1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет121/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
114 
арқылы кісінің сезіміне қозғау салады. Біз бұдан ақын лирикасындағы табиғат пен адам 
арасындағы үзілмес сабақтастықты жырлағанын көреміз. 
Қазақ лирикалық поэзиясындағы ізденістер мен жетістіктерді сөз етер болсақ, 
алдымен тіл мен бейнелілік мәселесіне назар аударуымыз заңды. Поэтикалық ойлау 
жүйесіндегі қалыптасқан дәстүрлі суреттемелердің жаңа, соны көркемдікпен баюы 
жекелеген ақын шығармашылығындағы ізденістермен тікелей байланысты.
Бірсін –бірсін сөнеді анау алып Күн, 
Томашадай қасқалдақтың көзінде... [3, 57 б.] 
Есенғали Раушанов өлеңдеріне кең тыныс, сөзден жаңылмас шешендік, шалқыған 
бейнелі сурет тән. Қарапайым құбылысты көркемдік талапқа сай өндендіре, құбылта жырлау 
қаншалықты шеберлікті қажет ететінін айтпасақ та түсінікті. Бұл жерде ақынның өзіндік
дара стилін, өзіне ғана тән ақындық шеберлігін баса айтқан жөн. Күннің ұясына кіру сәтін 
тікелей сол күн арқылы емес, «томашадай қасқалдақ» арқылы көрсетудің мәні қаналықты 
терең екенін сезінген абзал.
«Қазіргі қазақ поэзиясында көркемдік бейнелеу құралдарының қолданылуының 
ерекшеліктері көп: түрлі бейнелеу әдістері мен көркемдік құралдарының бір туындыда 
араласа, қабыса қолданылуы, қазіргі теңеулердің интеллектуалдық ақпарат жүктеген күрделі, 
мазмұнды сипатқа ие екендігі; жансыз және тілсіз нәрселерге жан, тіл бітіре кейіптеу әдісінің 
жаңа тәсілдерінің пайда болуы және т.с.с. Бұл орайда аталмыш ақындар өлеңдерінде 
поэтикалық тілі өзіндік ерекшеліктерімен мәнді» [4,7 б.],-деген пікірмен біз де келісеміз. 
Аталмыш ақындар дала тұрмысына, тыныс тіршілігіне барынша қанық. Өлеңдерінің 
қай-қайсысында болмасын қазақы іс-әрекет, қазақы бейне танылып отырады. Мұның өзі 
ақынның дала сырына терең үңіліп, оны өз шығармашылығына шеберлікпен астастыра 
білгенін таныта түседі. Дала, тау бейнелері де ұлттық болмыс пен рухты, тыныс-тіршілікті 
танытатын символдық сипатымен көрінеді. Олар - ұлттық танымын еуропалық үлгімен 
көмкере білген шығармашылық иелері.
Ұлықбек Есдәулеттің де «Киіз кітапқа» енген өлеңдерінің ешбірі аударуға келмейтін 
ұлттымыздың исі бұрқырап тұратын саф алтындай жақұт жырлар. 
Қай өлеңінде болмасын, ақынның өзінің бейнесі, ойы, сезімі арқылы ұлттық мінез бен 
болмыс танылады. Қарапайым жолдарға мол сыр ұялатып, оқырманын ғажайып сезім 
әлеміне жетелей жөнелетін ақын өлеңдеріндегі ұлттық бояу,ұлттық характер өзіміз талдау 
нысанына алған туындыларындағы адамның ішкі әлеміне үңілгенде барынша айқындала 
түседі. Сондай-ақ, ақынның көркем ойлау, көркем бейнелеу – көркем образдар жүйесінің 
белгілі бір шығармашылық мақсатқа құрылуы, сол арқылы жүзеге асуы, ұлттық топырақтан 
тамыр тартып, жалпы адамзаттық нысанға көтерілген әлемдік поэзиядағы ағымдар мен 
бағыттардың ықпалы арқылы ұлттық бейнелеу нақыштарымен ұштаса алған. 
Ұлықбек Есдәулеттің «Таулық мінез» деп аталатын өлеңінен қазақтың ұлттық 
болмысы айқын көрінеді. Тау бейнесі биіктік ұғымының символы болса,онда өлең өнерімізде 
ұлттық мінез туралы айтылып, жырланып жатқаны болып табылады. Биіктікті жырлау, 
биіктікке ұмтылуды жырлау, олай болса адамзатты сұлулыққа, еркелікке тәрбиелеу. Ал, 
тәрбие, тағылым ұғымдары әр уақытта мінезбен байлансты.
Қорқасың мен жүзетін долы өзеннен, 
Сенбесең бір қарашы терезеңнен. 
Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па, 
Ал менің жақын досым сол ежелден. 
Сен болсың тауға тұңғыш келген адам, 
Қой деймін, мерт боларсың ерме маған [5, 54 б]. 
Таулық мінездің бәрімізде бар болғаны, таулық сипат-биіктіктің поэзиямыздың 
парасаты мен мәдениетін көрсететін қандай ақиқат болса, лирикалық кейіпкердің өз бейнесін 
таумен байланыстырып жасауында, сомдауы мен тұлғалауында мінез ерекшелігі-биіктіктің, 
осыдан туындайтын өрлік пен ерліктің, тәкаппарлықтың,асқақтық пен алуандықтың, 
сұлулық пен әдеміліктің өлең өнерімізде өріліп жататыны да сондай шындық. Талантты ақын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет