1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет157/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   176
Байланысты:
2-2018

Ключевые слова
:
Казахстан, наука, инновации, новое, образование, школа, 
технология, образование, преподаватель. 
In the article the questions of the vocational training, preparation, retraining and in-plant 
training are examined in all kinds and levels of educational establishments, subject and branch 
domains, including the questions of management and organization of educational educator process, 
prognostication and determination of structure of training of personnels taking into account the 
necessities of personality and labour-market, society and state, and also meaningful results and 
achievements of fundamental and applied researches in area of pedagogics and innovative 
technologies. 
«Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп- 
өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші 
мыңжылдықта жүзеге асыруы міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай 
жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар 
даярлау қажеттігін алға тартады. 
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылымитаным әдіснамасы 
өте зор маңызға ие. Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту» күн өткен сайын 
күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты 
таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше «мұғалімге жаңа технологияны 
ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесін өз 
жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс: 
— озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық 
технологияны ұтымды енгізу және оларды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту; 
— білімін жетілдіру негізінде студенттің жеке тұлға болуына ықпал ету; 
— студенттердің маңызды мәселелерді өздері талдап қорытындылауына жол ашу; 
— студент өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, диалектикалық, ойлауын 
дамыту және бүгінгі көзқрастың қалыптасуына негіз салу, т.б. 
Қазіргі оқыту жүйесіндегі басты қарама- қайшылықтың бірі өмірдегі білімнің, 
жаңалықтың тұрақты молаюы мен оның индивидтің қабылдау мүмкіншілігінің шектеулігі 
арасында болып отыр. Бұл соңғы уақыттарға дейін білімділіктің идеалы болып келген жан-
жақты дамыған тұлға тәрбиелеуден бас тартуға әкеледі. Педагогикалық теория енді адамның 
өзін- өзі мүмкін деңгейге дейін дамытуға көмектесетін оның қарым-қабілеттерін жетілдіруді 
мақсат етуде. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға 
және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет