ЖАС ӨСПІРІМДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҮРЕЙ
Султанова А.М
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., aidana26.94@mail.ru
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, п.ғ.м. Таурбекова А.С
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін [1].
Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін-өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым–қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым–қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай–ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді [2].
Филип Райстың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды [3].
Қиын жағдайда өз сана сезімін, көңіл-күйін, мінез-құлқын басқара алу ол қиын жұмыс істегенде мазасыздығы мен үрейін жеңе білуі болып табылады.
Мазасыздану - адамның тынышсыздыққа, үрейлілікке, әсерленуге деген бейімділігі Мазасыздық белсенді елестетудің, болашақты қиялдаудың нәтижесі болып табылады. Мазасыздық адамды қозуды бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуациялардың, шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады. Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін эмоциялық ахуал.
Мазасыздық үш деңгейде жүреді:
Нейроэндокринді
Психикалық
Соматикалық немесе моторлы-висцералды[4].
Үрей (гр. рапіһоп — қорқыныш сезімін туғызатын) — жалған немесе шындық қауіптерден жаппай үрейлену. Үрей моральдық — психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, ретсіз қозғалыс, илану механизмдерінің белсенді әрекеттерінің күшеюі. Үрейленушілік — арнайы әлеуметтік жағдайларда мазасыздану және үрейленуден, адамның қатты әсерленгіштігінің нәтижесінде болатын толғаныстар [5].
Бүгінгі таңда, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында жас өспірімдерге көптеген жағымсыз факторлар қарқынды әсер етуде. Осы факторлар адамның қабілеттерінің дамуын тежетпей ғана қоймай, сонымен бірге, даму процесін кері қайтару мүмкін.
А.И Захарова бойынша үрейді екі топқа бөлуге болады. Олар: табиғи және әлеуметтік. Табиғи үрейге Бұл әсіресе, қаранғыдан, қатты дауыстардан, таныс емес адамдардан, жануарлардан, судан, оттан, елестен, қаннан, және т.б. Әлеуметтік үрейге жалғыздық, жазалау, кешігіп қалу, өз сезімін басқара алмау және т.б. А.И. Захарова «Дневные и ночные страхи у детей» кітабында кіші жас өспірімдік кезеңде табиғи үрей көбейіп, ал 15 жас шамасында табиғи үрей азайып, әлеуметтік үрей үдейе түседі. Ұл балаларда 12 жас шамасында табиғи және әлеуметтік үреймен қоса эмоционалды сезімдік үрей қатар жүреді. Жас өспірімдік шақта үрей бастапқы да жасырын түрде болғанымен, көптеген мазасызданумен қобалжудың әсерінен фобияға айналады[6].
Фобиялар невроздар,психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды.
Фобия жеке түрлері ерекше аталады: агорафобия - кең көшелер мен алақдардан қорқу; клаустрофобия - жабық бөлмеде қалу үрейі; монофобия - жалғыз қалу үрейі, керісінше, антропофобия - көп кісілерден қорқу; нозофобия- ауырудан қорқу, эрейтофобия -қоғам алдында ұялу, қызару т.б.
Фобия жалпы мазасыздану, тамырдың соғуы мен демнің ұлғаюы, бозғылттану немесе тез қызару. Уақытша тұрақсыз фобия көп шаршағаннан немесе ауыр психикалық қатерден кейін дені сау адамдарда да болады...
Үлкендерге қарағанда балаларда фобия жиі кездеседі, олар кішкентай жануарлардан немесе өткір заттардан, судан, өлімнен т.б. қорқады. Кейде жасөспірімде белгілі бір әрекеттің түрінен қорқыныш пайда болады, мысалы, тақта алдында жауап беру, көпшіліктің алдына шығу т.б.
Өсе келе фобия ауыр түрі де кездеседі, мысалы, жұтыну қорқынышы (фагофобия) немесе ес ауысудан үрей. Фобия жақын балалар өте сезімтал болады. Фобия шалдығуға баларды түрлі қорқыту, мектептегі қақтығыс, отбасындағы жағдайлар себепкер болады. Фобия емдеу неврозды емдеумен бірдей. Негізгі орын психотерапияға келеді, аяу тәртібі, жалпы шынықтыратын және жұбататын шаралар. Кейбір кездерде пайдалы: ортаны езгерту, санаториялық жағдайда болу және арнайы депрессантық дәрілерді ішу (андаксин, аминазин т.б.)[7].
Фобиялар (гр. phobos — қорқыныш) — субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды. Фобиялардың: мозофобиялар (аурудан қорқу — канцерофобиялар, кардиофобия және т.б), сотцо-фобиялар (жұрт алдында сөйлеуден қорқу, қызарып кетуден қорқу және т.б), кеңістіктен қорқу (клаустрофобия — жабық үй-жайда болудан қорқу, агарофобия — ашық кеңістіктен қорқу) және т.б. түрлері бар. Егер емделуші өз қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тұрғыдан анық ұғынбайтын болса, онда мұның өзі көбіне фобиялар емес, патологиялық күмәндар (қауіптенулер), сандырақ болып шығады [8]. Фобиялардың жүріс-тұрыста белгілі бір көріністерінен болады, олардың мақсаты — фобия затына жоламау не ырымдар жасап қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім, жан-дүниесі енжар, вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда көбірек байқалады. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан көбіне арылтуға болады.
Қорыта келе, ең қауіптісі – қорқыныштан шыға алмау, оған сіздің ойларыңыз бен әрекетіңізді жаулап алуға мүмкіндік беру. Осыны болдырмау қажет. Сіз қорқатын дүние міндетті түрде орындалады деген факті жоқ. Сондықтан қандай жағдай болмасын өзіңіздің қай бағытқа қарай жылжып бара жатқаныңыз туралы ойланыңыз. Тек жақсылық туралы ойлауға тырыссаңыз ақырында бақытты боласыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000
2. Обухова Л.Ф Возрастная психология. - М., 1999.
3. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. - СПб., 2000.
4. Молдағалиев Б.А, Л.М.Маденова, Қ.Р.Қажымова «Психологиялық және педагогикалық сөздік» Алматы 2011
5. Астапов В.М. Тревога и тревожность СПБ: Питер 2001
6. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
7. Захаров А.И. Дневные и ночные страхи у детей «Издательство СОЮЗ» Сантк-петербург 2000
8. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Достарыңызбен бөлісу: |