«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
131
ӘОЖ 894.342.950(574)
Б.МАЙЛИННІҢ «ТҰҢҒЫШ ҚҰРБАН» МАҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ
РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЛЫҚТАЛУЫ
Рысмахан А., Айтбаева А.Е
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
Тәуелсіздік –сан буын бабалардың қасиетті жерлерін қорғау үшін төгілген өлшеусіз
қаны мен терінің өлшемі. Намысын көкпар қылып,, Арманын шоқпар қылған әрбір жас
буынның жүрегіне Отан-анаға деген сүйіспеншілікті арттыратын қазақ деп аталатын ұл
мен қызының ерлігі. Толғауы терең тәуелсіздікке қол жеткізу жолында Алаш
қайраткерлерінің үлесі мол болатын.
.
Ұлт мүддесін қорғаған ардақтыларымыз Ә.Бөкейхан,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Садуақасов, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің
еңбектері қызметкер тұлғаны емес, қайраткер тұлғаны қалыптастырғаны дәлелдеуді
қажет етпейді.
Кілттік сөздер:
ата-бабаларымыз
,
қайраткер тұлға, қаны мен тер, Алашорда
үкіметі.
Тарих қойнауына тереңдеп, өткен ғасырларға көз жүгіртсек, ата-бабаларымыз
армандаған тәуелсіздік жолындағы тар жол тайғақ кешуге толы тағдырларды байқаймыз.
Толғауы терең тәуелсіздікке қол жеткізу жолында Алаш қайраткерлерінің үлесі мол болатын.
1917 жылғы желтоқсанның 3-5 аралығында алаш ұлдары, ұлтымыздың жоғын жоқтап, заман
ағымын дұрыс болжай білген қазақ зиялылары елдікті ұран етіп, Орынбор қаласында
қазақтың алғашқы Алашорда үкіметін құрды. Осы алғашқы үкіметтің ғұмыры қысқа болса да
мыңдаған адамдардың санасына ой салды, болашақ тәуелсіздіктің негізін қалады. Кейін
большевиктер бұл мемлекетті құлатқанымен, оның халық мүддесіне негізделген
ұстанымдарымен келісуге мәжбүр болды. Бұл қатпары қалың тарихтың қойнауында жатқан
деректің бірі ғана. Ал, топтап айтқанда сонау ақтабан шұбырынды жылдардан басталған ел
басына қауіп төнген ауыр кезеңдерден бастап «Елім-айлаған», орыс отаршылдығына қарсы
жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, ХХ ғасыр басындағы зиялыларымыздың тәуелсіздікке
деген ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер,
қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі және 90-жылдардың басындағы қызыл империяға
қарсы ұлт республикаларының саяси күресі- осылардың бәрі ғасырларға созылған
отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткен баспалдақтар еді.
ХХ ғасыр басындағы Алаш ардақтыларының тәуелсіздікке, ұлттық мүддені қорғай
білуге, салтымыз мен дәстүрімізді сақтап қалуға деген ұмтылысы олардың публицистикалық
мақалаларында ерекше көрініс тапты. Ұлт мүддесін қорғаған ардақтыларымыз Ә.Бөкейхан,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Садуақасов, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің
еңбектері қызметкер тұлғаны емес, қайраткер тұлғаны қалыптастырғаны дәлелдеуді қажет
етпейді. С.Мұқанов: «20-30 жылдардағы әдебиетіміздің бар саласында, журналистикада,
баспа жұмысы дамуында Бейімбет басты роль атқарды. Иә, Б.Майлин белсенді қоғам
қайраткері бола білді. Алып та асқаралы талант иесі. Жайсаң да жұмбақ суреткер.Туған
әдебиетімізде М.Әуезовпен қатар тұрған құбылыс» [1.,85] деп оның шығармашылығына
жоғары баға берсе, шынында да ол ұшқыр ойлы публицист ретінде артына жүзден астам
очерк, алпыстан аса фельетон, елуден тарта мақала жазып қалдырған. Бейімбеттанушы
ғалымдарымыз Т.Нұртазиннің, С.Ордалиевтің, Т.Бейісқұловтардың зерттеулеріне сүйенсек:
«Б.Майлин жалынды да, жігерлі журналист, ұшқыр да үздік публицист»[2.,65]. Б.Майлин
әрбір мақаласында ұлт мүддесін ұлықтады. Соның бірі Б.Майлиннің 1918 жылы наурызда
«Сарыарқа» газетінде жарияланған «Тұңғыш құрбан» мақаласы. Мақалада жалпы қазақ-
қырғыз сиезінің қаулысы негізінде Семейде атты-жаяу милиция құрылғандығы сөз болады.
Атқа мініп атойлаған, жаттығу жұмыстарын жасап жүрген , Ж.Аймауытов сөзін жазған «Ғаскер
|