Мемлекеттік тіл – менің тілім



Дата31.03.2018
өлшемі88,81 Kb.
#39922

Мемлекеттік тіл – менің тілім.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолданылу аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол жеткізуге болады.



Мақсаты: Тыңдаушыларға  мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы тыңдаушының  сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Жүргізуші Апай: Құрметті қонақтар, тыңдаушылар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.«Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, – демекші, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



1-жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.

2-жүргізуші: Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.

1-жүргізуші: Нұрайым, сен білесің бе, Қайда жүрсем де, қандай адам болсам да бақыттымын деп сезінемін. Бақытымның бастауы – халқыма бас иемін. Халықты сүйген соң, туған тілімді де сүйемін, сол тілде жырлағым келеді.

2-жүргізуші: Батыржан, мен де сен сияқты өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дала тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

1-жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.



2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған «Білімділер» мен «Қырандар» тобын шақырамыз.

1-жүргізуші: Мерекеге бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің.

Желбірейді көк туы,

Түсіндей боп көгімнің.



«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.Қыздар тобы.

2-жүргізуші: Ал енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Оны біз бүгін өткелі отырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысымыз арқылы  көз жеткізбекпіз. Сайысымыз  әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе таныстыру.

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» – дейді данышпан халқымыз.

Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін, шығарған қабырға газеттерін түсіндіріп, ұранын айту керек.

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа.

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына.



(Әр топ өзін-өзі таныстырады).

1-жүргізуші:

Өнерлі адамдарға  кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Екінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең. .       

Білекті – бірді жығады

Білімді – мыңды жығады – демекші, келесі сайысымыз,

«Кім көп біледі» деп аталады;

«Кім көп біледі»  сұрақ – жауап

1. Тіл заңы қай жылы қабылданды?    (1991ж)

2.  Қазақтың шешен сөзінің атасы       (Жиренше)

3.  Тіл білімін зерттейтін ғылым          (фонетика)

4.  Қазқтың үш биін ата                          (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

5.  Ертегілер  нешеге бөлінеді?             (3 – ке бөлінеді)

6.  Ән ұранның авторы кім?               (Назарбаев, Қалдаяқов, Нәжмеденов)

7.  «Кел,балалар оқылық»олеңінің авторы кім?    (М. Әуезов)

8.  Қазақтың үш бәйтерегін ата.            (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)

9.  Дауысты дыбыстар қанша?              ( 12 )

10.Синонимдер дегеніміз не?       (Мағынасы бір – біріне жуық, өзара мәндес.

11.Халық ауыз әдебиетінің түрлері (мақал мәтелдер,аңыз жырлар,ертегілер,тұрмыс салт жырлары,жұмбақтар,шешендік сөздер,барырлар жыры,айтыс)


2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналады. «Мақалды аяқта?»

Мысалы:


  • Өнер алды – (қызыл тіл)

  • Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады.)

  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

  • Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ)

  • Қотыр қолдан жұғады, (пәле тілден жұғады)

  • Білекті адам бірді жығады, (білімді адам мыңды жығады.)

  • Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).

  • Өнер алды – (қызыл тіл)

  • Көре-көре көсем боласын, (сөйлей –сөйлей шешен боласын).

  • Шебердің бізі ортақ (Шешеннің тілі ортақ)

  • Отан- елдің анасы (Ел – ердің анасы)

  • Досы жоқ адам-(тұзы жоқ тағам)

  • Өнер алды бірлік (ырыс алды тірлік)

  • Бірлігі жоқ ел тозады (Бірлігі күшті ел озады)

  • Отан үшін күрес-(ерге тиген үлес)

  • Қасықтап жинаған абыройды – (шелектеп тө

  • Көп сөз – күміс  – (аз сөз – алтын)

  • Тіл адам ойының – (айнасы)

  • Бал тамған тілден – (у тамар)

  • Айтылған сөз – (атылған оқпен тең)

  • Аңдамай сөйлеген – (ауырмай өледі)



1-жүргізуші: …Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Кешіміздің 4-бөлімі ақындардың өлеңіне арналады.

«Білімділер тобы»:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

«Қырандар» тобы:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

«Білімділер» тобы:

Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,

Алдыңнан атар таңың арайлап.

Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,

Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».

«Қырандар» тобы:

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бете

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Жүргізуші: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.

«Атамекен» әні орындалады
Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
























































Тіл маржанын теремін



І – жүргізуші.       Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным – деп ақындарымыз

жырлағандай бүгінгі « Тіл маржанын теремін»атты жыр мүшайрасын бастаймыз.

ІІ – жүргізуші. «Тіл маржанын теремін» жыр мүшайрасына қатысатын тыңдаушыларымызды  ортаға шақырамыз.

І – жүргізуші. жыр мүшайрамыз үш  бөлімнен тұрады.

I -  бөлім. «Жырдан шашу шашамын» \ өз шығармаларын оқу\

II -  бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» \ мақал-мәтелдер жарысы\

III – бөлім. «Кім көп біледі?» \ сұрақ-жауап\



ІI – жүргізуші. Құрметті тыңдаушылар мен көрермендер! Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

IІ – жүргізуші.     Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар-деп, ақындарымыз

жырлағандай, менде өз тілімде жырлағым келеді.

І–жүргізуші.   Олай болса, «Тіл  маржанын теремін» атты І-бөлімізді бастаймыз.

ІI-жүргізуші. Ортаға өз шығармаларын жатқа оқитын тыңдаушыларымызды  шақырамыз.

(I- бөлім бойынша тыңдаушылар  өз шығармаларын оқыды)



I- жүргізуші. Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы.

Ол- атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.

Сайысымыздың  II-бөлімі «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады.Мен мақалдың жартысын айтамын сіздер аяқтайсыздар.

Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).

Өнер алды – (қызыл тіл)

Көре-көре көсем боласын, (сөйлей –сөйлей шешен боласын).

Шебердің бізі ортақ (Шешеннің тілі ортақ)

Отан- елдің анасы (Ел – ердің анасы)

Досы жоқ адам-(тұзы жоқ тағам)

Өнер алды бірлік (ырыс алды тірлік)

Бірлігі жоқ ел тозады (Бірлігі күшті ел озады)

Отан үшін күрес-(ерге тиген үлес)

Қасықтап жинаған абыройды – (шелектеп тө

Көп сөз – күміс  – (аз сөз – алтын)

Тіл адам ойының – (айнасы)

Бал тамған тілден – (у тамар)

Айтылған сөз – (атылған оқпен тең)

Аңдамай сөйлеген – (ауырмай өледі)



II  Жүргізуші.        Білекті – бірді жығады

Білімді – мыңды жығады – демекші, келесі сайысымыз,



«Кім көп біледі» деп аталады;

«Кім көп біледі»  сұрақ – жауап

1. Тіл заңы қай жылы қабылданды?    (1991ж)

2.  Қазақтың шешен сөзінің атасы       (Жиренше)

3.  Тіл білімін зерттейтін ғылым          (фонетика)

4.  Қазқтың үш биін ата                          (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

5.  Ертегілер  нешеге бөлінеді?             (3 – ке бөлінеді)

6.  Ән ұранның авторы кім?               (Назарбаев, Қалдаяқов, Нәжмеденов)

7.  «Әжемнің әңгімесі» авторы кім?    (М. Әуезов)

8.  Қазақтың үш бәйтерегін ата.            (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)

9.  Дауысты дыбыстар қанша?              ( 12 )



10.Синонимдер дегеніміз не?       (Мағынасы бір – біріне жуық, өзара мәндес.

І – жүргізуші.  Үш бөлім бойынша байқауңа қатысушылардың қортындысын шығарамыз.

ІІ- жүргізуші. Байқауымыздың қорытынды бағаларын естіртіп, жеңімпаздарды анықтау үшін  сөз әділ қазылар алқасының төрайымы ————————————————беріледі.

(Жеңімпаздарды құттықтап, байқауымызды аяқтаймыз)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет