білген. «Ғасырдан ғасырға ұласып, 
ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, 
сонылығын сақтаған алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты сөз тіркестері ана тіліміздің 
асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары дөп тигізіп айтар дәлдігімен, ерекше 
көркемдігімен кімді де болса әрдайым баурап алады» [3,39 б.] - дейді ғалым Нұргелді 
Уәлиұлы. Ілияс өлеңдерінің адамды өзіне баурап алуы да сол ерекше көркемдігінде. Тұрақты 
сөз тіркестерін прозада қолдану бір бөлек те, поэзияда қолдану, оны ұйқаспен 
сәйкестендіріп, үйлестіре білу - бір бөлек дүние. Проза жанрында тұрақты сөз тіркестерін 
шебер қолданушылар қатары көп кездескенімен, өлең өлкесінде фразеологизмдерді орынды 
пайдаланып, «қиыннан қиыстыра» білген жандардың бірі - Ілияс. Өлеңнің мағына-мәніне
оның ішкі дүниесіне, ұйқасына тұрақты тіркестерді сәйкестендіре алғанына ақынның 
«Жүдеу жүрек» өлеңі мысал бола алады: 
Кеше ғана үйге енген, 
Кеткен тоқал сүйгенмен. 
Жүрегі сыздап,
Бой мұздап, 
- Үһ!-деді 
Іші күйгеннен.[6, 173 б.] «Іші күю» сөзі «қызғану» мағынасын білдіре отырып, бір 
фразеологизмді бір ғана жолға сыйдыру арқылы адамның ішкі сезімін анық, әдемі өрнекпен 
жеткізіп отыр. Бір тұрақты тіркесті бір жолға келтіріп, ұйқастармен үйлестіріп отырған 
мұндай мысалдарды Ілиястың басқа да өлеңдерінен келтіруге болады. Мысалы, «Күн 
шыққанда» атты мына өлеңінде: 
Шырт ұйқыда жатқанда 
Шырылдады торғайым. 
Ұйқыны ашты, оятты, 
Құлан иек, құлқын сәр, 
Құрылып торғын шымылдық, 
Шырға тартты, таң атты,[6, 174 б.] - фразеологизмді (Шырт ұйқыда жатқанда (қатты 
ұйықтау)) бір тармаққа салып, басқа ұйқастардан өзгешелеп алып, ерекшелей түседі. Осы 
арқылы оқырманға ойды бейнелі де көркем жеткізіп отыр.
Осынау сұмдық рас боп 
Туған жерден топырақ 
Қалармысың бұйырмай, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет