1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет127/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   176
Байланысты:
2-2018

 
 
 


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
120 
ӘОЖ 81.1. 
 
СӘКЕН МЕН МҰҚАҒАЛИ ПОЭЗИЯСЫННЫҢ КӨРКЕМДІГІ 
 
Оспанова Г.К., Туякбаева Ж.Б., Қадыров Ж.Т. 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қ., 
zhkadyrov_777@mail.ru 
Қазақ халқының эпостық жырларында атқа тіл бітіріп, адамша ойлап, сезінетін етіп 
көрсету кездеседі. Орыс әдебиетінде мысал өлеңдерде түлкі, қоян т. б. аңдар адам кейпіне 
түсіріліп, адам істейтін әрекетті істеп жүреді. Мұндай жағдай қазақтың ертегі-аңыздарында 
өте жиі кездеседі.
Жазбаша шығармаларда кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Егер ауыз 
әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстанушылық тән болса, жаңа жазба 
әдебиетінде бұл тәсіл өзгеше сипат алады.
Сәкен мен Мұқағали поэзиясында да осындай айшықтау амалы жаңаша, әр ақынның 
өзіне ған тән лексикалық мағынасында қолданылып, семантикалық жағынан қарастырғанда 
тың зерттеулерге жол ашады.
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының алғашқы шумағын қарастырайық: 
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. 
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. 
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын [1, 39 б]. 
Ақын туған жерінің табиғатын айрықша шабытпен суреттеп, сол шабыт арқылы туған 
өлкесін кербез сұлуға балап, сол сұлудың жан-жағында әлдем шыр айналып, тіпті жауын 
әдейі кеп бетін жуып, ал бұлттар аман-саулығын біліп кететін шебер сипаттаған. Тура 
мағынасында жазылған болса, әдемі Көкшетау өлкесіне жауын көп жауып, аспанында 
бұлттар көше береді деген сияқты болар еді. Ауыспалы мағыналы сөздер арқылы шығармаға 
ерекше жан бітіп, ертегінің тылысым құпия әлеміне енгендей боласыз.
Көк аспанға жан бітіріп сипаттауды өз поэзиясында қолданған тағы бір ақынымыз – 
Мұқағали: 
Ауыл түні бозғыл, торғын, мақпалдай, 
Аспан жерге таңырқап тұр ақ маңдай. 
Бібіріне ғашық екі дүние 
Сырласа алмай, мұңдаса алмай жатқандай, - деп, бұл өлеңде де аспанның жерге 
ғашықтығын, ерекше ілтипатын суреттеп, бұл екі дүниенің мәңгілік ғашықтардай бірге 
екендігін айта кеткен [2, 37 б]. Мұнда да көк аспанға жасалған кейіптеу іс-қимыл арқылы 
беріліп, тірі жанның әрекетін суреттейтін етістіктер арқылы берілген.
Сонымен қатар Мұқағали лирикасындағы кейіптеуге тоқтала кеткенде, таң менен 
түнді бір-бірімен шендестіріп, өз қаламына ған тән кейіптеудің кереметін байқаймыз: 
Қайырлы түн, тыныштық! 
Қайырлы түн, тіршілік! 
...Арқалап ап ырыс-құт, 
Келеді әне күн шығып, 
Қайырлы таң, Тыныштық! 
Қайырлы таң, Тіршілік! – деп, таң нұрына боялған жер бетінің тыныштығын 
суреттейді [2, 42 б]. Жай ғана сурететмейді, таң атқанда «орманым да шуламай, ақ басты 
тауларым да жыламай ұйқысынан оянса, шашу болып жұлдыздарың шашылды, айың келіп, 
ақ мойынға асылды» деп әдемі кейіптеулермен келтірген [2, 43 б].
Тағы бір айшықтау амалы шендестіру қолданылып, көз алдымызға үшінші бір әдемі 
«тыныштық» деп аталатын суретті ұсынады. Яғни, антитезаның әдемі үлгісі берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет