1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет124/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   176
Байланысты:
2-2018

ӘОЖ 001.894.342 
І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНДАҒЫ АҚЫН ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ 
ЖӘНЕ КӨРКЕМДІГІ 
Орынбасарқызы Т., Жанбершиева Ұ.Н. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., 
t_orynbasar@mail.ru 
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – ақындыққа, жүйріктікке, сұлулыққа қадалған 
көздер, сілтеген суық қару, оларға қарсы айтылған кекті жүректі байқататын поэма. Поэмада 
Құлагерге қастандық жасалып, мерт болуын «Бай-бай, Құлагерім!» деген бөлімде суреттейді. 
Ілияс Сағынай асына келген Ақанды оның тұлпары Құлагерді ескі заманның салмағы 
езгенін, жүйрік аттың Ақан өміріндегі орнын көрсете білген.


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
117 
Қазақ әдебиетінде жүйрік атты жерлеп, адамша жоқтаған үш шығарманы білемін. Оның 
бірі Ақанның Құлагерді жоқтауын І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасында жазды. Екіншісі – Ұлы 
Отан соғысы кезіндегі оқиғаға құрылған. Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» повесі, үшіншісі – 
Д.Рамазановтың «Жылқының көзжасы» шығармасындағы Абыралының аты. Бұл шығармалар 
арқылы қаламгерлер аттың өміріндегі орнын өмірмен байланысты білдіреді.
І.Жансүгіров поэманың «Бай-бай, Құлагерім!» атты бөлімінде жүйрік атты Ақанның 
жоқтауын берген деп түсіндім. Қазақ салтында кісі өлімінде айтылатын мұң-шер өлеңдерді 
жоқтау дейміз. Ал Құлагерді Ақанның жоқтауы нені білдіреді, ол өз алдына бір мәселе десек 
болады.
Біздіңше, атына қосылып жоғалып бара жатқан жастығын жоқтаған сияқты. Құлагердің
мерт болуы Ақаннның жасы ұлғайып, мұқай бастаған тұсында болған оқиға деп білеміз.
Ілияс поэмада:
Не болды, бай-бай, саған, Құлагерім?!
Суалдың сорлы иеңнің бұлағы едің.
Тірегі көңілімнің бәйтерегім,
Бұл жерге қалайынша құлап едің?! –
дейтін зарлы екпіндер, сөз жоқ, ақынның мұңды ойынан хабар бергендей. Бұл жолдарды 
күрсінбей оқу мүмкін емес.
Поэмада Ақанның зары, қайғысы, кекті жүрегінің арпалысы, жан айқайы бәрін-бәрін 
Ілияс толық сыйғызып бере алған. Ақан атынан айтылған ат сипаты, ойбайлап жылап, 
жұбатқанға басылмауы, өксігі бәрі шынайы суреттелген. Заман Ақанды еркелетіп қана қойған 
жоқ, ауыр салмақпен езіп басқаны да көрініп тұр. Құлагер өлімі – Ақанның өнерінің күрт 
құлауы. Асқақ арманының үзілуі деп ұқтым. Сондықтан Ақан өмірінің өксікті тұсы, өкінші зор, 
тәлкегі мол тірлік, қатал қасіретті кезеңі Құлагер өлімімен байланысты екенін І.Жансүгіров 
осылай бере алған.
І.Жансүгіров Ақан сері заманында мәрт жүйріктің белгісіне айналып кеткен Құлагер 
қазасы адам жанын қынжылтып, әсершіл көңілін зарға ұрындырған қасірет болғанын айтқан. 
Зорлықшыл күштің қызғаныш- күншілдік құрбаны болған тұлпар өлімі Ақан жанына жара 
салған. «Бай-бай, Құлагерім!» деген сай-сүйегіңді сырқыратып, ет жүректі егілтер жолдарда 
бүкіл қазақтың мұңы мен ақын шері жатыр. Өктемдікке қарғыс айтқан ел үні, опасыздыққа 
лағнет айтқан Ақанның кекті айғайы – жан ашуы байқалып тұр.
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,
Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті,- 
деп қайғы-налаға, шерменде болған Ақанның мұңлы үнін берген.
Біздіңше, бұл поэмада Ілияс Жансүгіров Ақан өміріндегі Құлагердің орнын өлең 
жолдары арқылы көрсете білген.
Қаралы, жаралы сезімді көрсететін бұл жолдар Ақан өмірінің өзекті тұсы десек те 
болады.
Ілияс поэмада Ақан серінің атының өлімімен бірге өз басындағы халді өте шебер бере 
білген. 
Көргенде ол мынадай сұмдық істі,
Үстіне Құлагердің құлап түсті.
Білмеді не болғанын айрылды естен,
Аймалап Құлагердің басын құшты, -
дейді. 
А.Жұбанов: «Бұл мал ашуы емес, жан ашуы. Өйткені Ақан Құлагерді жаным деп қараған. 
Сондықтан бұл жүрегі бар адамның бәрінің де жібін қозғайды», - дегендей, алысып-арпалысып 
келген Ақанға ат та табылар еді, бірақ ешнәрсені керек етпеді. Серіліктен кәрілікке ауысқан ол 
үлкен соққыдан шаршаған секілді. Оның қатты-қатты өсуі бұрынғы екпіннен тоқтағаны тәрізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет