1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет165/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
157 
шыққан «Жол аузында», «Шоқпардың шоқтығында», «Төрт жолдың торабы» деген 
очерктерінде І. Жансүгіров бүкіл халықтық құрылыстың барысын, жапан түзге желі тартқан 
болат жолдың қиыншылықтарын, Түрксиб құрылысының ерлерін суреттейді. 
Әйтсе де, Ілиястың очеркпен көбірек қалам сілтеген дәуірі-отызыншы жылдар. Осы тұста 
сөз зергері газет, журнал тапсырмасымен өнеркәсіп орындарынан, колхоз, совхоздардан 
бірталай очерк берді. 1931-1934 жылдары оның қаламынан «Октябрьдің «Октябрі»», «Сталин 
колхозы», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн 
ішінде», «Қоян-құс» деген очерктер туды. Бұлардың бәрінің түп қазығы─колхоздастыру 
кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар
социалистік жарыс. 
Мәселен, «Октябрьдің «Октябрі» очеркі – Ертіс өңіріндегі жаңадан қоныс тепкен бір 
совхоздың қарбалас күндерінен елес. Жазушының суреттеуінде дала – бейне бір еңбек майданы. 
Қаптаған техника – тракторлар мен комбайндар. Қырдың қыртысы қопарылып, айнала егін 
теңізі болып кеткен. Кешегі құла тұз – бүгін көшесінде автомобилі жүйткіген, телеграф 
бағаналары тізілген. Бұл – дүлей табиғатты бағындырған совет адамдарының қаһармандық 
қимылының жемісі, социализмнің құдіретті күші. Міне, осы көріністерді Ілияс публицистика 
тілімен сөйлетеді. 
Жазушының «Жарыс», «Төменнен толқын» деген очерктері Екібастұз көмір кені Риддер 
шахталарындағы социалистік жарысты, жұмысшылардың олқылықты жою жолындағы күресін, 
шаруашылыққа жанашырлық сезімін өзек еткен әкелі-балалы екі шахтердің (Жауатар мен оның 
баласы Рахымжан) өзара социалистік жарысын көрсету арқылы Ілияс шахта өмірінің сырын 
шертеді. 
Ал «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде» деген очерктерінде Ілияс 
шығарма желісін бір күннің оқиғаларына құрып, адам мінездерін аша түседі. Бұларда 
кейіпкерлердің бейнесі өзіндік кескін-келбетімен, мінезімен оқшау. Алғашқы екі очерк 
Қаскелең ауданының «Еңбекші талап» колхозынан жазылған. Бұл – ертерек ұйымдасқан
шаруашылығы өрге басқан колхоз еді. Міне, осы колхоздың бірде озат бригадасын, бірде 
екпінді соқашыларын, олардың ізгі мақсат – мүдделерін жан сүйінер жақсы істерін үлгілі 
комсомолецтердің, Бәтіш, Мәскуре сияқты еңбек екпінділерінің бейнесін жасайды. 
Ілиястың «Бір күн ішінде» очеркі де тәуір. Ең алдымен оның тілі көркем
композициясы ширақ, сондықтан оны оқу жеңіл. Мұнда отызыншы жылдардың басындағы 
ауыл өмірінің суреті табиғи. Адамдардың портретін де, пейзажды да автор жақсы береді. 
Очерктегі басты тұлға – Маров. Ол – МТС – тің саяси бөлімінің бастығы. Очеркті оқып 
шыққанда Маровтың байсалды мінезі, іскерлігі жадында қалады. 
Жазушы Маров образы арқылы тәжірибелі білгір басшының тұлғасын мүсіндейді. 
Маров қарауындағы колхоздарды аралауға шыққанда істің байыбына барып, орын алған 
кемшіліктерді тез жою шараларын қарастырады. Ол ауыл азаматтарының көбін таниды, 
олармен сырласып, шешіле сөйлеседі. Мысалы, қырман күзетшісі шалмен, ұсталармен 
әңгімесіндегі қарапайымдылық, қамқоршылық қасиеті Маровтың мәртебесін көтеріп тұр.
«Әдебиет майданы» өзінің 1937 жылғы бірінші санында І.Жансүгіровтің «Қазақстан 
астанасы - Алматы» деген публицистикалық очеркін басады. Онда ғылыми - танымдық, 
тарихи деректер мол. «Алматының жері жақсы», «Алматының тарихынан», «Алматы 1916 
жылы», «Бүлік», «Қала сонда қандай еді?», «Ескі басшылықтың Алматысы», «Қала қалай 
өсіп келді?», «Қаламыз – мәдениет ордасы», «Алматы жолдары», «Үлкен Алматы», «Бақша 
мен курорт», «Одақтас республиканың астанасы» деген тараулар оқушыны астанамыздың 
тарихын, күрес жолын, өсу белестерін, соңғы жетістіктерін білуге бірден қызықтырады. 
Ілияс, әсіресе, Алматының әсем табиғатын суреттеуге ұста. Жазушы Алматының келешегіне 
көз жіберіп, алдағы уақытта оның мәдиниетті үлкен қала болатын айтады. Сол көрегендік 
сөздері бүгінгі өмірде нақты орындалғанын айтпасқа болмайды. Алматы кешегі Ілияс көргендей 
емес, бірақ публицистің «Қаламыз – мәдиниет ордасы» деген бір ауыз сөзі бүгін 68 жыл астана 
болған қалаға лайықты теңеу екені талассыз. «Ілияс Жансугіровтің бір топ очерктері бүгінгі 
күннің еңбек адамдары жайында»-дейді, белгілі Ілияс мұрасын зерттеуші ғалым Мырзабек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет