1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет140/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
133 
Мынау кім жатқан әлеумет,// Жас қабірді жамылып 
Мұнша ардақты кім еді// Тұрсыңдар бәрің жабығып 
Бусанып жатқан жас қабір// Иесін бұның айтайын 
Мақсұтты ұлттың жолына// Туын ұстап қолына, 
Жас өмірін пида еткен// Жар-жолдасын күйзелткен 
Алаштың адал баласы//Армансыз өлген данасы 
Жүректен жалғыз оқ тиген// Жаза баспай дөп тиген 
Алаштың бұл құрбаны// Аяулы жолдас, Қазы жас 
Қош бауырым, жолдасым!// Армансыз сенің өз басың 
Қабыл болып құрбаны// Алашты Құдай оңдасын![3] деп жырлады.
Ақын отаршылдардың тәуелсіздікті оңай бере қоймайтындығын, бақытын бағалай 
білген қазаққа тәуелсіздік ұлы ұғым болғандығын түйсіндіреді. Барды бағалай білген жас 
ұрпаққа ұлы мұрат жолында ұлылыққа жету оңай емес екендігін ақын зор тебіреніспен 
жырлаған. Аты шулы оқиға жиырмадан енді асқан Қазының отбасына, ел-жұртына қаншама 
қасірет әкелді. Бірақ та оның өлімі кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі болып қалды.
Кешегі 1986 жылғы қанды қырғын есімізде. Тәуелсіздігіміз жолында қаншама 
боздақтарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын жазықсыз қуғындалды, 
сотталды, түрмеде қандыбалақ жауыздардың қолынан мерт болды. Өз балаларын жерлеп, 
арулап қоймақ, жоқтау түгіл, іздеуге тыйым салынды. Қанды оқиғаның атын естігенде халық 
шошып оянатын халге жетті. Әрине, бүгінгі жастарымыз осы тәуелсіздікке қалай 
жеткенімізді, «Желтоқсан- саяси бағасын ала алмаған ұлттық қозғалыс», «бұл тарихи оқиға» 
деп айтылып жүрген көтерілістің неден басталғанын, нәтижесінде не өзгеріс болғанын
білуге тиіс. Қазақстанды басқаруға келген Колбиннің бірінші хатшы болып сайлануына 
наразылық білдіріп, шеруге шыққан аңғал қазақ жастарын аяусыз, айуандықпен жаншыған 
қызыл империяның қырғыны әлі күнге көз көргендердің көз алдында. Тек қарғыс пен 
лағынеттен басқа айтар сөз жоқ. Желтоқсанда Қазақ автономиясы Қазақ Кеңестік 
Социалистік Республикасына айналды. Толықтай тәуелсіз болмаса да, көрші Түркімен, 
Қырғыз, Өзбек және одақ құрамына енген өзге де республикалармен иық тірестіріп тең 
тұрды. Тәуелсіздіктің жолында шейіт болғандардың соңғы өкілдері -1986 жылғы Желтоқсан 
көтерілісіне қатысқан қазақ жастары болатын. Намыс оты жаныған жастар Қайрат 
Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамбетжанова өздері мерт 
болғанымен, олар көтерген жалауларын ешкім құлата алған жоқ.
ХХ ғасырдың басы мен соңғы ширегіндегі азаттық үшін күрескен құрбандарды еске 
ала отырып, олардың ерлік істері тарихи оқиғалар еншісіне тиген, талай жүректерге от 
лаулатқан халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар еншісіне тиген, қазақ тағдырындағы 
маңызды шешімдерді, сындарлы қадамдарды, ұлы оқиғаларды еншілеген тарихи сәттердің 
сабақтастығы деп білеміз.
Қорыта айтқанда, Тәуелсіздік –сан буын бабалардың қасиетті жерлерін қорғау үшін 
төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өлшемі. Намысын көкпар қылып,, Арманын шоқпар 
қылған әрбір жас буынның жүрегіне Отан-анаға деген сүйіспеншілікті арттыратын қазақ деп 
аталатын ұл мен қызының ерлігі. «Тұңғыш құрбан» - кеңес өкіметі жандайшаптарының
қазақ 
жастарын қынадай қырғанын боямасыз көрсеткен, Тәуелсіздік толғауы ұрпақ жадында 
жаңғырып, тәуелсіз рухы әр қазақтың жүрегінде тербеле берсін деген ниеттен туған, тарихи 
мәні күн өткен сайын арта беретін Майлиннің мақаласы болып қала бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет