1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет128/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
121 
Ақиық ақын өмірінің соңғы кездерінде ауру меңдеп, жаны қиналғанда да таң мен 
түннің құпиясын трагедиялық ахуалда суреттеуге арналған. «Көрдің бе, таң мен түннің 
соғысқанын?» деп сұрақ қоя отырып, «мен көрдім, бірақ болыспадым» деп өзі жауап береді 
[2, 61 б]. Лирикалық кейіпкер:
Түн деген - шашын жайған албасты екен, 
Апыр-ай, таң кешігіп қалмас па екен? – деп дегбірсізденеді [2, 61 б]. өйткені 
қараңғылықты үрейдің, өлімнің нышаны етіп суреттесе, таң – үміттің, жақсылықтың 
нышаны: 
Жарық жеңді-ау, әйтеуір алаулатып, 
Түнді асырды батысқа талауратып. 
Қолына алып пышақты сан мың найза, 
Жауынгер-Күн келеді жалаулатып [2, 61 б]! 
Өмірі тағы бір күнге ұзарып, ақын үміті тағы бір күнге жалғанды. 
«Несіне асығады?» деген өлеңінде де түннің кейіптеуін тағы да қолданған: 
Тоқтай тұршы, қуатым-ай! 
Қызарып соңғы сәуле шашырады. 
Күн түйе алмай барады шашын әлі [2, 37 б]. 
Түн – дамыл, күн – өмір ретінде берілген. Ақын жаны өмірдің тәтті елесіне елігіп: 
Күміс қанат бір құсқа мініп алып, 
Кетсем бе екен артынан күнді қуып, - дейді [2, 32 б]. 
Солай бола тұрса да, қар түнді ылғи кінәлаудан аулақ. «Қар ақ болса да қол 
тоңдырады, Жер қара болса да қарын тойдырыды» демекші, қара түннің қасиетін былай 
жеткізеді: 
Қарасыз, сірә, мен мүлде, 
Аппақтың нарқын сезбеспін. 
Қап-қара көзді бір қыз бар, 
Қашпаңдар қара бояудан. 
Аспанда жарық жұлдыздар 
Қап-қара түннен оянған [2, 45 б]. 
Мұнда ақын оянған есімшесін ауыспалы мағынада қолдану арқылы жұлдыздарға жан 
бітіріп, ақындық шеберлігі арқылы оқырманды тағы да бір рет тәнті еткен.
Жоғарыдағы өлең жолдарынан аңғаратынымыз: Мұқағалидың барлық дерлік 
кейіптеулерінде жансыз құбылысқа жан беру кезінде іс-қимыл қолданылып, осы шақ 
етістіктері арқылы айшықтау амалы жасалған болатын. 
Сәкен басқа да табиғат құбылыстарына жан бітіріп, сипаттаған: 
Асау жел саулап жаттап кетті сарнап, 
Аралап Сарыарқаны кезіп – шарлап. 
Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп. 
Кім білсе желдің тілін соған арнап [1, 8 б]. 
Жоғарыдағы өлең жолдарында желге асау деген адам мінез-құлқына тән сын есім 
қолданылып, бұл жерде қарапайым анықтаушы сөз деңгейінен эпитет деңгейіне көтерілген 
де, тағы да матасу арқылы байланысқан желдің тілі тіркесі арқылы жан бітірілген. Сонымен 
қатар жоғарыдағы өлеңдерде Мұқағали және Сәкен қолданған адамға тән іс-қимылды 
білдіретін етістікті қолданып айшықтау амалын жасау арқылы қолданылған.
Сәкеннің «Келіншек ойы» өлеңіне тоқтала кетсек: 
Ұшан-теңіз қалың қар –
Жерді басып жабады, 
Шұнақ аяз жалаңдап
Екі санын сабады. 
Мұздай демі бет қарып, 
Аяз аузын ашады – деп, аязды шатынайды, қылшылдайды, екі санын сабады 
етістіктері арқылы адами қасиетттерге бөлеп суреттеген [1, 23 б]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет