Мұқағали- қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі



Дата17.11.2016
өлшемі12,89 Kb.
#1960
  • “Мұқағали- қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі”
  • / ғылыми жоба /
  • Ізденген: Сабитова Айзада
  • 8- сынып оқушысы
  • Краснояр орта жалпы орта білім беретін мектебі

“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......”

  • “Жыр басы Қарасаздан басталған М. Мақатаев бүгінде ән болып,
  • аспанда қалықтап жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады”
  • ақын Рза Қунақова
  • Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы,
  • Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші
  • жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.
  • Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары
  • ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес»)
  • ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы
  • бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында
  • Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі»,
  • жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет
  • және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер.
  • Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар
  • одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды.
  • Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.
  • Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні»,
  • «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам»,«Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні»,
  • Алтын ұяң – Отан қымбат
  • Құт берекең – атаң қымбат.
  • Аймалайтын анаң қымбат,
  • Мейірімді апаң қымбат.
  • Туып, өскен елің қымбат,
  • Кіндік кескен жерің қымбат.
  • Мұқағалидың өлеңдері ата-анаға ,туған жерге ,Отанға деген махаббатқа толы.” Көзің нұрсыз дейсің сен,””Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген ,” “ Сағынып аңсап барғанда” өлеңдерінде өзінің айрықша сүйіспеншілігін жырмен әсем кестелей білген.
  • «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендепжыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының
  • тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде.
  • « Халыққа хат »
  • Туған халқым!
  • Қатемді кешір менің
  • Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
  • Егерде жырың болмай,ұрың болсам
  • Алақанға саласың несін мені
  • Жоқ!
  • Менің жүрек емес төсімдегі
  • Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
  • Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің
  • Әзірге тастаған жоқ есім мені
  • Уа,жұртым!
  • Кешір мені!
  • Кешір мені!
  • (М.Мақатаев)
  • Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Құдіретті
  • ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің орнын толтырудың бір
  • жолы бар деген екен Қуанышбай Құрманғалиев. Ол ақынның қисапсыз
  • рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу. Жылдар жылжыған сайын
  • ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай
  • түсуде. Ақын өмір туралы былай деп жырлайды:
  • Өмір дегенге
  • Тіршілікте сірә, жетер ме ой!
  • Жарық сәуледен
  • Басқаның бәрі бекер ғой.
  • Бекер ғой бәрі ,
  • Бекер ғой бәрі,бөтен ғой,
  • Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!
  • Қазақта “өлі разы болмай,тірі байымас”
  • деген жақсы мақал бар. М. Мақатаевтың өлеңдері өзінің көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік –әкімшілдік саясат кедергі болды. Бүгінде ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында ,азат даласында қыран құстай самғап жүр. Оған ақынның соңғы жылдары жарық көрген өлеңдер жинағы ,ол туралы естелік кітаптары куә.
  • “ Жылап қайттым өмірдің базарынан,” “Соғады жүрек”, “Дариға жүрек”, “Жырлайды жүрек”, “Қош, махаббат” және т.б. жинақтары бар.
  • “... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
  • Еңбегінің қызығын да көре алмай
  • От боп жанып өтіп кеткен ақынға
  • Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай” – деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп - көгеріп,әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет