Тақырыбы: «Абайлаңыз, балалар!» Мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі20,77 Kb.
#117496
Байланысты:
Жолда жүру сынып сағаты
АРАЙЛЫ-АЛТЫН-КҮЗ-БАЙҚАУ-ЕРЕЖЕСІ, Оқыту үдерісінің маңызы, оқыту формалары, әдістері,, 4 сынып кайталау

Тақырыбы: «Абайлаңыз, балалар!»
Мақсаты: 
1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілері мен таныстыру
3.Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол
ережесіне арналған кітаптар.
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Абайлаңыз, балалар!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Мұғалім:
– Арманға, алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді «Абайлаңыз балалар! » атты тәрбие сағатымызды ашық
деп жариялаймын .
Ой қозғау.
-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
-Көшеде жүру тәртібі
-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңде
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
1. «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
2. Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 
2. Адам тасып аялайды.  (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үшкөзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5.Арқаным бар тымұзын,
Ала-алмайсыңбірүзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұлжұмбақтыңшешуін. (Жол)
6. Өзісөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жолашық!
1-оқушы
Қызыл, сары, жасыл
Бірөзіндеүш от.
Қызылжанса, тоқта!
Жасылжанса, тез өт!
2-оқушы
Табамындептөтені,
Қиыпөтпекөшені.
Түсінмұнықатемдеп,
Түсінмұнықатердеп.
3-оқушы
Жолжүрудіңтәртібін
Ережесінбілеміз
Сақтағандақатерден
Сау саламат жүреміз
4-оқушы
Қауіппенен ойнама,
Өтемін деп ойлама.
Шыққаныңда көшеге,
Еріп әке - шешеңе,
Көңілді қой сызыққа.
Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені балаларға да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен балалар атап өтіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет